«Аудит» пәні бойынша емтихан жауаптары. ҚР-да экономикалық бақылауды ұйымдастыру


Аудиттің компьютерлік ақпараттық жүйелерін бағдарламалық қамтамасыз ету



бет6/42
Дата11.06.2022
өлшемі116,76 Kb.
#146413
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
Е-332 Аудит емтихан жауаптары (1)
3144357494, 3144357494
10. Аудиттің компьютерлік ақпараттық жүйелерін бағдарламалық қамтамасыз ету.
Аудиттің компьютерлік ақпараттық жүйесін бағдарламалық жіктеу:
1. Коммерциялық қолайлы бағдарламалар. Көптеген аудиторлық фирмалар ең кем дегенде бір пакет бағдарламалық жабдықтауларды және бір кестелік бағдарламаны алуға тиісті. Бұл бағдарламалар аудитордың жұмысына көмек көрсету мақсаты үшін пайдаланылады.
2. Фирманың өзінде жасалынған мамандандардың бағдарламасы. Ірі аудиторлық фирмалар тек осы фирмада пайдаланылуы мүмкін арнайы комьютерлік бағдарламаларды жасау үшін комьютерлік бағдарлама құрушыны жалдайды. Мұндай бағдарламаларға аудиторлық тәуекелдікті анықтау және тестілеу деңгейін белгілеу кезінде аудиторларға көмектесетін мәліметтік базалар кіргізіледі.
3. Жалпы мақсатқа пайдаланылатын қолданбалы бағдарламалар пакеті. Оларға аудитор жұмыс істей алуға тиісті дайын әмбебап бағдарламалардың кең жиынтығы кіреді. Қазіргі кезде қазақстандық рынокта төмендегі қолданбалы бағдарламалар бар:
Құқықтық мәліметтік базалар;
Бухгалтерлік бағдарламалар;
 Қолданбалы бағдарламалардың статистикалық пакеттері;
 Қаржы талдауының бағдарламалары және т.б.
Құқықтық мәліметтік базалар тексеру жүргізу процессінде аудиторларға клиенттің бухгалтерлік есебінің құжаттарға және бухгалтерлік есеп жүргізу мен қорытынды есепті құру тәртібін реттеуші нормативтік актілердің талаптарына сәйкестігі жөнінде жеткілікті сенімділікпен қорытынды жасауға мүмкіндік беретін ақпараттық консультациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда кең тараған және көпшілікке мәлім жалпы мақсаттағы құқықтық база ретінде ЮРИСТ құқықтық жүйесі, сонымен бірге комьютерлік жүйесі, сонымен бірге комьютерлік диск түріндегі Бухгалтер Проф танылады.
Бухгалтерлік бағдарламаларды аудиторлық фирмалар тексеру жүргізу кезінде де, қызмет көрсету кезінде де пайдаланады. Жоғарыда айтылып өткендей, аудиторлық фирма клиенттің компьютерлік жүйесіне, оның бағдарламалық жабдықталуына, қолданылуының дұрыстығына және т.б. басқа баға беру міндетті. Мұндай кезде аудиторға тексеру жүргізілген объектіде тікелей осы бағдарламалық ортада жұмыс істеуге тура келеді. Басқа жағынан алғанда, аудиторлық фирмалар бухгалтерлік есеп бағдарламаларын оны қалпына келтіру және келісім шарт бойынша клиентке көрсетілетін қызметтің шеңберінде есеп жүргізу үшін пайдаланады. Бухгалтерлік бағдарламалар аудиторлық тексеру жүргізумен немесе есепті қалпына келтірумен байланысты кешенді жұмыстарды өте қысқа мерзім ішінде орындауға, аудит жүргізуге және өткен жылдар үшін есепті қалпына келтіруге мүмкіндік береді, бағдарламалардың кейбіреулері шаруашылық операцияларын бейнелеудің және қаржылық нәтижелер алудың әртүрлі нұсқаларын модельдеуге мүмкіндік береді.
Қолданбалы бағдарламалардың статистикалық пакеттерін аудиторлар күрделі есептеулерді жүргізу кезінде пайдаланады. Қазіргі кезде көбірек белгілі болған бағдарламалар – Statistics, Statgraphics және т.б. Аудиторлар “1 C - АФС”, “Галактика” фирмаларының бағдарламалық өнімдерін жиірек пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет