Қазақ халқының СƏулет өнері ежелгі қҰрылыстар



Pdf көрінісі
бет28/81
Дата25.09.2022
өлшемі4,98 Mb.
#150647
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   81
Байланысты:
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ 501-600

САЛ-СЕРІЛІК ӨНЕР
Сал-серілік – қазақ халқы мəдениеті мен өнерінің жарқын белгісі, биік шыңы. Ақындық, 
сазгерлік, əншілік, орындаушылық, адамгершілік, мəрттік, жомарттық, пəктік, зор 
абырой, тағы басқа ең ізгі қасиеттердің бəрі осы салтты мұрат тұтқандардың 
бойынан табылған. Сал мен сері деп аталатын екі тұлғаның бір-бірінен аз да болса 
ерекшеліктері бар. Сал дегеніміз – аса талантты, бір өзі бір театрдың қызметін 
атқаратын, ерекше əрі қымбат, əсем киінген, жүріс-тұрысы, іс-əрекеті мүлде бөлек, 
дүниесін, мал-жанын осы жолда аямайтын мəрт, жомарт жан. Оның киімдері кісі 
таңданарлықтай басқаша үлгіде тігіледі. Сəн-салтанаты басқа, ер-тұрманы да сұлу 
əрі сымбатты, əшекейлі. Сал – халықтың еркесі, қызығы, думаны. 
Сері де – сал сияқты əнші, күйші, ақын, өнерпаз. Оның киім 
киісі сұлу да сыпайы. Осындай өнердің сыртында ол – сұлу 
сүйген, жүйрік баптап, құс салатын, əрі аңшы, саятшы, əрі 
мерген, əрі палуан, əрі шешен, əрі шебер, қысқасы, халық 
сөзімен айтқанда, «сегіз қырлы, бір сырлы» аса биік 
тұлғалы азамат. Мысалы, атақты Сегіз сері осындай 
жігіт болған.
Сал-серілік екінің бірінің қолынан келе бермейді. 
Оған үлкен өнер, қазына, мол байлық керек. Олардың 
жүр ген жері той, думан, қызық, мереке болғандық-
тан, ел-жұрт өздерінің серкесі, еркесі, мақтанышын 
шапан жауып көтермелеген. Сал-серілерді Əз-Жəні-
бек, Абылай хандардың өзі жоғары бағалаған, құрмет 
көрсеткен. Ақан сері, Біржан сал, Шерке сал, Дəурен 
сал, Нияз сері, Толыбай сал, Сейіткерей сері сияқты 
аты халық арасында мəңгі ұмытылмастай болып 
қалған ер-азаматтар көп болған. Сал-серілер тура-
лы Ш.Уəлихановтың, Ə.Марғұланның, С.Мұқановтың, 
I.Жансүгіровтың т.б. тамаша еңбектері мен шығарма-
лары бар. 


533


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет