Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет67/83
Дата15.03.2023
өлшемі1,83 Mb.
#172607
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   83
Байланысты:
9 2 ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ (1)

SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 
61 
Жалпы, кез келген ұлттың, халықтың тағдыры, басынан өткен тарихи кезеңдері ең 
алдымен сол халықтың әдебиетінде із тастайтыны ақиқат. Қазіргі таңда қазақ әдебиетінің 
әрқилы кезеңдерінде рухани дамуымызға, мәдени өркениетке, ұлттық жан дүниемізге 
өзінің шығармаларымен көптеген үлес қосқан қаламгерлеріміздің бірі – Төлен Әбдік. 
Жазушының шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілуімен, өмірдің мән-
мағынасына философиялық тұрғыда қарауымен, өмірдің қайшылықты құбылыстарының 
күрделі шындығын ашумен ерекшеленеді. Төлен Әбдік шығармашылығының негізгі 
өзегі– пенде мұңы (антиутопия). Жеке басының мұңы емес, ұлттың, келер ұрпақтың мұңы. 
«Abai.kz» сайтында Жалғас Ертайдың «Қазіргі жастар антиутопияны неге 
ұнатады?» атты мақаласы жарияланған. Онда «Жазушылар адамзаттың болашағын әр 
түрлі елестеткен. Антиутопия жанры бойынша, адамзаттың болашағы бұлыңғыр, ал билік 
тиранға айналып, табиғат апатшыл болып кетеді. Ақырзаманның жыршысы» [4],-дейді.
Оған қоса, антиутопия жанрының эталоны саналатын 3 шығарманы атап көрсетеді: 
Евгений Замятиннің "Біз" романы, Олдос Хакслидің "Ғажайып жаңа әлем" романы, 
Джордж Оруэлдың "1984" романы. Соңында антиутопияға мынадай қорытынды жасайды: 
«Антиутопия болашақтың негатив нұсқаларын жазып-жазып, сондайға жеткізбеуді 
көздейтін вакцина сияқты көрінеді» [4]. 
Қорыта айтқанда, әдебиеттегі «утопия» жанрын саралап, мәнін түсініп алып қана 
«антиутопия» жанрын бағалап, мәнін ұға аламыз. Кез келген жазушының утопиясы – 
шынайы өмірде жоқ, мінсіз дүниесі, арманы мен қалауы. Ал, антиутопиясы – автордың өзі 
көрген, көңілі толмаған жағдайлары мен келеңсіздіктер туралы жанайқайы. «Әдебиет – 
заман айнасы» екені рас. Сондықтан, белгілі бір кезең туралы деректерді біз сол кезеңдегі 
көркем шығармалар арқылы біле аламыз. Көркем шығарма авторларының утопиясы мен 
антиутопиясы көптеген тақырыптық мәселелерді қамтиды. Бірақ, солардың қайсысын 
алсақ та, әйтеуір ұлттық рухты, сананы сақтап қалу мәселесі туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет