Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы


Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынасқа лингвистикалық тұғыдан қарау (подход)



бет24/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019
Cockney Dialect, Cockney Dialect, УМК психолингвистика 2019
1. Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынасқа лингвистикалық тұғыдан қарау (подход).

Психолингвистика-54 бойынша «лингвистика» дескриптивті лингвистика ретінде ұғынылады. Себебі Ч.Осгудтың американдық психолингвистикасының лингвисттер тарапынан қолдау табуы 50-жылдардағы классикалық дескриптивті лингвистикада тоқырауға байланысты еді. Соғыс жылдарынан кейінгі уақытқа сәйкес келген дескриптивті лингвистиканың шырқау биігі өзінің дербес дескриптивтік әдіс-тәсілдерінің мүмкіндігінің түгесуіне ауысты. Сонымен қатар, Н.Хомскийдің теориясының пайда болуы («60-жылдардағы психолингвистикадағы транформациялық бағыт» тарауына қараңыз) және оның америка лингвистикасындағы үлкен беделге ие болуын да ескеру қажет. Н.Хомскийдің трансформациялық грамматикасының І вариантының пайда болуы шамамен Психолингвистика-54-тің дүниеге келуіне сәйкес келеді. Дескриптивті лингвисттер және дескриптивті емес лингвисттер арасындағы дискуссиялардың бірі «сөз» мәселелсінің айналасында болды: Сөз дегеніміз не? және тілдік бірлік ретінде сөз өмір сүре ала ма? Дескриптивті лингвистика «сөз» ұғымынан бас тартты, «морфема» жөнінде ғана сөйлеуді жеткіікті деп тапты. Сонымен, психология «сөз» ұғымымен, ал дескриптивті лингвистика «морфема» ұғымымен ғана шектелуді жөн көрді. Дескриптивті лингвистикада ең кішкентай бірлік «фонема» болып есептеледі. Дегенмен, реальды ситуацияда сегменттелген (бөлшектенген) сөйлеу ағынының (поток речи) «табиғи» бірлігі рөлін буын атқарады. Айталық, мама сөзін «аңғал тіл иесі» (наивный носитель языка) фонемаларға (м-а-м-а) емес, буындарға (ма-ма) бөледі. Дескриптивті лингвистика синтаксистік деңгейге келгенде «сөйлем» бірлігімен жұмыс істейді. Осылайша, екі бірліктер қатары келіп шықты: лингвистикалық (фонема, морфема, конструкция) және психологиялық (буын, сөз, сөйлем). Дегенмен де, Психолингвистика-54-те екі ұғымдар қатарының қақтығысының болмауы мүмкін емес. Қазіргі таңда Ч.Осгудтың еңбектерінде қарастырылғандай, морфема қай механизмде, ал сөз қайда қызмет атқарады деп деңгейге бөлу орынды деп айтуға келмейді. Бірақ бұл проблеманың қойылуының өзі бұл бірліктердің екеуінің (лингвистикалық және психологиялық) реальдылығын тұжырымдайды. Бұл – ғылым үшін жаңа ситуация.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет