49
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Қыздар арасында зорлық-зомбылық жасау,
психологиялық
қысым көрсету ғана кездеспейді,
кейбір үлкен қыздар басқа балалардан ақша тар-
тып алады. Көп жағдайларда қыздар ер бала-
лардан гөрі өздерінен жасы кіші қыздарға қысым
көрсетеді, ал кей кездері әлсіз ұлдарға да қоқан-
лоққы жасайды.
«Қыздар да төбелесе алады. Жақында біздің
сыныптағы бір қыз басқа қыздың партасының
қасынан өтіп бара жатып, аңдаусызда жер-
ге қаламсауытын (пенал) түсіріп алады. Ол қыз
кешірім сұрағысы келген еді, бірақ ана қыз шашы-
нан ұстап алып, ұра бастады. Осылайша төбелес
басталды. Бұл оқиға жақында ғана болды, кейін
мұғаліміміз оларды айырып, оқу ісін меңгерушіге
алып барды» [167].
«Мен бір қыздың басқа қызды ұрып жатқанын
көрдім. Мен олардың не үшін төбелесіп жатқанын
білмедім. Бірақ жоғары сыныптың бір қызы өзінен
екі жас кіші қызды ұрып жатқанын көрдім. Бұл
оқиға 3-4 ай бұрын болған еді» [253].
«Өткен жылдың мамыр айында мен киiм шешетiн
бөлмеге кірген едім, бірнеше қыз «Есікті жап!»
деп айқай салды. Мен есікті жаптым да, ішке
кірдім. Олар менен кім екенімді, қай сыныпта
оқитынымды сұрады. Мен жауап бермедім. Олар
менің жейдемнен тартып, мойнымнан қысты да,
жауап беретін тілің бар ма деп сұрады. Басқа
қыздар бұны көріп, жібере сал деді. Әйтеуір олар
мені жіберді» [256].
«Олар мені өсекші деп ойлайды. Мені бір қызға
жала жапты деп айыптады. Бүгін ол қыз басқа
психикалық ауытқуы бар қызға мені бір ұр деп
айтты. Мұндай жиі болады. Ал ол қыз болса
маған жұдырығын ала жөнеледі. Әрине, мен бұған
ренжимін, мен ешнәрсеге кінәлі болмасам да, мені
ұрады. Ол қыздың ақыл-есі кем, сондықтан да
бір нәрсе ұнамай қалса, бірден төбелесе кетеді.
Мен оған ренжимін де қоямын, ол қыз ересек әрі
менен мықты болғанына ашуланамын. Менің
бұл жағдайым одан бетер жаман бола ма деп
қорқамын» [63].
«Мен мектептегі төбелестерді көрдім. Ең
қызығы, екі қыздың бір-бірінің шашын жұлып,
төбелескендері болды. Төбелесіп жатқандар
– бір сыныптың қыздары, бірақ мен олардың не
үшін төбелесіп жатқандарын білмедім, өйткені
мен оларды көрген кезде олар төбелесіп жатқан
болатын. Бірақ бір себеп болу керек қой, олардың
біреуі екіншісін балағаттап жатты. Басқа
оқушылар оларды айыра бастады, өйтпегенде
олар бір-бірінің шашын жұлып бітірер еді» [133].
«Қыздар бір-бірінен ақша сұрап, төбелес бастай-
ды. Бұл оқиға бір ай бұрын болған еді. Бұндай
оқиғалар кей кездері ғана болып тұрады. Олар
бір-бірінің шаштарын жұлып, беттерін тырнап,
төбелеседі. Бұдан ешқандай қауіпті жағдайлар
болған емес, тек тырнау, көгерту ғана. Басқа
сыныптың қыздары маған тиісіп, ақша сұрады,
менімен төбелескілері келді. Бірақ біз тек
тәжікелестік» [255].
Кейбір ер балалар қыздардың да зорлық-
зомбылық жасайтынын біледі, өйткені олар
мектепте басқа қыздар жәбірлеп жатқан қызды
қорғау үшін олардың төбелестеріне араласуға
мәжбүр болатындын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: