Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі



Pdf көрінісі
бет24/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

 
 
 
 
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРГЕ БАРУЫНЫҢ
АЛДЫН АЛУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІ 
 
Усенова Динара Магжановна 
СҚО, Жамбыл ауданы, Айтуар негізгі орта мектебі 
Әлеуметтік педагог 
Қазіргідей жаһандану жағдайында балалар мен жасөспірімдерді тәртіп бұзушылық пен қылмыс жасаудан 
сақтандыру, құқықбұзушылықтың алдын алу мектептің тәрбие жүйесіндегі басты міндет болып қала бермек. Құқықтық 
тәрбие берудің негізгі мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық дүниетаным қалыптастырып, оларды 
құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға тәрбиелеу. 
Бала бойындағы қалыптасу табиғаты үш кезеңнен тұрады: Даму. Есею. Еркіндік. Кәмелетке толмағандар осы 
кезеңдерден өту барысында қылмыстық сипаттағы жағдайларға тап болып жатады. 
Жасөспірімдердің қылмыстық әрекеттерге баруының басты себептері мына жағдайлар болады: 
Отбасының жасөспірім қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауы салдарынан, яғни әлеуметтік-материалдық 
жағдайдың төмендігі; 
Баланың айналасындағы қатарластарынан кем қалмай өзін «батыл» етіп көрсеткісі келуі және еліктеуі, ағынға еруі; 
Ғаламтор ақпараттары мен түрлі кино, видео жазбалар, шытырман оқиғалы ойындарының бала психологиясына кері 
әсері; 
Кей жағдайларда бала бопсалаудың құрбаны болып, тығырықтан шығар амал ретінде де мәжбүрлі қылмысқа барады. 


26 
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық іс-әрекеттерінің алдын алудағы жұмыс мына қағидаларға сүйенуі керек: 

Ынталандыру; 

адамгершілік-гуманистік бағыт; 

түсіну және тілектестік; 

проблеманың алдын алу; 

уақытылы көмек және қолдау көрсету 

мамандардың кәсібилігі (психолог, инспектор, әлеуметтік педагог т.б.) 
Мектептің әлеуметтік паспортын жасақтаған кезде тұрмыс қиындығын көріп жүрген жасөспірім, девиантты мінез-
құлықтағы жасөспірім немесе тіпті тұйық балалармен жұмысты үнемі назарда ұстайды. Мұндай балалар мектепішілік 
бақылауда болатыны белгілі. 
Педагогтың мұндай санаттағы балалармен жасайтын жұмысының бағыттары мынадай сипатта болады: 
1) Тұлғаның әлеуметтенуіне ықпал етіп, жеке ерекшеліктері мен қызығушылықтарын зерттеу және анықтау; 
2) Баланы қылмысқа итермелеген себеп-салдардың негізгі көзін табу; 
3) Отбасылық қатынастар мен сыртқы ортамен байланыс сипатын зерттеу; 
4) Жинақталған ақпараттар мен мәліметтерге аналитикалық талдау жасап, психолог, инспектор, сынып жетекші, бір 
сөзбен айтқанда сол баланың тәрбиесінен шет қалмайтын адамдармен, ұйымдармен бірлесе отырып, баланы 
тәрбиелеудің кешенді жоспарын, іс-әрекеттер жүйесін құру. 
Жоғарыдағы мәселелер мынадай бағыттарды қамтиды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет