Азаматтық құқық ұғымын сипаттап жазыңыз


Меншік құқығына ие болу негіздерін көрсетіңіз



бет21/37
Дата14.02.2023
өлшемі90,05 Kb.
#168646
түріКодекс
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37
Байланысты:
Азаматтық сессия
Тәңірберген Жанерке (БӨТ), Физиканы медицинада қолдану негіздері Катпаева К.А (копия), бөж Нұрайка есептер қр қылмыстық, хим.ж Нози БӨЖ-2, 28 сертификат (1)
49. Меншік құқығына ие болу негіздерін көрсетіңіз
Меншік иесі бар мүлікке меншік құқығын өзге тұлғалар са- тып алу сату, айырбас, сыйға тарту немесе мүлікті иеліктен шығару жөніндегі өзге де мəмілелерге сəйкес ала алады. Шарт бойынша мүлiк алушының меншiк құқығы, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, зат берiлген кезден бастап пайда болады.
Егер мүлiктi иелiктен айыру туралы шарт мемлекеттiк тiркеуге не- месе нотариалдық куəландыруға жататын болса, алушының меншiк құқығы тiркелген немесе нотариат куəландырған кезден бастап, ал шартты нотариаттың куəландыруы да, мемлекеттiк тiркеу де қажет болған жағдайда ол тiркелген кезден бастап пайда болады.
Заттардың алушыға тапсырылуы, сол сияқты, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, алушыға жөнелту үшiн көлiк ұйымына өткiзу жəне иелiктен айырылған заттарды жеткiзiп беру мiндеттемесiнсiз алушыға салып жiберу үшiн почтаға өткiзу- заттардың берiлуі деп танылады. Егер затты иелiктен айыру туралышартты жасасу кезiнде-ақ ол алушының иелiгiнде болса, зат оған сол кезден бастап берiлген деп танылады. Затқа коносамент немесе өзге де өкiмшi құжат беру заттарды беруге теңестiрiледi.
Азамат қайтыс болған ретте оған тиесiлi мүлiкке меншiк құқығы өсиетке немесе заңға сəйкес мұрагерлiк бойынша басқа адамдарға көшедi.
Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған ретте оған тиесiлi мүлiкке меншiк құқығы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықты мирасқорларына – заңды тұлғаларға көшедi.
Егер, тұлға меншік иесінен заңи негіздер бойынша алынған мүлік- ті заңнамалық актілерде бекітілген тəртіптерде жəне жағдайларда алатын болса, онда аталған мүлiкке меншiк құқығын осы тұлға алады.
Жаңа меншік иесіне заттың өзі ғана емес, оған байланысты барлық құқықтар мен міндеттер де ауысады. Мысалы, меншік иесі затты иеліктен шығарған ретте кепіл, жалға алу құқықтары да бірге ауыса- ды. Міне, осылайша, меншік құқығын алудың туынды əдістері кезінде əрдайым құқықмирасқорлығы орын алады. Иелiктен айырылған заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi, сатып алушыда меншiк құқығы пайда болумен бiр мезгiлде соған көшедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет