Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары


Түзете-дамыту процесін ұйымдастыру



бет39/40
Дата07.02.2022
өлшемі173,42 Kb.
#83117
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
@8; 65=85 07
@8; 65=85 07
Түзете-дамыту процесін ұйымдастыру

7. Түзете-дамыта оқытудың мазмұны балалардың жеке мүмкіндіктері мен психофизикалық және сөйлеу тілінің даму ерекшелігіне байланысты Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттердің Үлгілік қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес жасалатын жеке дамыту бағдарламасымен (ЖДБ) анықталады. ЖДБ бала дамуының негізгі салаларын қамтиды: сөйлеу, танымдық, әлеуметтік-эмоционалдық, моторлы және өз-өзіне қызмет көрсету.


ЖДБ құру үшін баланың психофизикалық жағдайын командалық бағалау жүргізіледі. Командалық бағалау – түзету жұмыстарының басым бағыттарын анықтау үшін мамандар командасының баланы кешенді түрде тексеруі болып табылады (дефектологтар: олигофренопедагогтар, сурдопедагогтар, тифлопедагогтар, мұғалім-логопедтер; педагог-психологтар, психологтар, әлеуметтік педагогтар және тағы басқалары).
8. Балаға түзете көмек көрсетудің жеке дамыту бағдарламасы ППТК меңгерушісімен бекітіледі.
9. ППТК – дағы түзете-дамыту процесін ұйымдастыру Оқу жоспарымен, жылдық, күнтізбелік жоспарлармен және сабақ кестесімен реттеледі.
10. ППТК-дағы мүмкіндігі шектеулі балаларға түзете-дамыту тұрғысынан оқытуды ұйымдастырудың формалары: жеке, шағын топтық және топтық сабақтар, кеңес беру сабақтары, қысқа мерзімді топтар.
11. Сабақтың ұзақтығы баланың жасына байланысты және Оқу жоспарына сәйкес өтеді:
1) жеке сабақтар – 35- 45 минут;
2) мектепке дейінгі жастағы кішкентай балаларға арналған топтық сабақтар - 30-35 минут;
3) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған топтық сабақтар– 45 минут.
12. Оқу жоспарына және түзете-білім беру процесін ұйымдастырудың жеке дамыту бағдарламасына сәйкес ППТК-да жеке және топтық сабақтар үшін арнайы жабдықтар мен ғимарат қажет (дефектологтар: олигофренопедагогтар, сурдопедагогтар, тифлопедагогтар, мұғалім-логопедтер кабинеттері, педагог-психолог кабинеті; көру, есту қабілеттері бұзылған балаларға арналған көруді түзету және естуді қабылдау кабинеттері; сенсорлы және жұмсақ бөлмеле, музыкалық ырғақ және тағы басқалары);
13. Балаларды ППТК бағыттау және қабылдау ата-ананың (заңды өкілдері) келісімімен жасалған ПМПК қорытындысы бойынша іске асады. ППТК-ға қабылдау жыл бойы жүргізіледі.
14. Әрекеттің негізгі бағыттары мен мазмұнына байланысты ППТК-дағы штаттық кестеде дефектолог (олигофренопедагог, логопед-мұғалім, сурдопедагог, тифлопедагог), педагог-психолог, әлеуметтік педагог,емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, музыкалық ырғақ педагогы, әдіскер, тәрбиеші, медбике-массаж жасаушы, бухгалтер, тіркеуші, басшы қызметтері қарастырылады.
15. ППТК-да түзеу жұмыстарын арнайы педагогика аумағында жоғары кәсіби білім алған педагогтар немесе арнайы педагогика және психология бойынша қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтар жүзеге асырады.
16. ППТК басқару Қазақстан Республикасы заңнамасына, ППТК Жарғысы мен осы Қағидаларға сәйкес меңгерушімен жүзеге асырылады.

Психологиялық-педагогикалық


түзеу кабинеттері қызметінің
үлгілік қағидаларына
1-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет