ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЕШЕНДІК
ЖƏНЕ АҚЫНДЫҚ ӨНЕРІ
Өмірінің соңғы кезінде Жетісуға арнайы ата жұртын іздеп барып, ондағы ағайын-
туыстарымен танысып қайтады. Осы сапарында Арқаның көптеген əндерін Жетісуға
жеткізеді.
Белгілі музыка зepттeyшici А.В.Затаевич ел арасынан Балуан Шолақтың бірнеше
əндерін жазып алып, оны «Қазақ халқының 1000 əні» жəне «Қазақтың 500 əні мен күйі»
жинақтарына енгізеді.
АЙТЫС ӨНЕРІ
Ақындар айтысы – халық шығармашылығының үлкен бір саласы. Айтыстың шығу
тамыры тереңде жатыр. Ол халықтың тұрмыс-салтына, мəдени ерекшелігіне
байланысты туып, қалыптасқан.
Айтыс – қазақтың төл сөзі, айтысу, жарысу, сынасу ұғымында қолданылады.
Ақындар айтысы қазақтан басқа қырғыз, қарақалпақ халықтарының да өмір
тіршілігінен орын алған. Ертеде айтыс шығыс пен батыстың кейбір елдерінде (Араб,
Үндістан, Иран, т.б.) де болған. Бірақ əр елде əр түрлі тəсілде айтылған.
Айтыс өнері бірден қалыптаса қоймаған. Ұзақ даму жолынан өткен. Көшпелі өмір
салты да айтыстың дамуына əсер еткен. «Өнер алды – қызыл тіл» деп бағалаған халық
айтыс өнеріне ерекше мəн берген. Талантты ақындардың айшықты айтыстарын
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Айтыста ел өміріндегі ең маңызды мəселелер
көтеріледі. Жиналған халық айтысты тамашалап, рухани лəззəт алады. Сондай-ақ
қайсы ақын сөзінің ұғымды болғанын бақылап, бағалап отырады.
Ақындар айтысы – көптің көз алдында өтетін сөз жарысы, өнер сайысы. Екі
жақтан айтысқа түскен ақындар өлеңді қолма-қол суырып салып айтуы шарт.
Айтысқа түсуші ақындарға қойылар талап, бірінші, тыңнан ой құрап, құрастырып
өлең шығару болса, екіншіден, айтысушы қарсы ақынның аяқ астынан қойған талап,
сұрағына өлеңмен ұтымды жауап беріп, сөз қайтаруы қажет, үшіншіден, ақындар
өлеңді мақамына келтіріп, домбыраға қосып, белгілі бір əуен-сазбен айтуы тиіс.
Музыкалық аспап айтыстың əсерлілігін арттырады.
Қазақ тұрмысында ақындар айтысы жүйрік аттардың бəйгесі сияқты, айтысқа
түсіп жеңген ақындарға да бəйге берген. Ақындар айтысы ел намысының қорғаушысы
болғандықтан, ақынды əуелі өз руы ішінде сынап алып барып, ұлы дүбірлі үлкен айтысқа
жіберетін болған.
Халқымыз ертеде өткен ақындар айтысының дүлдүлі Біржан мен Сараны,
Кемпірбай мен Шөжені, Жанақ пен Орынбайды, Көкбай мен Əріпті, Əсет пен
Рысжанды, Жамбыл мен Құлманбетті т.б. елдің ар-намысын қорғаушылар деп,
көтермелеп, олардың айтыс өлеңдерін сан ғасыр өтсе де ұмытпай біздің дəуірімізге
жеткізген. Ол, біріншіден, ақындардың талантын қадір тұту болса, екіншіден, сол ел,
ру намысын қорғаған ақындардың өлең-жырын кейінгі ұрпақтың көкейіне ұялатып,
олардың отаншылдық сезімін оятудың құралы деп санаған.
537
Достарыңызбен бөлісу: |