ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
ƏН-КҮЙ ӨНЕРІ
«Досмұқасан»
Əр ауылдан Алматы қаласына оқуға келген бір
топ жігіттер Политехникалық институтта бастарын
қосады. Балалық шақтарынан музыкаға əуес болған
олардың қатарында – Мұрат Құсайынов, Досым
Сүлеев, Хамит Санбаев, Шəріп Омаров, Бақыт
Жұмаділов, Александр Литвинов жəне басқалары
бар еді. Бұл топ музыка мен əн жазып, алғаш рет
Баянауылда студенттердің құрылыс отрядында
концерт қояды. Бірақ ол кезде топтың арнайы атауы
жоқ болатын. Венгерлік достары Янош Карпатый
жігіттерге «Досмұқасан» деген атауды ұсынады.
Бұл сөз олардың есімдерінің алғашқы буындарынан құралған еді. Қазақстанның ұлттық
мақтанышына айналған топ өмірге осылай келген.
«Досмұқасан» ансамблінің репертуары халықтың құрметіне ие болып, сүйікті
əндеріне айналды. Бұл – «Той жыры», «Сұлу қыз», «Алматы түні», «Қайдасың»,
«Құдаша», «Куə бол», «Туған жер» жəне т.б. Тіпті Оңтүстік жəне Солтүстік Америкада
да, Еуропа елдерінде де осы топты қуана қарсы алған. 1977 жылы «Досмұқасан»
Америкаға бітімгершілік гастролімен барып, 180 концерт беріп келген.
МУЗЫКА ЗЕРТТЕУШІЛЕРІ
Ахмет Жұбанов
Ахмет Жұбанов (1906 – 1968) – Қазақстанның халық əртісі, қазақ
музыка зерттеушісі, академик, өнертану ғылымының докторы,
профессор. Ахмет Ақтөбе облысында дүниеге келген.
Əкесі мен ағасының ықпалынан музыка өнеріне деген
құштарлығы артып, жасынан домбыра, скрипка аспаптарында
ойнауды меңгерген.
Ахмет Алматы консерваториясының халық аспаптар кафедрасын
басқарды. Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрін
ұйымдастырды. Күй атасы Құрманғазының шығармашылығын
терең зерттеді. Оның күйлерін өңдеп, оркестрге түсірді. «Ғасырлар
пернесі», «Замана бұлбұлы» деген музыка мəдениетінің тарихын
жарыққа шығарды. Көптеген өнер адамдарын тəрбиеледі. Əн,
пьеса, операға музыка жазды. Өмірінің соңына таман бастаған
«Құрманғазы» операсын қызы Ғазиза Жұбанова аяқтады.
556
Достарыңызбен бөлісу: |