аумақтардың топырағын зерттеу жөніндегі жұмыстарды орындайды; топырақ пішіндерінің шекараларын, топырақтың негізгі сипаттамасы мен қасиетін айқындайды;
бейінді үлгілерді, қышқылығы мен тұздылығына үлгілерді іріктеуді орындайды;
жоспарлы-картографиялық материалдардың кешенін, топырақ очерктерін, талдамалық жоспарды жасайды;
жерді түбірлі жақсарту, топырақтың әлеуетті құнарлығына сәйкес және тыңайтқыштарды қолдану бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлейді;
технологиялық регламенттерді, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі заңнама талаптарын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды сақтауды қамтамасыз етеді;
егістік топырақтық-мелиоративтік жұмысты дайындайды және жүргізуді ұйымдастырады;
учаскелік қызметке ұсынылатын егістік материалдарының сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
егістік топырақтық-мелиоративтік жұмысты жүргізуге қатысады;
ауданның бірлестіктерінде және шаруашылықтарында ұйымдастыру-технологиялық басшылықты жүзеге асырады;
шаруашылықтағы топырақтың құнарлығын ұстап тұру және арттыру бойынша іс-шараларды әзірлейді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
қызмет көрсететін аймақтағы ауыл шаруашылығы алқаптарына агрохимиялық зерттеулерді жүргізуді, талдау үшін топырақтың үлгілерін іріктеуді ұйымдастырады және қатысады;
талдаулардың сапасын және уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді;
ғылымның жетістіктерін, озық тәжірибелерді және топырақты талдаудың жаңа әдістерін зерделейді және өндіріске енгізеді;
еңбекті ғылыми ұйымдастыруды енгізуге, қолданыстағы еңбек ақыны төлеу туралы қағидаларды тиімді қолдануға ықпал жасайды;
белгіленген құжаттамаларды, есепті және есептілікті жүргізеді;
шаруашылықтармен шарттар жасасуға, өндірістік бағдарламаларды әзірлеуге, агрохимиялық картограммаларды жасауға қатысады;
қоршаған ортаны қорғау қағидаларының, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.
182. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы»,
Қазақстан Республикасының Жер кодексі заңдарын,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, суармалы жер мониторингін және егістік зерттеулерді жүргізу әдістері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, өндірістік санитарияны, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғанысты білуі тиіс.
183. Біліктілікке қойылатын талаптар.
І санатты топырақтанушы: (Топырақтану және агрохимия) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және
ІІ санатты топырақтанушы лауазымындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
ІІ санатты топырақтанушы: (Топырақтану және агрохимия) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және санаты жоқ топырақтанушы лауазымындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
Санатты жоқ топырақтанушы: Еңбек өтіліне талап қоймастан (топырақтану және агрохимия) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) еңбек өтілі талап етілмейді.