Азаматтық құқық ұғымын сипаттап жазыңыз


Меншік құқығының тоқтатылу негіздерін түсіндіріңіз



бет31/37
Дата14.02.2023
өлшемі90,05 Kb.
#168646
түріКодекс
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37
Байланысты:
Азаматтық сессия
Тәңірберген Жанерке (БӨТ), Физиканы медицинада қолдану негіздері Катпаева К.А (копия), бөж Нұрайка есептер қр қылмыстық, хим.ж Нози БӨЖ-2, 28 сертификат (1)
68. Меншік құқығының тоқтатылу негіздерін түсіндіріңіз
249 бап 
Меншiк құқығы меншiк иесi өз мүлкiн басқа адамдарға берген, меншiк иесi меншiк құқығынан бас тартқан, мүлiк қираған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлiкке меншiк құқығынан айрылған жағдайда тоқтатылады.
2. Мүлiктi меншiк иесiнен мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жол берiлмейдi, бұған мына реттер:

1) меншiк иесiнiң мiндеттемелерi бойынша мүлiкке өндiрiлiп алынған ақы айналымға түскен;

2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгiлi бiр адамға тиесiлi бола алмайтын мүлiктi ықтиярсыз иелiктен айырған;

3) реквизицияланған;

4) тәркiлеген;

5) жер учаскесiн алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлiктi мәжбүрлеп иеліктен шығарған;

6) күтiмсiз ұсталған тарих және мәдениет ескерткіштерін, мәдени құндылықтарды алып қойған

7) мемлекет меншігіне алып қойған; 

8) осы Кодекстің 218-бабына сәйкес ортақ мүлiктi бөлу не одан үлестi бөлiп шығару мүмкiн болмаған жағдайда соттың шешімі бойынша жария саудада мүлікті сатқан реттер кірмейді. 

3. Мемлекеттік меншіктегі мүлік:

1) азаматтар мен заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда, шарттарда және тәртiппен; 

2) мемлекеттік меншік объектілерін заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын төлеуге (қалыптастыруға немесе ұлғайтуға) беру арқылы;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген өзге де жағдайларда иеліктен шығарылып, жеке меншікке беріледі.

3-1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тек мемлекеттік меншікте ғана болатын мүлік, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес иеліктен шығаруға жатпайтын мүлік иеліктен шығару объектісі бола алмайды.

4. Азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншiгiндегi мүлiктi мемлекеттiк меншiкке айналдыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған ретте (ұлт меншiгiне алу) осы Кодекстiң 266-бабында белгiленген тәртiп бойынша оларға шығындары өтеледi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет