Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


Етістіктерден  болған    дара  баяндауыштар



Pdf көрінісі
бет48/133
Дата25.05.2020
өлшемі1,02 Mb.
#71005
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   133
Байланысты:
Қазақ тілінің синтаксисі
Қазақ тілінің синтаксисі, Төлетай Ә
Етістіктерден  болған    дара  баяндауыштар.  Етістіктердің  сөйлемдегі  негізгі 
қызметі-  баяндауыш  болу.  Олардың  баяндауыш  болу  қабілеті  өте  күшті.  Сондықтан 
қазақ  тілі  сөйлемдері  баяндауыштарының  дені-  етістікті  баяндауыштар.  Айттым, 
болды. Кестім,  үзілді!... дегеніндей олар дара күйінде–ақ баяндауыштық қызметте бір 
құрамды тиянақты сөйлем болыпта келеді.    
Етістіктердің  сөйлемдегі  басқа  қызметінен  гөрі  баяндауыш  қызметінде 
жұмсалуынан  олардың  өздеріне  тəн  мағыналық,  грамматикалық  ерекшеліктері  айқын 
көрінеді. Етістіктің сабақты жəне салт болуы сияқты, болымды жəне болымсыз болуы 
да етістік атаулыға ортақ болғандықтан, оның баяндауыш қызметінде жұмсалуында  да 
ерекшелігі  жоқ.  Дегенмен  солар  арқылы  болымды,  болымсыз  сөйлемдер 
жасалатындықтан , олардың  баяндауыш  болуын  ерекше  атау  керек  болады.  Оның 
үстіне  айтпаймын,  жазбаймын  деген  сияқты,  ашық  райлы  болымсыз  етістікті 
баяндауыштың  кейде  айтпан,  жазбан  болып  айтылуында  стильдік  айырмашылық 
болады.  Мысалы:  бір  істі  істеуден  үзілді-кесілді  бас  тартқанда,  айтылған  хабарға 
өктемдік сипат беру керек болғанда, соңғы формалар қолданылады. Бұл көбінесе ауыз 
əдебиетінде  жиі    ұшырасады.Мысалы:  Тəуекелге  келгенде,  алдымда  тау  тұрса  да 
тайынбан. 
Етістіктер райлық, шақтық тұлғаларының барлығында да  баяндауыш бола береді.  
Етістіктер  етіс  тұлғаларында  да  баяндауыш  қызметінде  жұмсалады:  Өнер  білім  бар 
жұрттар, тастан сарай салғызады.  
Көсемше тұлғалы етістіктер дара күйінде құрамлас сөйлемдердің баяндауыштары 
болып келе береді. Бірақ кейбір өлеңде болмаса, жай сөйлемнің тиянақты баяндауышы 
бола алмайды.  
Есімшелердің  баяндауыш  қызметінде  жұмсалуы  басқа  есімдердей: I,  II жақта 
баяндауыштық  жіктік  жалғауда  айтылып,  етістікпен  қиысып  тұрады, III жақта  жіктік 
жалғау жалғанбайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет