Параграф 36. Химик
206. Лауазымдық міндеттері.
топырақ пен суға зерханалық талдау жүргізу, зерттеу нәтижелерін жасау;
зерттеулер жүргізу, экспресс-талдаулар ұйымдастыру, жаңа әдістермен апробация жүргізу, зертханалық құрылғыны және жұмысқа құрал-жабдықтарды дайындау;
ішкі құжаттандыру жүргізу, журналдар толтыру, сынама сынақ, жұмыс журналдары, сынақ хаттамасы;
аккредитация талаптарына сәйкес сапалы және дәлелді, уақытылы сынақ қамтамасыз етеді;
өлшеу құрылғылары және сынақ құрал-жабдықтарын техникалық эксплуатациялау ережелерін сақтайды;
құрал-жабдықпен бекітілген қызмет көрсету, құрал-жабдықтардың жұмыс істеуін және өлшеу құрылғыларын сынақ жүргізу арқылы қарап отыру;
орындалған зерттеулердің нәтижелері есебін жасауға қатысады.
207. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы,
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасының тілдер туралы» Заңдары,
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамыту бағдарламасының негізгі ережелері мен талаптары, еңбек заңнамасы негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды білуі тиіс.
208. Біліктілікке қойылатын талаптар.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі химия маманы: химия мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және бірінші санатты химия маманы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі химия маманы: химия мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және екінші санаты химия маманы лауазымындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі химия маманы: химия мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және санаты жоқ химия маманы лауазымындағы еңбек өтілі 1 жылдан кем емес.
санаты жоқ химия маманы: еңбек өтіліне талап қоймастан сәйкес химия мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) немесе химия мамандығы бойынша техникалық (орта арнайы) білім.
Достарыңызбен бөлісу: |