545
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
ƏН-КҮЙ ӨНЕРІ
Құрманғазы есімі көп ұлтты
халықтар арасына кеңінен
тараған. Ұлы күйші қазақтың аспапты музыкасын
өркендетуге, оның дамуына шексіз үлес қосты. Сазгердің
жүрек жарды туындылары
көршілес халықтар арасында
да танымал. Сондықтан оны «Күй атасы» деп атайды.
Құрманғазы Сағырбайұлы – халқының мұң-
мұқтажын, арман-тілегін, қуанышын өз күйлерінде
көрсете білген күрескер күйші. Оның күйлерін
тыңдаған
адам тебіренбей қоймайды. Белгілі «Адай», «Сарыарқа»,
«Серпер», «Кішкентай», «Кісен ашқан», «Түрмеден
қашқан», «Аман бол, шешем, аман бол», т.б. туындылары
– халқымыздың баға жетпес рухани байлығы.
Қайталанбас өнер иесі,
ірі тұлға, күйші Құрманғазы –
қазақ елінің мақтанышы.
Ықылас Дүкенұлы
Ықылас Дүкенұлы (1843 – 1916) – қазақ халқының
дəулескер күйші-қобызшысы. Ол Жезқазған облысының
Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Оның атасы мен əкесі
қобызшы болған.
Киелі өнер ұлдарына да қонып, Ықылас
қобыз əуенімен ер жетеді. Қорқыт ата аян беріп, əкеден
балаға
жеткен өнер, қобыз үні тағы да үзілместен жалғасын
табады.
Ықылас – қазақтың ұлттық ыспалы аспапты музыкасының
көрнекті өкілдерінің бірі.
Тұлғасы рухани тарихымыздың
төрінен орын алған. Ол – атақты Қорқыт бабадан кейінгі қобызға тіл бітірген адам.
Қобыздың құдіретті үнін түрлендіріп құбылтқан Ықылас – ғасыр үнін ғасырларға
жеткізген асқан күйші. Оның «Аққу», «Ерден», «Қасқыр», «Жалғыз аяқ», «Жез киік»
жəне тағы басқа күйлері – халықтың асыл мұрасы.
Көнеден жеткен қобыз өнерін артында қалған мұрагерлері жалғастырып келеді.
Дина Нұрпейісова (1861 – 1955) – Құрманғазының талантты шəкірттерінің бірі жəне
дəулескер күйші-сазгер. Ол Батыс Қазақстан облысындағы «Бекетай құм» деген жерде
дүниеге келген. Тоғыз жасынан домбыра тартқан. Динаның 1870
жылы Құрманғазымен
Достарыңызбен бөлісу: