Ата-аналарға кеңес беру



бет7/7
Дата31.03.2023
өлшемі68,3 Kb.
#173436
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Àòà-àíàëàð?à êå?åñ áåðó
Тәрбие сагаты, рубежка, Әдістемелік нұсқаулар жаңа (3), Д.Жулдыз. Тәуелсіздік, Силлабус русский язык 2 уровень окон.вариант, психогигиена Нұрғиса
Жай топта ылғидағы толық интеграцияның моделі жүзеге асырылады. Бұнда дамуында диагноситкаланған біріншілік кемістігі бар 1-2 бала тәрбиеленеді. Педегог қалыпты балаларды оқыту маманы бола алады. Мұғалім-дефектолог интеграцияланған балаларға мамандандырылған көмек көрсетеді. Сонымен қатар дефектолог болып табылмайтын мұғалімдер мен тәрбиешілерге консультативті көмек көрсетеді.
Арнайы топтарда тек дамуында ауытқуы бар балалар тәрбиеленеді, бұнда әр балаға тиімді және пайдалы интеграция деңгейін таңдауға болады.
Сонымен қатар арнайы топтар мен сыныптарда тәрбиеленетін балалар, серуен кезінде ылғи қалыпты дамудағы құрдастарымен біріктіріледі. Дамуында ауытқу бар балалардың психофизиологиялық және тілдік дамуы жоғарлаған сайын, оған үлкен ұжымға кіруге көбірек мүмкіндіктер беріледі.
Мынаны ерекше айқындап көрсеткен жөн, дамуында кемістігі бар балаларды біріктіріп оқытуда құрамдастырылған мекемелер тиімді, себебі кішігірім елді мекенде де дамуында кемістігі бар балалар үшін қажетті білім беру жағдайларын жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар балалар отбасыларынан алшақтамайды, олардың тәрбиесі мен білім алуы жалпы ағымда (поток) жүзеге асады.
. Интеграциялаудың күрделі мәселесін практикалық шешу, түзету мекемелерінің қызметкерлерімен және дамуында кемістігі бар балалардың ата-аналарының назарына, сонымен қатар бұл басқа жақтың да назарына қатысты – жалпы білім беру мектептерінің оқушылары, олардың ата-аналары және мұғалімдері. [4]
Сондықтан жалпы білім беретін мектепте қалыпты дамыған балалармен мүмкіндігі шектелген балаларды біріктіріп тиімді оқытуды ұйымдастыру оның ыңғайлы әдіс – тәсілдерінің формаларын анықтау көкейкесті мәселе. Мүмкіндігі шектелген балаларды инклюзивті оқыту мәселесіне арналған әдебиеттерді ғылыми теориялық талдау, мектептің іс – тәжірибесін зерделеу бүгінгі таңда мүгедек балаларды жай мектептерде оқытудың мынандай өз шешімін күтетін мәселені анықтауға мүмкіндік жасайды;
- нормативтік құқықтық базасының жетілмеуі;
- мектепте инклюзивті оқытудың оқу - әдістемелік базасының жетілмеуі;
- мектеп мұғалімінің арнайы білімінің болмауы;
- қалыпты оқушылардың немесе ұжымның мүмкіндігі шектелген балаларды қабылдауы;
- оқушылардың ата – аналарының инклюзивті оқытуға теріс қатынасы;
Елімізде нормативті-құқықтық және ерекше балаларға білім беру аспектілері толығымен меңгеріліп болмаған, сонымен қатар бұл балалардың білім алу құқықтары анықталмаған. Арнайы білімді қажет ететін балаларға интегративті білім берудің әлеуметтік-құқықтық механизм идеясы соңғы жылдары ғана жүзеге асырылып жатыр. Арнайы педагогика және арнайы психология облыстарында білікті мамандар жетіспейді, кейбір білім беруді басқару органдары мен білім беру мекемелерінде дефектолог мамандарының ставкаларының саны қарастырылмаған. Жалпы мектептердің психологтары мен мұғалімдері мүмкіндіктері шектеулі балалардың олардың білім алу қажеттіліктеріне білікті көмек көрсете алмайды. Мұғалімдерді ЖОО- ның дайындық арнайы психологиямен педагогика білім алуды көздемейді. Нәтижесінде балалар оқытудың бірінші сатысынан ақ қиыншылықтарға тап болады. Мұғалімдер бұл қиыншылықтарды субъективті талдап дамуындағы кемістіктерін күрделендіреді. Мұндай интеграцияның салдарынан балалар жалпы білім беру процесі жағымсыз көрініске ие болады. Алайда отандық жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқытудың өзектілігіне қарамастан мектеп іс – тәжірибесіне оны жаппай ендірудің көптеген проблемалары туындап отыр. Бұл мәселелерді шешу үшін біздің пайымдауымызша мынандай іс – шараларды жүзеге асыру қажет:
- қажетті нормативтік құқықтық базаны құру:
- мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламаларын дайындау ;
- жалпы білім беретін ортада мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың тәртібін құрастыру ;
- жалпы мектеп мұғаліміне арнайы мектеп мамандары тарапынан түзету жұмыстары мен әдістемелік сонымен қатар кеңес беру, көмек көрсету жұмыстарын жетілдіру;
- арнайы білім беру орталықтарын құрып, жалпы мектепте оқып жатқан мүмкіндігі шектеулі балалардың білім сапасын оның әдістемелік жағынан қамтамасыз етіп, қадағалау міндеттерін жүзеге асырып отыру;
- жалпы мектеп оқушыларының гуманды көзқарастарын қалыптастыру;
- оқушылардың ата-аналарына педагогикалық – психологиялық кеңестер ұйымдастыру
- балаларға арналған мектепте көтерме құрылғылар, санитарлық бөлмелерде арнайы аспаптар, арнайы парталар, үстелдер және тағы басқа арнайы компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету болып табылады.
Жалпы білім беретін үрдістегі мүмкіндігі шектеулі балалардың ұйымдастырылған педагогикалық жағдайларын жақсарту үшін, білімге мұқтаж деңгейдегі мүмкіндігі шектеулі балаларды жоғары деңгейде білім алуына комплекстік қоғамдық қолдау қажет.
Инклюзивті білім берудің практикалық шешімінің қиындығы мүмкіндігі шектеулі балалардың қызығушылығын оятатындығы олардың ата-аналарын, сонымен қатар педагогикалық білім беруді арнайы ұйымдастырушылар, жалпы білім беретін мектепте оқитындар олардың ата-аналары мен педагогтардың әрдайым есінде болуы керек.
Жалпыға ортақ білім беретін мектептерде м.ш.б-ға заманауи дәрежеде білім беру ұйымдастырылған педагогикалық шарттардың болуын талап етеді.
Жалпы білім беретін үрдістегі мүмкіндігі шектеулі балаларға жүргізілген аналитикалық және эмпирикалық зерттеулердің нәтижесінде ұйымдастырылған педагогикалық жағдайларды анықтаудың мынадай шарттары қалыптасты:

  1. Жалпыға білім беретін үрдістегі м.ш.б-ды мемлекет тарапынан қамтамасыз етуді енгізу.

  2. Мүмкіндігі шектеулі балалардың коррекциялық – педагогикалық қолдауын ертерек ұйымдастыру

  3. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ресурсты қамтамасыз етуін іске асыру

  4. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін үрдістегі кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету

  5. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіндегі бағдарланған методикалық ресурстармен қамтамасыз ету

  6. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіндегі материалды техникалық ресурстармен қамтамасыз ету

  1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім береретін мектептерге түсуін қамтамасыз ету

  1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру мектебіндегі білім алуын, ұйымдастыруын қамтамасыз ету

  1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдістегі жеткен нәтижелерін маниторингте жариялау

- Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру, тәрбиелеу мәселелерін қамтамасыз етуге және тұлға ретінде қалыптастыруын қарастыру қажет.
- Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру педагогикалық үрдісті қамтамасыз ету қажет.
- Мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған гуманитарлық және қоғамдық іс-шараларды арнайы ұйымдастыруымен жүргізілуі қажет, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік-экономикалық және заңның негізіндегі тармақтарын үйрету. Осы жерде ең бастысы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ұлттық бағдарламаларды ұйымдастыру арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларға толыққанды мемлекет азаматы немесе азаматшасы екендігіне көзін жеткізу керек.
Бүгінгі уақытта республикамызда мүгедек балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған видео, кино, аудио-вузуальды өнімдерді ұсыну қажет. Осы өнімдер мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балалардың бойындағы толеранттық, позитивтік мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етеді. Билік органдары мамандар осы мәселеге қатысты яғни мүмкіндігі шектеулі балаларға көру қабілеттері арқылы олардың компнетация (толықтырылуы) оқу және көру қабілеттері арқылы дүниетанымдарын кеңейтуге мүмкіндік берілуі қажет.
Мемлекетімізде көптеген қоғамдық және НПО ұйымдары мүмкіндігі шектеулі балалармен олардың ата-аналарына арналған орталықтар: ОО центр САТР; балалық шақтан арналған мүгедектер клубы; «ЖАН» - Азиялық қоғамдық мүгедектер орталығы «Көмектес» көру қабілеттері нашар мүгедектерге арналған; АРДИ балалар мен олардың ата-аналарына арналған орталық; «Ақбота» психофизиологиялық кемістігі бар балаларды қамқорлыққа алу орталығы және басқалар.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды коррекциондық – педагогикалық жалпы білім беретін жүйемен қамтамассыздандыру.
Шетелдік және мемлекеттік мамандардың зерттеулері дәлелдейді мүмкіндігі шектеулі балалардың ерте кірісуі интеграцияға жол ашады, дәл осы кез баланың патенциялына әсер етуіне өте қолайлы.
Қазақстан Республикасының жүйесіне ертерек коррекциялық мүмкіндігі шектеулі балаларды қамтамасыз ету енгізілген, өзінің дамуында жақсы ырғақ алады.
НН ПЦ КП ерте кірісу туралы ғылыми зерттеулер қарастырылуда, орталық мамандары осыны жүзеге асыруда әртүрлі формада қарастырылуда. Коррекциондық оқу жүйесін (күнделікте оқу) жасауда ата – аналарымен отбасымен көрісіп пікір алмасып коррекциондық жүйенің алгоритімі мен мазмұнымен таныстыруда.
ИКП РА Ресейлік ғылымдардың зерттеулерінде медико – психолог – педагогикалық есту жүйесінің дамуында кемшілігі барлар көрсетілді. Әрдайым 2-3 жылда коррекциондық жұмыс жүріп отыратындардан гөрі, ертекерте (өмірінің алғашқы кезеңінде) есту жүйесінде кемшілігі бар балаларды оқыту жоғары деңгейде көрінуде.
Ғалымдардың (Шматко Н.Д., Пелымской Т.В.) зерттеулерінде дәлелдегендей, коррекциялық жұмысқа есту мүшесінде аздап кемшілігі бар және де дамуында кемшілігі (көз көрмейтіндер, интелектер, сөйлеу функциясы) барлар алыну, пайдасы коррекциялық есту жүйесіндегі балаларды тууға көмек беретін мекемелерде анықтап, оларды тұрғылықты жерлерінде дәрігерлік тексеруден өтіп тұруына жәнеде 1айдан 1жасқа дейінгі балаларды сурдопедагогикалық кабинеттерде тексеруден өтіп тұруға мүмкіндік берер еді.
Арнайы әдебиеттерде көрсетілгендей, имплантация 2-3 жасқа дейінгі балаларға жасалса коррекциялық оқу жүйесінде тілді меңгеру жақсы дәрежеде болар еді. ННПЦ кп-да мамандарға КП жасалатын науқастар туралы психолог – педагогикалық оқулар мен семинарлар өтіп отырады. Айта кету керек бұл бағыттағы зерттеулер тек қана естуінде кемшілігі барларды ғана ертерек анықтап қана қоймай сонымен қатар басқада кемшіліктері бар яғни көру мүшесі, сенсорлық жүйесінде кемшілігі барларға да көмектесуге мүмкіндік береді.
Әдістемеде тек қана кішкентай балаларға кішкентай кезінде ғана коррекциондық – педагогикалық білім беріп қана қоймай оларға өздерін ортада қалай ұстау керек үйрену керек екенін үйретеді. Айта кету керек дамуында кемшілігі бар балаларды коррекциондық – педагогикалық біліммен қамтамасыз етіп көмек беру, өте баяу дамуда. Сондықтанда коррекциондық көмекті мемлекетіміздің барлық жерлерінде 1-3 сатылы коррекциондық көмекпен қамтамасыз етуді дамыту керек. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім алу процесіне қосу барысындағы арнайы педагогтың бірлесуі.
Арнайы педагогтың профессионалды іскерлігінің ауқымы мүмкіндігі шектеулі балаларды білім алу процесіне қосудағы өзара бірлесіп әрекет ету мен қарым-қатынасы болып табылады. Іскерліктің нәтижесінде мамандардың арасында қарым-қатынас жасаудың жекелік жүйесі құрылады. Арнайы педагог төмендегідей функцияларды орындайды: делдалдық бағыт берушілік ұйымдастырушылық, орындаушы және міндетті түрде бағыттайтын -дамытушылық бағдарламаларды жасайды.
Делдалдық функция әкімшілік өкілдерімен, (қарым-қатынас орнату) білім беру департаментімен, НПО және ОО, сонымен қатар психолог мамандармен, әлеуметтік педагогтармен, логопедтермен, дәрігерлермен қарым-қатынас орнатудан тұрады. Ол үшін түрлі аудандар, қалалар, мекемелер қоғамдық бірлестіктермен жақсы қарым - қатынас болуы шарт және әкімшілік органдарының құрылымы мен міндеттерін , олардың мекен жайы мен телефонын білуі керек.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік медико-педагогикалық, коррекциялық жағынан қолдау процесі түрлі мамандардың бағыт беруіне керек етеді (медициналық жұмыскерлер,мұғалімдер, дефектолгтар, психологтар, әлеуметтік жұмыскерлер т.б). мүмкіндігі шектеулі балаларды білім алу процесіне қосу барысында мамандар арасындағы ведомствоаралық бірлесіп әрекет етуді қамтамасыз ету керек, ал бағыттаушылық функция арқылы іске асады.
Орындаушылық функция мұғалімнің білімді жоспарлы түрде орындау мен коррекциялық – өсу бағдарына негізделеді, коррекциялық білімді орындау.
Басқарушы функция мұғалімге түрлі мерекелік шаралар мен коррекциялық өсу процесімен білімді аралықта арнайы оқулықтармен көмекші техникалық құралды басқаруға негізделеді. Берілген сызбада біз әр мамандықтың байланысын көре аламыз (төл және төлеу; формальді және формальсіз, функционалдық және мазмұндық, әдейі және қасақана):
Бірінші өлшем – мұғалімнің басқарушы органдарымен тығыз қарым-қатынаста болу (білім басқармасы, әкімшілік, қоғамдық басқарушы орталық).
Екінші өлшем - мұғалімнің білім басқармасынамсен денсаулық және қоғамдық құтқару қызметімен байланыс орнату қажет (мектеп алды дапярлық орталығы, күндіз орталыққа балалардың келуін техникалық қүұралдарымен қамтамасыз ету орталықтары,
Үшінші өлшем – мұғалімнің балалрмен қарым –қатынасын , олардың мүмкіншілігі шектеулі балалардың ата-анасымен білімге тапсырыс беруші адам ретінде сонымкен қатар білімді басқарукшы орталықпенен, мүмкінділігі шектеулі балаларға қызмет көрсету білім басқарушы орталықпенен қарым-қатынаста болу (мұғалімдік кеңес, методикалық бірігу, мектепішілік психологиялық педагогикалық консилум.
Төртінші өлшем- арнайы мұғалімдердің білім басқару орталығымен байланыс жасау (қоғамдық мұғалім, психолог мектеп дәрігері,тілмаш, арнай мсыныптарға и сабақ беруші мұғалімдер арнайы кластармен пән мұғалімдері) немесе қазіргі таңғда мамандықтармен (коррекциондық) білім басқарушы.
Өлшемдік байланыс жас мүмкіншілігі шектеулі балаларға ұяңдығын басуға көмектеседі. Жетілудегі бұзылудан бастау алып қажеттілікті тану барысындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамдық басқару органдарына жұмысқа тұруына ертерек кіріскен бөлімдерге күндізгі келу орталығына психология - педагогикалық коррекциялық бөліміне үйдегі мүмкінділігі шектеулі балалардың бөлмесіне қоғамдық өмек көрсету, дәрігерлік және білім берудегі отбасыларға балаларына барынша жағдай жасауды талап етеді.
Айта кететін жай мұғалімнің дұрыс ұйымдастырылған іс-жүзінде жүйелік шешім, табуына өз септігін мүмкінділігі шектеулі балаларға көмек көрсетері сөзсіз. Соның ішінде:

  • Қай адамының іс-әрекеті болмасын міндетті түрде барлық шешімдерге көмек көрсете алады. Арнайы мұғалімнің мүмкінділігі шектеулі балалардың педагогикалық бағытқа енуі сөзсіз әсерін тигізеді.

  • Мұнда қатысушылардың қатаюына арнайы мұғалімге көмек көрсетуі

  • Диапазоны кең ашылып әр қатысушының негізігі көрсетілген шешімін тапайтын істерге белгілі өлшемдердің болуы бұл жерде мамандардың байланысуы орнайды.

  • Қатысушылардың өздеріне көмек көрсетуі артады, байланыс жасау арқасында мүмкінділігі шектеулі балалар да қатыса алады.

  • Орта білім беру мектебінде мүмкіндігі шектеулі балардың оқытылуы мен коррекциондық психология-педагогикалық көмек көрсету мамандардың мектептік қамтамасыз етеді.

  • Білім беру органдарының толық қамтамысыз ету мақсматымен мүмкіндігі шектеулі балалардың тілмаштық есептеуі ең құрмағанда 1 бірлікті – 15-20 баланың тілмаштық мектептен тәуелсіз болды. Тілмаштар өзінің жұмысында тілмаштың дұрыс басқаруына негіздеу тиіс. 3 қыркүйектің 2004 жылғы №712(63)

Ерекшелігін оқу барысында жалпы білім беру мектептерінде ортақ білім беру бағыт оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу барысында психологтың мектепке қажеттілігі туындайды. Қазіргі жағдай орта білім беру мекемелеріне мүмкіндігі шектеулі балаларға да психологтың қажеттігі туындап отыр.
Мұндағы психолог статусының жоғары қоюымыздағы мақсаты кем дегенде психологиялық жетілу барысындағы баланың өз алдына тұлға болуына жетілмей қалу процесін жоюмен баланың мүмкіндігін ашу болып табылады.
Айта кететін жай бұл бағытта психо-педагогикалық жүйеде негізінен қоғамтанушы мұғалімге артылар жүк зор. Олардың негізгі тапсырмасы білімді басқарумен балалардың қоғамда қорғалуы жайында баланың өміріне жақсы жағдай туғызу отбасы арасына жақсылықты білім беру ошақтарында сақтау. Қоғамдық мұғалім шараларды жүзеге асыру барысында қоғамға көмек көрсетумен қол ұшын беруді, отбасыларымен қарым-қатынас жасауды, сонымен қатар балаларды жұмысқа орналастыру мен жас өспірімдерге қол ұшын беру оларды тұрғын үйлермен қамтамасыз етіп зейнетақы мен төлемдердің орындалуын бақылау. Арнайы мүгедек балаларды жұмыспен қамту барысында оларды оргнадармен бірге жұмыс істей отырып оларды жұмысқа орналастыру көзделеді.
Білім беру мекемелерінде кемтарбалаларға білім берудегі қыйындықтарды жою жолдары (%) кемтар балаларды оқытуда ең тиімді жол ол сабақ жоспарын женілдету болып табылады, бұл жайт орта білім және кемтар балаларға арналған мемлекеттік білім стандартын жаңа жақтан қарастыруына ықпалдасады. Бұл жерде айта кететін жайт, кемтар балаларды оқытудағы қыйындықтарды жою әдістерінің ішінде арнайы сыныптардын 13 мұғалімі (7,1%) өз ойларын білдіруде бұндай балаларды арнайы мектеп –интернаттарға аударуын ұсынған, бұндай шешеімдерін олар арнайы сыныптағы ұйымдастыру барысындағы туындайтын қйындықтар, методикалық жетіспеушілік және де оқу процесінде туындайтын проблемалармен түсіндіреді. Оқу барысындағы проблемаларды жою жолдарында ата-налар 3 топқа келесі мәселелерді енгізеді:
- үй тапсырмасын орындау барысында отбасы мүшелерінің көмегі – 70,6%;
- Мекептегі қосымша сабақтарға қатысу – 32,4%
- Мектептен тыс түзету жұмыстарын жүргізу – 17,6%
- Ата-аналардын сабақ барысына қатысу және сыныпта балаға жәрдемдесу – 5,9%
Осылайша, кемтар балалардын оқу үлгерімін қадағалаудың ең тиімді жолы ол ата-аналардын үй тапсырмасын орындауға ат салысуы болып табылатынына көз жеткіздік. Бұл жағдайға байланысты ата-аналардын мектепке дейінгі мекемелерде көмек көрсету проблемасына ықпалдасады. Мектептерде қосымша (жеке-дара) сабақ беру де оқытушылардын кемтар балалармен жұмыс жасауын да арнайы білімінің болуын қарастырады және мұғалімдердін арнайы осы бағытта жұмыс істейтін орта мектептерде оқу денгейін көтеруін талқылайды. Қорта келе біз арнайы сынып және қарапайын мектептерде ауытқулары бар балалармен және кемтар балаларды оқытуда мұғалімдердін қолданатын әдіс-тәсілдерінің ішінен ең тиімділері сабақ процесін женілдету, әр балаға жеке-дара көз қарас және ата-ана көмегі, мұғалімдердін ата-аналармен оқу процесінде сұқпаттасу жұмыстарын жүргізу. Және де танымал ойын терапия элменттерін қолдануды, балалардын физикалық жағдайларына байланысты, басқа оқу әрекеттерін алмастырады.
Кемтар балаларды оқыту проблемасын зеріттеу барысындағы кемтар балалар оқытатын мектеп мұғалімдерінің кемтар балалар туралы білім денгейін тексеруге арнайы жүргізілген тестілеу нәтижесіне сүйене отырп. Тестілеуге басты ақпарат болып қызмет атқарған бұл, 26,8%мұғалімдер – жеткіліткі денгейде жабықталмаған және 19,7% мұғалимдер – оны қажет етпеді, олар бұны арнайы курстардан өткендерімен түсіндіреді, ал арнайы дайындықты қажет ететін мұғалімдер – 41,5%, женіл дайындықты 33,8%. мұғалімдер 24,7% мұндай дайындықты өздеріне керек емес деп абады. Бірақта арнайы педагогикалық ұйым мүшелері 2 топ мұғалімдерн жауаптарынаң қарама-қайшылық тарды көрсетті, олар кемтар балаларды оқытуда туындайтын проблемалар, және де мұғалімдерді өздерінде балаларды оқытуда туындайтын проблемалар.Бұл тесті өткізу үшін бізбен 17 жабық сұрақтан тұратын және 4 вариатты бар және солардын біреуі дұрыс тест сұрақтары құрылды.
Бұл тесті құруда біз басшылыққа алған мәселелер қарапайымдық, қолдану қарапайымдылығы, жалпы тестілеу мүмкүндігі және қарамайым мектеп мұғалімдерінің денгейін ескердік. Барлығы тестілеуге сыныптарында кемтар балалар бар қарапайым мектептерден мұғалім қатысады.
Бұл жағдайда , анкеталарында кемтар балалар туралы жан-жақты білімі бар деп көрсеткен мұғалімдерге қыйындықтар бар екенін көрсетеді. Айта кететін жайт, мұғалімдердін кемтар балалармен жұмыс жасауы үшін керек курстардан бас тартқаны. Біздін педагогикалық бақылау жүргізу нәтижесінде кемтар балаларды оқытатын қарапайым сыныптардың мұғалімдерінде кемтар балаларды оқытуда қыйындықтар бар екенің көрсетті. Көп жағдайларда мұғалімдер бұндай балалардын жеке-дара кемшіліктерін ескермеген және бұл балаларға сабақ барысында сирек жақындаған. Осылайша жалпы білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердін кемтар балалар туралы білім денгейлерін жоғарлататың арнайы дайындықтардан өту мәселесін көтереді. Жоғарыда жасалған зерттеулер нәтижелері бойынша қорта айтсақ жалпы білім беру мекемелер мұғалімдері кемтарбалалардың арнайы мектеп-интертаттарда оқуын дұрыс деп ойлайды, бұл жайтты олар оңдай балаларды жалпы оқу пройесіне қосу қыйындығымен түсіндіреді. Мұғалімдер анық түсінеді бұндай балалармен оқу жұмысын жүргізу төмен көрсеткіштер көрсетеді және бұл балалардын оқу процесіне қызығушылығы өте төмен, олар олимпиада немесе конкурс женімпаздары болу көрсеткіші төмен.
Балаларды оқыту жолындағы кедергілерге мұғалімдермен мыналар айтылды «әдістемелік көмектің болмауы»(оқу құралдары, пособийялар) және «методикалық дайындықтың жетіспеушілігі». Әлуметтік маңызы бар қыйыншылдықтарға мұғалімдер «арнайы білімні аздығын» және «жоғары эмоциональдық қысым», үйткені педагогикалық тұрғыдаң қайта үйрену, және әдіс-тәсілдерін өзгерту көбінесе педагоктармен жағымсыз қабылданады, ал эмоциональдық қысым, бұл бүкіл әлуметтік турғыда жұыс атқаратын адамдар тобын сай жағдай.

3.Мүмкіндігі шектеулі балалардың мектепке дайындығын арттыру бойынша жұмыстар жүйесі.


Қазіргі уақытта даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасаудағы өзекті мәселе – инклюзивтік білім беру. Инклюзивтік білім мүгедек балаға өзінің құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді.Көшеде өзінің жасындағы балалармен ойнап жүрген мектепке дейінгі жастағы балаға жақын жердегі мектепке емес, ерекше жағдайдағы мектепке баратыны жөнінде қалай түсіндіруге болады. Инклюзивті білім беру системасының өзі инклюзивтік қоғамның дамуының тиімді механизмі болып табылады. Инклюзивті білім беру системасын дамыта отырып,біз инклюзивтік қоғам,яғни әрбір адам үшін қоғамды дамытуға жол ашамыз. Инклюзивті білім мүмкіндігі шектеулі балаларға балабақша, мектеп, институт, мектепке дейінгі және мектеп өміріне толық көлемде қатысуына мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларды теңдікке, тең құқылыққа ынтыландыру қорына ие. Қазіргі жас ұрпақ біздің болашағымыз. Бұл жас ұрпақтың ішінде қарапайым балалар да, даму мүмкіндігі шектеулі балалар да бар.Ендеше бұл балаларды бөлмей, бәріне бір көзқараспен қарап,олардың болашағына жол ашуға көмектесейік.Әрине бұны жеңіл деп айта алиаймын.
Бірақ бір сәт даму мүмкіндігі шектеулі балалардың орнында болып көрейікші,бізге қандай ауыр болса,оларға бізден аса ауыр. Сондықтан,даму мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балардың толық көлемде өмір сүруі үшін біздің еңбектенуіміз керек.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге қажет. Бұл өзіміздің және қоғам алдындағы парызымыз. Білім беру мекемесінің ортасы денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалардың қажеттілігіне бейімделуі тиіс, «кедергісіз» болуы керек, өйткені мүгедек балалардың толыққанды кірігуін қамтамасыз етуі қажет», – деп атап өткен. Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Инклюзив – сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтікэкономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвенциясында 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген болатын. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы ресми дерек Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілді. Инклюзивті білім жүйесін дамыту: 2015 жылға қарай мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардыжалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады,; 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін қөтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен арнайы парталар, арнайы үстелдер және басқа да компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады делінген. Сондай-ақ аталмыш бағдарламада мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып- тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалмақ. Бүгінгі таңда үйден оқып білім алатын мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлі –жарымы компьютерлік техникамен қамтамасыз етіліп отыр. Арнайы оқытуда компьютерлік технологияны қолданудың екі жұмыс істейтін міндеттің шешіміне байланысты: Инклюзивті білім беру әлемдік тәжірибеде әрбір адамның құқықтар, еркіндіктер және арождан теңдігінің ізгілікті құндылықтарын іс жүзінде жүзеге асыру мүмкіндігі берілген барлық, осындай балаларды оқытатындарға да, олармен бірге оқитындарға да, оларды отбасында тәрбиелеп отырғандарға да арналған игілік ретінде қабылданады және жүзеге асырылады. Халықаралық құжаттардың тізілімі мен атаулары білім алуға тең құқықтар идеясын жақтаушылардың барлық адамдарға, балалар мен ересектерді қоса, арналған мәдени игілік және әлеуметтік құқық ретінде күш-жігерін көруге мүмкіндік береді, ол білім беруге деген әлеуметтікмәдени тәсіл аясындағы білім беру инклюзиясының ғаламдық мәнмәтініне куә болады. – Ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың білім беру саласындағы қағидаттары, саясат және практикалық іс-әрекеттер жөніндегі Саламан декларациясы (Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқыту туралы Бүкіл әлемдік конференциясы, Саламанка, Испания, 1994 ж.); – Жүзеге асырудың Дакар Рамкасы. Жаппай білім беру: ортақ міндеттемелердің орындалуы (Дакар, Сенегал, 2000 ж); – Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция (БҰҰ, 2006 ж.). Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл – ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әр түрлі. Десекте қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.Осы ретте мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп білім берілуде. Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мектептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты: әр сыныптағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру. Бұл сынып ашылғанымен өз алдына үлкен қиыншылықтары бар. Себебі: бұл сыныпқа кей мектептерде әртүрлі сыныптан жиналған оқушылар оқиды. Екіншіден олардың жас ерекшелігі әртүрлі болғандықтан әр сыныпқа өзінің сыныбына сәйкес білім берілу керек. Үшіншіденбілім беру бағдарламасыныңәртүрлілігі. Төртіншіден мұндай сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінің арнайы педагогикалық білім көлемінің аздығы.Осының нәтижесінде балаларды оқытудың бірінші сатысынан – ақ қиыншылықтарға тап болады. Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп (интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру боп табылады. Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларға әлеуметтік-медициналық-педагогикалық-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 заңы бойынша ТДО сыныптары үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші бағдарлама, арнайы (ПДТ) бағдарлама бойынша куәлік беру ережелерін және мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, тәрбиелеу, оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже тәртіптерінде қаралған. Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі.Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында –тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады) , жартылай (жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі) қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі. Толық дамуында ауытқулары бар балалар балабақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді. Кемтар балалардың ата-аналары көмекші не арнайы мектептерге, арнайы интернаттарға немесе балабақшаға баласын бергісі келмесе жалпы балалалр оқитын мектептерге ПМПК-ның ұсыныс бойынша жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқытуға толық құқылы. Жалпы білім беретін мектептер, балалабақашалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген баланың деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге тәрбиешілермен мұғалімдер инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағатттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкншілігін қалыптастырады. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде педагог- дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы. Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдар мен қарымқатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивтіоқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жасерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат. Инклюзивті оқытуды даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі ретінде бағалайды.Мұндай білім негізінде барлық адамдарға тең қарым-қатынас, арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы жағдай жасау, жеке түзеу-дамыту бағдарламаларын іске асыру қажеттілігін қанағаттандыру қажет. Балалардың бір-біріне түсінушілікпен қарап, тең дәрежеде қарым-қатынас жасауына тікелей ұстаздың ықпалын қажет етеді. Сөйлеу, көру, есту, қимыл-қозғалыс аппаратында, сезімдік-ерік ортасында, оқуында, қарым-қатынасында, мінезқұлқында және басқа да бұзылыстары бар балаларды кіріктіру мақсатында кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсете аларлықтай педагог кадрлар даярлығын арттыру қажеттілігі де жасырын емес. Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде ақыл-ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен, әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің даму деңгейі әртүрлі. Мұны кез-келген педагог дәл ажырата аларлықтай біліммен қаруланған ба? Дәл қазіргі жағдайда педагогикалық жоғары оқу орнын бітірген студент мектеп қабырғасында түрлі ауытқуы бар балалармен жұмыс жасауға қабілетті ме? деген сауалдар көкейде қордаланып тұр. Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты негізінде білім алған болашақ кәсіби маман сол саланың бакалавры біліктілігін алады. Мектепке дейінгі ұйымдар мен орта мектепте қалыпты білім алушылармен жұмыс жасауға бейімделеді. Бірақ бұл ұстаздар түрлі ауытқуы бар балармен жұмыс жасауға машықтанбаған, қарым-қатынас типтерін меңгермеген. Сондықтан болашақ кәсіби маманның мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс жасай алуына мүмкіндік беретіндей инклюзивті білім берудің қарапайым түсініктерін қалыптастыру мақсатында барлық мамандық даярлау бағыттарындағы оқу жоспарларына «Инклюзивті білім» курсы енгізілуде. Бұл қуана құптарлық жай. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы ретінде арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формалармен сабақтасады. Жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Білім беретін мекемелердегі мүмкіндігі шектеулі балаларды бірлесіп оқуын ұйымдастырады. Әрбір педагог адам жанының инженері десек, бұл қадам кез-келген жағдаяттан, тығырықтан жол тауып шыға алатындай, инклюзивті білім негіздерімен қаруланған кәсіби маман даярлауға жол ашар еді. Әйтсе де қобалжу тудыратындығы да жасырын емес. Жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының инклюзивті білім берудегі дайындық деңгейі қаншалықты? Мұндай қадамға біз дайынбыз ба? Инклюзивті білім беру мәселесі бастау алып кетті, енді тығырықтан шығар жол қайсы? Педагогтар мен дефектологтардың пікірінше, біздің елімізде мұндай балалармен жұмыс жүргізетін жаңа, нәтижелі бағдарламалар мен әдістемелер жоқтың қасы. Мүмкіндігі шектеулі балалардың педагогикалық проблемаларын зерттеп, оларды шешуде әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық төл мамандарды тарту, бірлесе жұмыс жасау – бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе. Оқу орындарында педагогикалық-психологиялық кеңес беретін орталықтар ашып, дефектолог, сурдопедагог, тифлопедагог және т.б. мамандарды тартып, бірлесе жұмыс жасау қажет. Профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін жоғарылату мақсатында қайта даярлық курстарынан өткізген жөн. Инклюзивті білім саласына қатысты мәліметтерде жоғары оқу орындарында инклюзивті білім мазмұны үш түрлі бағдарлама бойынша жалпы жоғары оқу орындарына арналған типік оқу бағдарламалары, мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары, мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-физикалық ерекшіліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы бойынша реттелетіндігі сөз болады. Демек, оқу бағдарламаларын да қайта қарау қажеттілігі туындайды. Инклюзивті білім беруге дайындық жасау барысында туындайтын екінші бір мәселе оқу орнының талапқа сай жабдықталуы. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жалпы дамуы және бұзылысын түзету мақсатында жаңа компьютерлік технологияны, бала бойындағы кемістіктерді түзетуге бағытталған құрылғыларды қолдану қажеттілігін де ретін тауып шешкен жөн. Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Балалардың оқу үдерісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайы да өзгереді деп нық сеніммен айта аламыз. Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет