1. Өндірістік тәуекел - өнім тауар өндіруге және қызмет көрсетуге, кез келген өндірістік қызмет түрін жүзеге асыруға байланысты. Ол әртүрлі болжауға келмейтін факторлар әсерінен өндіріс процесінің өзгергіштігімен байланысты.
Өндірістік тәуекелдің негізгі себептері өндірістегі мәжбүр үзілістер, өндірістік қорлардың шығып қалуы, айналым қаржыларының жоғалтулары, жабдықты, шикізатты уақытында жеткізбеу және т.б. болып табылады.
2. Коммерциялық тәуекел кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауарларды және қызмет көрсетуді өткізу процесінде туады. Коммерциялық тәуекелдің себептері-коммерциялық қызмет жағдайында нарық конъюнктурасындағы күтпеген өзгерістер болуы мүмкін.