«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 11класс


Тапсырма Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз



бет3/3
Дата19.12.2021
өлшемі21,17 Kb.
#103282
1   2   3
Байланысты:
тжб11 тіл шығару
!10-ОШ БЖБ Информатика 7-сын қаз (1), диагностика
Тапсырма
Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз
17 ғасырдың соңы, 18 ғасырдың басынан бастап Ресейдiң және Батыс Еуропаның бiрқатар елдерiнiң ғалымдары Қазақстан аумағы мен халқын, оның тарихын, мәдениетiн, тұрмысы мен салтын зерттей бастады. Осы өлкенi алғашқы зерттеушiлердiң бiрi орыс картографы С.У.Ремезов болды, ол «Сiбiр халықтары және олардың шекаралары туралы сипаттама» деген еңбек жазып қалдырды. 18 ғасырдың алғашқы ширегiнде Қазақстанда И.Д.Бухгольцтың, С.Лихаревтың, И.Унковскийдiң және басқа ғалымдардың экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргiздi. Олар Ертiс өзенiнің алабын Зайсан көліне дейiн, Тарбағатай тауының және Жетiсу Алатауының сiлемдерiн зерттедi. А.Бекович-Черкасскийдiң ғылыми экспедициясы Арал теңізін және Каспий теңізінiң аумағын картаға түсiрдi, сондай-ақ, қазақ халқы туралы кейбiр этнограф мәлiметтер жинады. Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейiн (1731), оны ғылыми тұрғыда зерттеу iсi неғұрлым кең түрде және жедел қарқынмен қолға алынды. 1725 жылы құрылған Ресей ғылым академиясы Қазақстан өлкесiн географиялық, геологиялық және этнографиялық тұрғыда зерттеу үшiн 1733 жылдың өзiнде-ақ экспедиция ұйымдастырды. 1733 жылдан 1771 жылға дейiн Баты Қазақстанға академияның көптеген экспедициясы келiп қайтты, бұл экспедицияларды С.П. Крашенинников (1711-1755), И.Г.Гмелин (1709-1755), И.И.Лепехин, П.С.Паллас, И.П.Фальк, П.И.Рычковтар басқарды. Орынбор тұрақты экспедициясы құрылды, оған И.ККирилов, П.И. Рычков, В.Н.Татищев (1686-1750) сияқты белгiлi орыс ғалымдары жетекшiлiк жасады.

  1. Мәтін қай стильде жазылған?

    1. ауызекі сөйлеу стилінде

    2. көркем әдебиет стилінде

    3. ғылыми стильде

    4. ресми іс қағаздар стилінде [1]
      2. Мәтіннің стилін қандай тілдік ерекшеліктер арқылы дәлелдейсіз?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [2]

Мәтіннің құрылымы қандай? Талдап жазыңыз.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [2]


  1. Мәтін қалай рәсімделген? Дәлелдеңіз.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [2]

  1. Мәтіннің жанрын анықтаңыз және мәтіннен дәлел келтіре отырып, 3-4 сөйлеммен жазыңыз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [3]

  1. Мәтіннің құрылымы қандай? Талдап жазыңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [2]

  1. Мәтін қалай рәсімделген? Дәлелдеңіз.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [2]

  1. Мәтіннің жанрын анықтаңыз және мәтіннен дәлел келтіре отырып, 3-4 сөйлеммен жазыңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [3]

Жазылым

Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, 150-180 сөзден тұратын әңгіме не естелік жазыңыз. Жазылымыңызда көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданыңыз. Жазу барысында орфографиялық нормаға сай жазу мен тыныс белгілерін орынды қолдануды ескеріңіз.

[10]


  1. Елімнің өткені ...

  2. Бүгінгі жетістігім елім үшін

Жазылым

Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, 150-180 сөзден тұратын әңгіме не естелік жазыңыз. Жазылымыңызда көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданыңыз. Жазу барысында орфографиялық нормаға сай жазу мен тыныс белгілерін орынды қолдануды ескеріңіз.

[10]


  1. Елімнің өткені ...

  2. Бүгінгі жетістігім елім үшін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет