Қазақ халқының СƏулет өнері ежелгі қҰрылыстар



Pdf көрінісі
бет29/81
Дата25.09.2022
өлшемі4,98 Mb.
#150647
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81
Байланысты:
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ 501-600

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЕШЕНДІК 
ЖƏНЕ АҚЫНДЫҚ ӨНЕРІ
Біржан сал
Қожағұлұлы Біржан (1825 – 1897) – қазақ халқының əйгілі 
əнші-композиторы, ақын. Солтүстік Қазақстан облысының 
Жамбыл ауданына қарасты Жаңажол ауылында туған. Шыққан 
тeгі – Орта жүздің ақсары керейі, оның ішінде көшебе. 
Біржан сал алғашқыда Қызылжардағы екі жылдық орыс-
қазақ мектебін бітіреді. Сонан соң осындағы медресеге оқуға 
түседі. Оның өнер жолына біржола бет бұруы осы медреседен 
басталады. Өйткені, медреседе ұстаздық еткен Имағамбет 
Ырғызбекұлы, Көрпеш Бахрамұлы деген кісілер «көшебелі көп 
Жаяу Мұса
керейге» аттары мəлім ақын, өнерпаз болған. Бұлар Біржанға əн-күй өнерін, ақындық-
жыршылықты, қол өнерінің алуан түрін, атбегілікті, аңшылық-саятшылықты үйреткен. 
Тіпті тоғызқұмалақ, дойбы ойындарын да терең меңгерткен. Бір сөзбен айтқанда, 
Біржанның болашақ сал-cepi атағына лайық болып, үлкен өнер жолына түсуіне бірден-
бір себеп болған. 
Біржан сал – қазақтың əн өнеріне өзіндік өрнек салып, дара əн мектебін орнықтырған, 
қазақ халқының əншілік өнерін толықтырып, байытқан əйгілі композитор. «Ақтентек», 
«Біржан сал», «Айбозым», «Алтын балдақ», «Айтбай», «Көкек», «Жоныпалды» сияқты 
əндері – қазақ əн өнеріне шырай беретін, шоқтығы биік асыл туындылар.
Біржан салдың сан-сала өнерпаздық қырының 6ipi – оның айтыскерлігі. Біржанның 
айтыс ақыны ретіндегі дарыны Сарамен айтысында жарқырай көрінеді. «Біржан – 
Сара» айтысы қазақ сөз өнеріндегі қанатты шабыттың, эстетикалық биік талғамның 
жарқын үлгісі болып табылады.
Біржан салдың биік өнepi Жаяу Мұса, Басығараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан 
cepi, Балуан Шолақ, Yкілі Ыбырай сияқты əнші-композиторларға тікелей ықпал eтіп, 
тағылым болған. 
Біржан мен Сара айтысын арқау ете отырып, композитор М.Төлебаев əйгілі «Біржан 
– Сара» операсын дүниеге келтірген.
Жаяу Мұса Байжанұлы (1835 – 1929) – қазақ халқының əйгілі 
əнші-композиторы, ақын. Ол Павло¬дар облысының Баянауыл 
ауданындағы Жасыбай көлінің жағасы, Ақшоқы деген жерде 
дүниеге келген. Шыққан тегi – Орта жүз, арғын ішіндегі сүйіндік 
руы. Жеті жасынан ауыл молласынан хат таныған Мұса өнер-


534


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет