«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Театр өнері мен мәдениеті. Синтаксис



бет6/6
Дата21.01.2022
өлшемі21,98 Kb.
#113175
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8 қт ТЖБ 4т
8 қт ТЖБ 4т , 1635245543, 1635245543, Промежуточный контроль, Резюме образец
Діни туризм

Діни туризм Қазақстанда көбінесе мұсылмандық діни нысандарға барумен байланысты. Мұнда ислам жолын қуушылар әйгілі дін негізін қалаушылардың мешіттері, кесенелері, молалары мен қабірлеріне бара алады. Мысалы, Қожа Ахмет Яссауи және Арыстан баб кесенелері, Шақпақ-Ата мен Бекет-Ата жер асты мешіттері және тағы басқалары.

Қазақстанның заманауи діни құрылыстары қажылыққа баратын адамдарды да қызықтырмай қоймайды. Мұндағы Нұр-Сұлтан қаласының маржаны «Қазақ елі» басты алаңында орналасқан «Қазірет Сұлтан» мешіті болып саналады.

Ислам мешіттерімен қатар, Қазақстанда Вознесенский кафедралы соборы, Успенский кафедралы соборы, Свято-Троицкий ғибадатханасы, Воскресенский соборы (Семей қ.) сияқты керемет православие шіркеулердің біразы бар.

Елдің оңтүстік-шығысы мен Алтайда Қазақстан аумағындағы буддизмның болу тарихын айқындайтын нысандар қатары бар.

Іскерлік туризм

Іскерлік туризм жыл сайын қонақтардың көбісін Қазақстанның ірі қалаларына баурайды. Ол, бірінші кезекте, Нұр-Сұлтан, Алматы және Атырау. Мұнда шетелдік бизнес-туристердің әсерлі санын елге тартатын түрлі-түрлі аймақтық және халықаралық конференциялар, саммиттер, симпозиумдар жиірек өткізіледі.



Туризмнің бұл түрін дамыту үшін ел қалаларында ылғи туристердің әр түрлі топтарына қарай ыңғайландырылған мейманханалар салынып тұрады: ол ең әйгілі әлемдік қонақ үй желілерінің бес жұлдыз меманханалары және жайлы шағын қонақ үйлері, сонымен бірге хостелдар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет