Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары


-параграф. Жобалау және жоспарлау бөлімінің бастығы



бет5/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
@8;. 07

5-параграф. Жобалау және жоспарлау бөлімінің бастығы

17. Лауазымдық міндеттері:


нормативтік құқықтық актілерге сәйкес бөлімнің өндірістік-шаруашылық қызметіне, құзыреті шегінде бөлім жұмыскерлеріне басшылықты, мамандарды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады;
жұмыс өндірісінде жаңа құралдар мен әдістерді ендірудің экономикалық тиімділік есебін жүргізеді;
бөлім жұмыскерлерінің еңбекті және қауіпсіздігі қорғау қағидалары мен нормаларын, өндірістік және еңбек тәртібін сақтауын бақылайды;
бөлімде ерекше көзге түскен жұмыскерлерді марапаттау туралы, қажет болған жағдайда материалдық ықпал ету және тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар ұсынады;
топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар өндірісінде техникалық жобалар мен есептік сметасын құрастыру, бөлім қызметін жоспарлау, есепке алу, ол туралы есептілік ұсыну ұйымдастырады.
мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жоспарлау тапсырмасын орындауды, жабдықтар мен басқа да негізгі құралдарды техникалық дұрыс пайдалануды, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын қамтамасыз етеді.
Өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
18. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі − Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі); 
«Геодезия және картография туралы» Заңын;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын; 
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңын; 
геодезия және картография саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін; топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді өндіру технологиясын; техникалық-экономикалық және өндірістік жоспарлау тәртібі мен әдістерін; шаруашылық есептеу әдістерін, еңбекақы төлеу бойынша қолданыстағы ережелерді және материалдық ынталандыру нысандарын; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
19.Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) (геодезиялық, картографиялық) мамандығы бойынша және ұйымның тиісті бейіндегі жұмыс өтілі 4 жылдан кем емес.


6-параграф. Бөлім басшысы (топографиялық-геодезиялық, камералдық,
топографиялық,картографиялық жұмыстар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік географиялық атаулар каталогы және тақырыптық картография)

20. Лауазымдық міндеттері:


нормативтік құқықтық актілерге сәйкес бөлімнің өндірістік-шаруашылық қызметіне, құзыреті шегінде бөлім жұмыскерлеріне басшылықты, мамандарды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады;
ұйымның өндірістік бөлімшелерінің перспективалық, жылдық, тоқсандық және айлық жоспарларының жобаларын дайындауға басшылық жасайды;
өндірістік бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді;
олардың қызметін озық техника мен технологияны, еңбекті, өндірістік және басшылықты ғылыми ұйымдастыруды кеңінен енгізу негізінде еңбек өндірісі мен өнім сапасын (жұмысты) барынша арттыруға бағыттайды;
бағынысты бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін, еңбек және өндірістік тәртіп жағдайын бақылайды;
жаңа техникалар мен технологиялар енгізу жоспарының жобаларын өндірістің тиімділігін арттыру бойынша ұйымдастыру-техникалық шараларын дайындауды, карталар мен жоспарларды жаңарту кезінде жұмыс жобаларын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек қауіпсіздігі және өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
жоспарлауды, есептеуді, есептілік құру және көрсетуді, дұрыс топтардың қызметін қолдану және еңбекақы жүйесі және материалдық ынталандыру нысандарын және ұқсас өнім өндірісінің алдыңғы қатарлы шетелдік және отандық тәжірибесін зерттеу және ендіру.
21. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын,
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды,
«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»Заңды,
«Геодезия және картография туралы» Заңды,
геодезия және картография саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді; топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнім өндіру технологиясын; саладағы қолданылатын стандарттар мен техникалық талаптарды; өнім сапасын ведомствоаралық және ведомстволық бақылау жүйесін, топографиялық карталар мен жоспарларды жасау (жаңарту) технологиясын; карталарды түзету әдістемесін, стандартты түзету белгілерін, терминологияға, өлшеу бірліктері мен белгілеріне мемлекеттік стандартарды; қолданыстағы қысқарту шарттарын; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын білуге тиіс.
22. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) (геодезиялық, картографиялық, IT- технология) мамандығы бойынша және ұйымның тиісті бейінінде жұмыс өтілі 4 жылдан кем емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет