Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



Pdf көрінісі
бет28/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

Төбемнен жай түскендей болды. Бұл биылғы оқу 
жылында болды» [379].
Балалар мектепте өзге балалардан ақша бопса-
лап қана қоймайды, кейде олар басқа балалар-
ды ұялы телефон, киім-кешек сияқты жеке зат-
тарын алып қояды. Кей жағдайларда олар тіпті 
асханадан сусын мен тамақ сатып алып беруге өз 
ақшаларын жұмсауды талап еткен.
«Жоғары сыныптың баласы мектеп асхана-
сынан тамақ пен сусын алып бер деп менің сы-
ныптасымды мәжбүрлейтін. Ол әлгі балаға 
ақшам жоқ, ештеңе сатып алмадым дегенде 
оны сабақтан кейін бір-екі рет ұрып кетіпті. 
Ол маған айтты. Бұл – екі апта бұрын болған 
жағдай. Егер оларға бүгін ештеңе сатып ала ал-
маймын десең, олар бүгінге және ертеңге ақша 
алып кел дейді» [193].
«Біздің мектептің балалары жаман. Сондықтан 
олар үнемі бір-бірімен төбелесіп жүреді. 
Дауласады да жатады және мұғалімдердің 
сөзін тыңдамайды. Тіпті мұғалімдердің өзін 
ұрған жағдайлар да болды. Мен 8-сыныптың 
баласының бір баладан күртешесін тартып алып 
жатқан жерін көрдім. Бұл жақында болды, бір-
екі апта бұрын болған жай» [255].
«Бізге темекі сатып алуға әмір берілген және 
жеке заттарымызды тартып алып, ақша та-
лап еткен жағдайлар болды. Бұл бір апта бұрын 
болған жай еді. Мұндай жағдай жиі болып 
тұрады: аптасына бір рет. Олар жай қолмен 
ұрады, ал сосын қолдарында не болса, сонымен 
ұратын болды» [236]. 
Жыныстық сипаттағы ишаралар мен қысым 
көрсету
Әңгіме жүргізілген 402 баланың ішінде 4,0%-
ы мектепте жыныстық сипаттағы ишаралар мен 
қысым көрсетуге куә болғанын хабарлады және 
3,0% бала өзге мектептің оқушылары тарапы-
нан жыныстық сипаттағы ишаралар мен қысым 
көрсетулердің құрбаны болған. Көп жағдайда мек-
тепте ер балалар тарапынан қыз балалар жыныстық 
сипаттағы ишаралар мен қысым көрсетуге ұшырап 
жатады. Бір баланың айтқанындай: «ер балалар 
қыздарды мазақтап, ат тағады» [137]; ал басқа 
екі баланың толықтыруы бойынша: «ер балалар 
қыздарды аяғынан шалып, оларды итеріп, жеке 
заттарын тартып алады» [125 ] және «ер балалар 
қыз балалардың құйрығынан шапалақтап ұрады» 
[136]. «Бір рет ұл бала менің құйрығымнан ұстап 
алды, сондай жиіркенішті еді, қатты ұялдым», – 
деп түсіндіреді бір қыз бала [137].
«Иә, олар мені дөрекілікпен ұстап алып, ары-бері 
жұлқылады. Қолдарым көгеріп қалды. Ұл балалар 
қыздарды келеке етіп күледі, оларды ренжітеді. 
Олар қыз баланы итереді, сосын басқасы 
итереді, сонымен бәріне қызық, ал қыз балаға бұл 
қызықсыз» [294].
Жоғарыда келтірілген мысалда айтылғандай, 
кейбір жағдайларда жыныстық сипаттағы иша-
ралар мен қысым көрсету шынымен жүзеге асып, 
жыныстық жақындасулардың (қыз балалардың 
сексуалды органдарына) барын көрсетеді және 
«қыз балаларды аяқтан шалып, етегінен тар-
тады; сенің арық болғаныңа олар күледі, бұл, 
әрине, жан ауыртатын жағдай» [28]. Бір баланың 
айтуынша, «мына бала қыздарға тиіседі, тіпті 
аяқтары мен кеудесіне де» [140]. Ал басқа бала 
былай дейді: «Біздің ұлдар қыздарға тиіседі, тіпті 
қыздарды ұстап алып, омырауына қол тигізеді, 
жүгіріп бара жатып құйрығынан шапалақтап ұрып 
кетеді. Мұндай жағдай қыздардың басында күнде 
болады» [94]. Өз мектептерінде ұл балалар тара-
пынан қысымға ұшыраған бес бала жыныстық 


53
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
сипаттағы ишаралар мен қысым көрсетуге тап 
болғанын айтты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет