Азаматтық құқық ұғымын сипаттап жазыңыз


Шарттың ұғымы мен шарттан туындайтын құқықтық қатынастарды түсіндіріңіз



бет29/37
Дата14.02.2023
өлшемі90,05 Kb.
#168646
түріКодекс
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37
Байланысты:
Азаматтық сессия
Тәңірберген Жанерке (БӨТ), Физиканы медицинада қолдану негіздері Катпаева К.А (копия), бөж Нұрайка есептер қр қылмыстық, хим.ж Нози БӨЖ-2, 28 сертификат (1)
64. Шарттың ұғымы мен шарттан туындайтын құқықтық қатынастарды түсіндіріңіз 
Шарт дегеніміз — азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтату туралы екі немесе одан да көп адамның келісімі. Соңдықтан да шарт тиісті шарттық міндеттемелік құқық қатынастары туындауына негіз болатын заңды факті болып табылады. Шарт ретінде тараптардың құкықтары мен міндеттері жазылып тиісінше ресімделген құжатты да түсінуге болады.
1. Шарттан мiндеттемелiк, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкiн.

2. Шарттан туындаған мiндеттемелерге, осы тараудың ережелерiнде және осы Кодексте аталған шарттардың кейбiр түрлерi туралы ережелерiнде өзгеше көзделмегендiктен, мiндеттемелер жөнiндегi жалпы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 268-377-баптары).



3. Шарттан (бiрлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнiнен өзгеше туындамаса, осы тараудың ережелерi қолданылады.


65. Шарттың түрлерін түсіндіріңіз
Шарттың әрқилы болып келуі азаматтық құқықта оларды топтастыруға жол ашады. Шарттарды топтастыру олардың негізгі белгілеріне орай жүргізіледі (өзіне тән шарт белгілері).
Біржақты және екіжақты шарттар. Біржақты шарт деп бір жақта тек құқық, ал екіншісінде тек міндет болатын шартты айтады. Оған өсиет қалдыру шарты жатады, борышқор қарызын қайтаруға міндетті, ал несие беруші оны талап етуге құқылы. Шарттардың көбі екіжақты болып келеді (сату-сатып алу, мүліктік қарыз, жеткізу шарттау, мердігерлік, тасымалдау және т.б.). Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушы сатылған затты сатып алушыға тапсырылуы керек, бірақ одан ақша төлеуді талап етеді, ал, сатып алушы заттың құнын төлеуге міндетті, және затты өзіне беруді талап ете алады.
Шарт ақылы және ақысыз болып бөлінеді. Ақылы шарт бойынша өз міндетін атқарған жақ ақысын алуға, не қарсы талап қоюға құқылы (мысалы, тапсырылған затқа атқарылған жұмысқа, істелген қызметке ақша алады, тапсырылған мүлкінің құнын алады). Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай, немесе ешнәрсе бермей ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады (АК-тің 384-бабының 2-тармағы). Шарт бойынша тарап өз міндеттерін орындағаны үшін ақы алуы немесе бір-біріне бірнәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Жоғарыда айтқан ақысыз шартқа мысалы, сыйға беру, мүлікті ақысыз тегін пайдалану, кейбір жағдайда сақтау жатады.
Консенсуалды (келісім) және нақты шарт. Консенсуалды шарт дегеніміз әржақтың келісімі бойынша жасалатын шарт. Бұл шарт олар келісімге келген бойда күшіне енеді де әржақтың құқықтары мен міндеттері туындайды (мысалы, сатып алу сату, мүлікті жалдау мердігерлік және т.б.).
Нақты шарт дегеніміз заттарды тапсыруы сәтінде ғана құқықтар мен міндеттер туғызатын шарт болып табылады (мысалы, займ шарты, азаматтардың қатысуымен сақтау шарты).
Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт. Әдетте міндеттемелер бойынша құқықтар мен міндеттерді алатындар –сол міндеттемеге қатысушылар. Алайда азаматтық айналымда басқа да түрлі міндеттемелер кездеседі, кейбір міндеттемелер мен талап құқығын міндеттемелерге не тікелей өзі, не өзінің уәкілі арқылы қатыспайтын үшінші жақ алады.
Үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт-бұл тараптар несие берушіге емес, шартта және борышқордан міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқығы бар үшінші жақ үшін жасалған шарт (АК-тің 391-бабы). Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шартты үшінші жаққа орындау жөніндегі шарттан бөлектеу қажет, өйткені, ол орындауды талап ету құқығын ешқашан еншілемейді. Аталған тұлға тек орындауды ғана қабылдауға уәкілетті, несие берушінің өзі де оны орындау ретінде қарайды. Үшінші тұлғаның айырмашылығы-шартты орындауды талап ету дербес құқығы болмайды. Ондай құқық үшінші жаққа шарт бойынша беріледі.
Азаматтық кодексте шарттың мынадай түрлері бар: жария шарт, қосылу шарты, алдын ала жасалған шарт, аралас шарт.
Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе, қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шарт-жария шарт деп танылады (АК-тің 387-бабының 1-тармағы).
Одан ұйымдарға бөлшек сауда, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана, банк қызметін көрсету және т.б. жатады. Аталған ұйымдардың тұтынушыларға тауар беруде, қызмет көрсетуде, жұмысты орындауда бас тартуына жол берілмейді. Шарт жасауға міндетті тарап оны жасасудан жалтарса, екінші тарап жасасуға мәжбүр ету туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы (АК-тің 399-бабының 4-тармағы).
Коммерциялық ұйым жария шартты жасауға қатысты бір тұлғаға басқа тұлғалар алдында, егер заңда немесе нормативтік актілерде өзгеше көзделмесе, ешқандай артықшылық беруге құқығы жоқ. Шартта көрсетілген талаптар, мәселен, тауарлардың, қызмет көрсету мен жұмыстардың құны тұтынушылардың бәріне бірдей болады. Тұтынушылардың кейбір категорияларына жеңілдік беруге заңдармен жол беретін жағдайлар есептелінеді (АК-тің 387-бабының 2-тармағы). Ондай тұтынушыларға, мысалы, мүгедектер, соғыс ардагерлері және т.б. жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет