Арнайы педагогика ғылым ретінде, оның пәні, обьектісі, мақсаты мен міндеттері


Арнайы білім берудегі педагогикалық жүйелері



бет19/96
Дата01.08.2020
өлшемі424,86 Kb.
#76036
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   96
Байланысты:
Арнайы педагогика
Арнайы педагогика
19. Арнайы білім берудегі педагогикалық жүйелері.

«Дефектілі баланың даму процесі−деп жазады 1929ж. Л.С.Выготский, – екі жақты тұрғыдан әлеуметтік түрде байланысты; ақаудың әлеуметтік таралуы (азқұндылық сезімі дамудың әлеуметтік байланыстылығының бір жағы ал бірқалыпты адами тип жасалуы есебінен туындаған орта жағдайына бейімделуге компенсацияның әлеуметтік бағыттылығы оның екінші жағы болып табылады . Ақаулы және бірқалыпты соңғы мақсаттары мен формаларының жалпылығы кезіндегі дамудың жолдары мен әдістерінің өзіндік саналуан түрлілігі – бұл осы процесстің әлеуметтік байланыстылығының еңсхемалы түрі» мүмкіндігі шектеулі адам, өзге адамдар секілді, өз дамуында әлеуметтік тәжәрибені, әлеуметтануды меңгеруге қоғамдық өмірде араласуға ұмтылады. Алайда ол өтуі тиіс жол, педагогикада жалпы қабылданған жолдан едәуір ерекшеленеді: физикалық және психикалық кемшіліктер даму процесін өзгертеді, қиындатады, бұл кездегі әрбір бүліну өсуші адамның дамуын өзінше өзгеріске ұшыратады.

Сол себепті басты мақсат – дамудағы екіншілік ауытқулардың пайда болуының алдын-алу, олардың білім беру құралымен коррекциялау немесе компенсациялау болып табылады. Бұл бүлінумен, соның салдарынан шектелген спецификалық білім қажеттіліктерін толық қанағаттандыру дегенді білдіреді.

Мәселен, есту қабілетінен айырылған баланың дамуының негативті салдарының алдын-алу үшін ондағы жаңа, бұрын болмаған, білім қажеттіліктерін қанағаттандыру керек: яғни, қалған есту қабілетін дамыту және білім беру, танымдық және коммуникативті жағдайларда осы қалдықты есту қабілетір пайдалануға үйрету; оған сөйлеп тұрған адамның сөзін ерін қимылдары арқылы ұғынуға үйрету; коррекциялық-педагогикалық қуаттандыру және баладағы сөйлеу қабілетінің құлдырауын болдырмау; дыбыссыз кеңістікте ориентация жасауға және жүріп-тұруға дағдылану;

Айта кетерлік бір жайт, мүмкіндіктердің шектеулі таза мөлшерлік фактор болып табылмайды (яғни адам жай нашар естиді, немесе көреді, қозғалуы шектеулі). Бұл тұтастай алғанда тұлғаның интегралды, жүйелік өзгеруі, бұл «басқа» бала, «басқа адам» ол кәдімгіге қарағанда мүлдем басқаша, кез-келген адамның алдына қойылатын білім алу мақсатын шектеуге және шектеуді жеңуге ұмтылушы адамға ұқсамайды. Бұл үшін оған тек ерекше образбен өзінің біліми бағдарламаларын меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар, өзінің өмірлік біліктілігін қалыптастырып, оны дамытуға, кеңістік пен уақытта ориентация жасауды үйренуге; әлеуметтік-тұрмыстық ориентацияны коммуникацияның түрлі формаларында қызымет жасауға, өзінің қоғам ішінде өзін-өзі басқаруына үйренуге, физикалық және әлеуметтік мобилділікке;мүмкіндіктің шектелуіне байланысты қоршаған өмірдегі білім кемшіліктерін толықтыруға қоғамдағы максималды тәуелсіз өмір сүруге, оның ішінде кәсіби өзін-өзі анықтау, әлеуметтік – еңбектің бейімделу, белсенді және оптимистік өмірлік позиция арқылы тәуелсіз өмір сүруді қалыптастыру және дамыту;

Оқыту және тәрбиелеу: келесілерді қамтитын әлеуметтік білім беру жағдайларында жүретін арнаулы білім беру процесінде өзара байланысты және олар бәрәр-бірі толықтырып отырады:

– Қазіргі заманғы арнаулы білім беру бағдарламаларының болуы; (жалпы білім беретін және коррекциялық – дамытушылық).

– Корррекциялық-педагогикалық процесті ерекше ұиымдаструдан арнаулы тәсілдер мен әдістерді пайдалануда көрінетін жеке педагогикалық ұстаным мен әрбір баланың ерекшелігін ескеру;

– өмірлік іскерліктің адекваттық ортасы;

– коррекциялық-педагогикалық процесті арнаулы педагок мамандармен (тифлопедагок,сурдопедагок, олигофренопедагок, логопед) жүргізу және арнаулы психологтармен білім беру процесін психологиялық тұрғыда өткізу;

– медициналық, психологиялық және әлеуметтік қызыметтерді ұсыну;

Мүмкіндіктердің шектелу дәрежесіне және ең алдымен интеллектуалдық мүмкіндіктердің сақталуына, сондай-ақ арнаулы білім беру жағдайын құру сапасы мен дер кезінде жүргізілуіне байланысты,ерекше білімдік қажеттіліктерге ие тұлғалар білім алудың түрлі деңгейін менгеруі мүмкін.Осыған орай, естімейтін, әлсіз еститін, меңіреу, көзі көрмейтін,әлсіз көретін, тірек-қимыл аппаратының функцияларының бүлінуіне ие тұлғалардың,

эмоцианалдық-еркіндік сферасы мен жүріс-тұрысы бұзылған тұлғалардың, сөйлеу қабілеті ауыр бұзылған тұлғалардың бір бөлігі жалпы орта білімді менгеріп қана қоймай, сонымен бірге орташа және жоғарғы кәсіби мамандыққа ие болуға да қабілетті.

Интеллектуалдық қабілеттігі бұзылған тұлғалар элементарлық жалпы білімдік даярлануға және оларға жеке еңбекке баулитын өмір сүруге және қоғамда сәтті бейімделуге мүмкіндік беретін күрделі коммуникативтік процемстермен және интенсиптік интеллектуалдық іскерлікпен байланысы жоқ мамандықты менгеруге қабілетті.

Ақыл-есі кем тұлғалар жеке білімдік бағдарламалар бойынша білім ала отырып, ерекшеліктерге сәйкес оларды орта және әлеуметтік бейімделудің даму бағдарламалардың едәуір мөлшерде меңгеруде (гигиеналық және элементарлық тұрмыстық дәстүрлер, қарапайым еңбектену үрдістері).

Арнаулы білім алудың, оның тәрбиелік және білім беру компоненттерінің құрамы тек дамудағы ерекше ауытқуларға ғана емес, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі өсуші адамның жастық кезеңіне де тәуелді.

Мүмкіндігі шектеулі адамның арнаулы білім алуы – терең индивидуалды және спецификалық процесс, оның көлемі, сапасы және соңғы нәтижелері дамудың ауытқу сипатымен, ағзаның анализаторларының, функциялары мен жүйелерінің сақталуымен; пайда болу уақыты мен бүлінуінің ауырлығымен; баланың және оның отбасының өмірлік іскерлігінің әлеуметтік-мәдени және омәдени жағдайларымен, отбасының арнаулы білім алу процесіне қатысуға құштарлығымен және мүмкіндігімен; қоршаған әлеуметтің; білім алу жүйесінің арнаулы білім берудің барлық талаптарын орындаған және барлық жағдайын жасауға мүмкіндігімен және даярлығымен, баламен және оның отбасымен жұмыс жасайтын педагогтар мен психологтррдың кәсіби біліктілік деңгейімен анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет