Қатерсіз және қатерлі ісіктер



бет17/19
Дата29.11.2022
өлшемі5,01 Mb.
#160276
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
ХирургияСРС Төлеман.Е
ВСС Төлеман.Е, МИКРОБИОЛОГИЯ ЭКЗ (копия)
Қан жүйесінің ісіктері

Қан жүйесі элементтерінен туындайтын ісіктердің даму механизімі өте күрделі. Қан жүйесінің ісіктері "Арнайы патологиялық анатомия" да оқытылады.




Тератомалар

Тератомалар (грек teras - кеміс) - әртекті бірнеше өрмеден тұратын, құрылымы күрделі, экспансивті өсетін қатерсіз ісіктер. Тератомалар негізінен – организмнің құрсақта дамуындағы ақаулар: шарана өрмелері әдеттегіден тыс жерлерге жылжиды да туғаннан кейін сақталып қалады, кейін олар ісікке айналады. Ісік торшалары малигнизацияға ұшырап, тератома қатерлі ісікке – тератобластомаға ұласуы мүмкін. Тератоманың гистиодтық, органоидтық және организмоидтық деген түрлері бар.


Гистиодтық тератома - бір өрмеден құралған. Жануарларда кездесетін бітеу қапшықты ісіктер – эпидермиоидты кисталар тератоманың осы түріне жатады. Олардың қуысы сұйықпен не қоймалжың немесе нығыз затпен толған, көп қабатты эпителиймен астарланған, ісік сыртынан дәнекер өрмемен қапталған. Айта кету керек, эпителиймен астарланған табиғи қуыстардың (без фолликулы, без өзегі, т.б.) кеңеюі нәтижесінде пайда болған ретенциондық кисталар тератомаға жатпайды (retentio - тоқталу).
Органоидтық тератома - бірнеше өрмеден тұратын көбінесе дермоидтық киста түрінде болатын қатерсіз ісік. Дермоидтық кистаның қабырғасы терінің барлық қабаттарынан (эпидермис, дерма, шелі) және олардың туындыларынан (май бездері, тері бездері, түк және оның қапшығы) құралған. Дермоидтың қуысы сұрғылт-сары түсті, қоймалжың не нығыз, құрамында түк, қауырсын (құстарда), холестерин кристалдары, торшалардың ыдырау өнімдері бар массамен толған. Дермоидтар жылқыда жиірек, басқа жануарларда сирек кездеседі, аналық безде, тері астында, құрсақ қуысында орналасады. Олар сопақша не шар тәрізді, жұмсақ болады, диаметрі ірі малда 10 - 15 сантиметрге жетуі мүмкін.
Организмоидтық тератомалар немесе эмбриомдар – күрделі құрылымдар, кейде организм сипатты. Ұрықтың үш жапырағының өсінділерінен тұратын ісік. Организмге ұқсаған бұл ісіктер қатерсіз де, қатерлі де болады. Оларда арақатысы әрқилы, кемелденуі әр деңгейде тоқтаған барлық өрме түрлерін (эпителий, дәнекер өрме, бұлшық ет, жүйке өрмесі), олардың мүше, тіпті организм сияқты қиыстырмаларын (тіс, көз, кеңірдек, ішек, кілегейлі бездер, несеп мүшелері, ми мен жұлын, т.б.) көруге болады.
Әдетте ісік сегізкөз, мұрын - жұтқыншақ тұсында, көкірек және құрсақ қуыстарында орналасады. Сырт көрінісі әрқилы: түйінді, кедір-бұдырлы, шарға ұқсас болуы мүмкін. Диаметрі бір-ер сантиметрден 30 см-ге жететін, кисталы немесе нығыз (солидты) тератомалар түрінде кездеседі. Солидты тератома қатерлі қауырсын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет