24
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ
ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
Уалитханова Арайлим Ханатовна
Атырау қаласы, №38 мектеп-лицейі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Әлеуметтік құрылымның демократиялық қайта құрылуы инклюзивті білім берудің қарқынды дамуына ықпал етті,
өйткені ол этникалық, тілдік, мәдени ерекшеліктеріне, психофизикалық ауытқуларына қарамастан барлығына кедергісіз
кеңістік құруды қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда әлемдік тәжірибеде инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың әртүрлі модельдері бар. АҚШ,
Финляндия, Норвегия, Франция, Швеция, Канада, Ресей сияқты елдерде инклюзивті білім беру тиімді жүзеге
асырылуда. Батыстың дамыған елдерінде ерекше білім қажеттілігі бар балалар қоғамға бейімделу мен әлеуметтенудің
жақсы нәтижелеріне ие. Бүгінгі таңда әлемде 190 миллионға жуық мүмкіндігі шектеулі адамдар бар. 2018 жылғы
статистикалық деректер бойынша біздің республикамызда 18 жасқа дейінгі 138 513 мүмкіндігі шектеулі бала бар, бұл
жалпы балалар санының 2,8%-ын құрайды. Біздің елімізде инклюзивті білім беру мемлекеттік саясатты жаңғыртудың
перспективалы бағыты болып табылады. Ол бірнеше қағидалармен өлшенеді. Атап айтсақ:
•
Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының сапалы білім алу құқықтарының теңдігі;
•
әрбір азаматтың зияткерлік дамуын, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, барлық
деңгейдегі білімнің қолжетімділігі;
•
білім берудің гуманистік сипаты
Жоғарыда аталған қағидаларды іске асыру жынысына, жасына,
физикалық, психикалық, әлеуметтік, этникалық
мүмкіндіктеріне және экономикалық мәртебесіне қарамастан, барлық адамдардың қоғамда табысты әлеуметтену
қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Мемлекеттік бағдарламада арнайы және инклюзивті білім беру стратегиясын
әзірлеу және оны енгізу
қарастырылған. Бұл бағдарламаға сәйкес, инклюзивті білім беруге жағдай жасайтын мектептердің үлесін жалпы мектеп
санынан 70%-ке дейін арттыру (қазіргі уақытта 38%), мүгедек балалар үшін «кедергісіз қол жетімділікті» құрайтын
мектептердің үлесін жалпы мектеп санынан 20%-ке арттыру, инклюзивті білім берумен қамтылған балалардың үлесін,
дамуында арнайы қажеттілігі бар балалардың жалпы санынан 50%-ке арттыру қарастырылған.
Осы мәселелерге Елбасы Н.Ә.Нaзapбaев өзінің 2012 жылғы хaлыққa Жoлдaуындa тереңірек тоқталады. Ол өзінің
еңбегінде болашақ маманды кәсіби даярлау барысына шолу жасай отырып, мынандай тұжырым жасаған болатын,
еліміздегі адам капиталы маңызды құндылық болып табылады, оның өсіп, өркендеуі денсаулықты сақтау мен білім беру
жүйесіне тікелей байланысты болмақ.
Жaһaндaну кеңіcтігінде қoғaмның жедел дaмуы инклюзивті білім беpу жaғдaйындa оқушыларды әлеуметтік
қолдауға үлкен септігін тигізеді. Ocы opaйдa, Қaзaқcтaнның инклюзивті білім мәселесі жaңa pефopмaны жүзеге acыpып
үлгеpді. Бұл жеpде өтпелі кезеңді бacынaн өткізіп жaтқaн біздің еліміз үшін инклюзивті білім жүйеcін pефopмaлaу жaңa
құбылыc бoлып тaбылaтындығын aтaп өту қaжет.
Инклюзивті білім беру – гуманизмге, руханилылыққа, әлеуметтік әділдікке жетелейтін әрі солардан бастау алатын,
өзіндік ерекшелігі бар бағыт. Адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттары әрбір адамның қоғамдық өмірге
теңдікпен және дискриминациясыз араласуы керек деген идеяға негізделетіні белгілі. Сондықтан да әлемдік білім беру
жүйесінде соңғы жылдары жаңашыл
идеялар көптеп енгізіліп, олардың діңін ЮНЕСКО-ның «Білім барлығы үшін»
бағдарламасы қалап келеді.
Оқыту ұйымдарына инклюзивтік білім беруді енгізу процесі – уақыт талабы. Дегенмен, бұл қадам – білім беру
жүйесіндегі гуманизмнің қарқынды даму нәтижесі екенін де атап өту керек. Әрине, өскелең ұрпаққа, олардың
физикалық, интеллектуалдық, этникалық мүмкіндіктеріне тәуелсіз сапалы білім беруді, тәрбиелеуді, дамытуды және
әлеуметтендіруді қамтамасыз етуде практикада инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын
және кәсіби міндеттерді
шығармашылықпен шешетін, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік білімдерді терең меңгерген педагогтар
қажет. Сонымен қатар инклюзивті білім беру жағдайында оқушыларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау мәселесі
өзекті болып табылады. Себебі, бұл процесті жүзеге асыру барысында әлеуметтік педагогтар көптеген жағдайларда,
объективті кедергілерге кездесуде, атап айтқанда (сыныптардың толық жетіспеуі, материалдық базаның әлсіздігі,
дефектолог, логопед, мамандардың жоқтығы, әртүрлі деңгейлік
бағдарламалардың болмауы, ерекше қамқорлықты
қажет ететін балалармен өзара әрекеттесуде әлеуметтік педагогтың кәсіби құзыреттілігінің төмендігі, инклюзивті білім
беру жағдайында педагогикалық үрдісті жоспарлау, ұйымдастыру, жобалау және дамыту сияқты субъективтік
себептердің нығаюына байланысты әдістемелік дайындықтың жеткіліксіздігі және т.б.).
Біздің елімізде 1991 жылдан бастап әртүрлі проблемалармен айналысатын әлеуметтік педагог жұмыс жасай бастады.
Әлеуметтік-педагогикалық қолдау бағыты пайда болды. Осы орайда инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім
қажеттілігі бар балаларды оқу процесінде, әлеуметтік коммуникацияда, социумда әлеуметтенуде, өзара әрекеттесуде
әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету маңызды.
Интеграцияның алғышарттарын талдау барысында толеранттылық деген ұғымға ерекше назар аудару қажет. Қазақ
халқының мәдени дамуында толеранттылық ерекше орын алады. Оның астарында адамгершілік құндылықтары,
қайырымдылық, гуманизм қағидалары жатыр. Көшпелі қазақ даласында табиғатпен үйлесімді өмір сүрген халықтың
бойында осындай ерекше қасиеттердің болуы заңды құбылыс. Жетім, жеcіpлеpге, мүмкіндігі
шектеулі жaндapғa
25
қaйыpымдылық көрсету ежелден келе жатқан дәстүріміздің бірі. Oғaн дәлел, хaлқымыздың жыpлapы мен дacтaндapы,
еpтегілеpі мен мaқaл-мәтелдеpі, шешендік сөздері. «Жетім көрсен жебей жүр», «Жетімнің жасы удан да ащы» деген
мақалдар ойымызды нақтылай түседі. Қазақ халқы өзінің дүниетанымында көмекке мұқтаж адамдарға деген гуманистік
қағиданы ұстанған.
Әлеуметтік-педагогикалық қолдау оқушыларды қарым-қатынас жасауға, оқу процесінде еркін ұстауға, жалпы
белсенді әлеуметтенуге ықпал етеді.
Оқушыны әлеуметтік қолдау бірнеше мамандардың көмегімен жүзеге асады. Атап айтсақ,
психолог, логопед,
арнайы педагог, әлеуметтік педагог. Олар отбасымен бірігіп жұмыс жасайды. Ата-аналармен кездесу ұйымдастырып,
олармен кеңеседі. Әлеуметтік-педагогикалық қолдау арқылы отбасы мен мектеп арасында сабақтастық процесі жүзеге
асады. Ерекше білім қажеттілігі бар балалардың ата-аналарымен бірнеше жұмыстар жүзеге асыруға болады.
Мысалы, ата-аналар конференциясында әлеуметтік-педагогикалық қолдауға байланысты өзекті проблемалар
назарға алынады. Конференция барысында ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, баланы тәрбиелеу мен
оқытудың тиімді жолдарын ұсынады. Тәрбиедегі келеңсіз жағдайлардың алдын-алуға көмектеседі.
Конференцияда әртүрлі тақырыптар қарастырылады. Атап айтсақ, «Ерекше білім қажеттілігі бар балаларды
әлеуметтендіру», «Отбасын әлеуметтік-педагогикалық қолдау», «Аутист баланың зейінін тұрақтандыру», «Баланы
тәрбиелеуде қолданатын жаңа әдістер» т.б.
«Біз мектеппен біргеміз» атты ата-аналар мен оқушыларға арналған көрме ұйымдастыру
тәрбие жұмысының
мазмұнын жетілдіреді.
Ата-аналармен және оқушылармен әлеуметтік-педагогикалық қолдауды ұйымдастырудың тиімді әдісі
педагогикалық консилиум болып табылады. Консилиумға мектеп әкімшілігі және мамандар қатысады. Консилиумның
мақсаты- бала тәрбиесінде ата-аналарға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету.
Әлеуеттік педагогтың ата-аналармен және оқушылармен жұмыс жасау барысында кеңес берудің пайдасы зор. Кеңес
беру арқылы әлеуметтік педагог ата-анаға және оқушыға әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсетеді. Кеңес беру
әртүрлі педагогикалық және психологиялық тақырыптардың аясында жүргізіледі. Ата-аналарға бала тәрбиесіне
қатысты мынандай тақырыптар ұсынуға болады: «Отбасындағы бала тәрбиесінің мәні», «Тәрбиенің заманауи сипаты»,
«Баланың психологиялық портреті», «Әлеуметтік желі және бала тәрбиесі», «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» т.б.
Осы тақырыптардың аясында әлеуметтік педагог ата-аналарға және оқушыға кеңес береді.
Әлеуметтік-педагогикалық қолдау негізінде оқушының білім беру ортасына психологиялық конфорттық
жағдай жасау. Сыныптағы барлық оқушыға бірдей қабылдау. Олардың физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік,
этникалық, діни ерекшеліктеріне қарамай, қолдау көрсету. Ерекше білім қажеттілігі бар балалардың даму аймағына
сәйкес оқу бағдарламаларын бейімдеу. Ерекше білім қажеттілігі бар оқушылардың әлеуметтенуіне әсер ете отырып,
сабақтан тыс тәрбие шараларына қосу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Пайдаланған әдебиеттер.
1.
Н.Ә.Назарбаев Елбасының Назарбаев Университеті студенттері алдында сөйлеген сөзі. 5 қыркүек, -2012.
2.
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері. –Астана:
Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, -2015. -152б.
3.
Мовкебаева З.А., Оралканова И.А. Включение детей с особыми образовательными
потребностями в
общеобразовательной процесс. –Алматы: Эверо, -2019.-231с.
Достарыңызбен бөлісу: