Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі


ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Pdf көрінісі
бет27/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

 
ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Бадырова Нагима Кулбатыровна 
Түркістан облысы Арыс қаласы 
И.Журба атындағы жалпы орта білім беретін мектеп 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
Оқушылар сабаққа
қарағанда ойынды ұнататын белгілі. Ойын оқушылар сабақта зерігіп, шаршаған кездерінде 
сергіту мақсатында ғана емес, оларға негізгі ұғым, түсініктерді толық меңгерту мақсатында да жүргізіледі. Ойын 
арқылы оқушы өздігінен қорытынды жасай білуге машықтанады. Ойынның негізгі мақсаты- баланы қызықтыра 
отырып, өткен тақырыпты берік меңгерту, саналарында сақталып қалуға жұмыс жасау. Сондықтан ойынның пәндік 
мазмұны басты назарда болуы керек. Тек сол жағдайда ғана оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, білімдік, тәрбиелік 
мақсаттарға жетуге септігін тигізеді. 
Ойындарға қойылатын талаптардың өз алдына жеке мақсаттары: 
- ойынның мақсаты нақты әрі керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып қойылу керек; 
- ойын ережелері оқушыоардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі шағын болуы тиіс; 
- ойынға оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету қажет; 
- ойын жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім 
қабылдай алуларына, ойлана білулеріне жол көрсетуі қажет.
Қазақ тілі — әлеуметтік, рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі. Балалардың сөйлеу мүмкіндігінің 
даму барысында қазақ тілінің оқыту мен тәлім-тәрбие берудегі рөлі күннен-күнге арта түсуде. Қазақ тілін сөздерді, 
сөйлемдерді, диалог, монолог үлгілерін механикалық қайталай беру жолымен емес, жалпы белсенді түрде сөйлеу 
арқылы үйрету керек. Адам мәдениеті ойын арқылы дамиды, демек балалық шақтан бастап, қартайған кезге дейін 
адамды ойын жетелеп отырады. Ал бүгінгідей динамика ғасырында оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни ойын 
технологиясы арқылы баланың оқу ынтасын арттыру жеңіл болмақ.
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге 
ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға 
болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. 
Дидактикалық ойындар — балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары 
бар.Ойын сабақтың басында өткен сабақты еске түсіреді. 
Сабақтың соңында тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.Ойын – бала әрекетінің 
негізгі бір түрі. Бала үшін ойын – өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-
әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік 
рөлдер атқарады. Оқушылардың ойын кезіндегі белсенділігі көбінесе жарыс нәтижесін дұрыс есепке алуға байланысты. 
Оқушылар ойындағы өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Ойын нәтижелерін есепке алу түрліше: әрбір 
дұрыс орындалған грамматикалық ойын үшін ұпай есептеу, әрбір ұтылыс үшін кем ұпай беріледі, оқушылар тақтаға 
жазылған тиісті команда бағанындағы сөз немесе сөз тіркестерін жазып отыру; ол сөздерді есепке ала отыру; қол көтеріп 
немесе тиісті орфограммалар жазылған карточкаларды көтеру арқылы білімдерін анықтау; жаттығуға жіберілген 
уақытты есепке алу.
Ойындық технология мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешуін іздестіруге құрылады. Ойынның 
ұйымдастырылу түрлері: іскерлік ойындар, рөлдік және оқиғалық ойындар, саяхаттық және білімдік ойындар. 
«Түймедақ» ойыны. Септік жалғауды қайталап бекіту мақсатында жүргізіледі. Таблицаның басына «Түймедақ» деп 
жазылады да, оның астына дөңгелек сызылады. Дөңгелектің шетінен гүл тостағаншалары орналасатын тілік жасалады, 
оның гүл тостағаншалары тәрізді қағазға гүл, гүлдің, гүлге, гүлді, гүлде, гүлден, гүлмен деп жазылған сөздер жазылған 
қағаз жолақтар жасалады.
Ойнау шарты: атау септігінде тұрған «гүл» сөзі бар, бала оны дөңгелек тіліне іледі.«Суретті билет» ойыны. Сан 
есімді өткенде оқушыларға суреті бар кәртішкелер беріледі. Сөйлем құрап, сан есімді табады. Мысалы: оқушыларға 
гүл, торғай, қоян суреттері беріліп, солар бойынша заттың түрі мен түсі туралы сөйлем құрау тапсырылады. Сөйлемді 
тез, дұрыс құрап, ондағы заттың түсін білдіріп, қандай? деген сұраққа жауап беріп, сын есім болып тұрғанын айтып 
айтып берсе, сол бала жеңеді. Мысалы: Әдемі гүл өсіп тұр. Бір торғайға ұя жасадық. «Білім мен дәстүр сыны» ойыны. 
Ойынның шарты: 1-сұрағы сабақ мазмұнына байланысты, 2-сұрағы ұлттық дәстүрлеріміздің сол сабақпен 
байланысты тұстарын алу.«Қонақ» ойыны.«Синонимін табайық» ойыны. 
Ойынның мақсаты: Оқушылардың «Синоним» тақырыбынан меңгерген білімдерін тексеру, жылдам ой қорытуға 
баулу, сөздік қорын байыту. 


29 
Ойынның шарты: оқушыларға бір уақыт аралығында синонимдік қатар тузу тапсырылады. Сөз құрамы тақырыбын 
жүргізгенде «Орамал тастау» қазақтың ұлттық ойынын ойнатуға болады. «Мұғалім қай жерде қателесті?» ойынын да 
жүргізуге болады. Бұл ойынның шарты: мұғалім тақтаға бірнеше жұрнақ жазады, ал балалар жұрнақ болмай тұрған 
сөздерді табады. 
Мұғалім енді тақтаға бірнеше жалғау жазады, ал балалар жалғау болмай тұрған сөзді табады.«Кім тез?» ойыны. 
Интерактивті тақтада он екі суретті көрсетіп, әр қатардан 4 оқушы сурет бойынша сөйлем ойлап айтады. Интерактивті 
тақтадағы суреттерді (қозы, аңшы, бор, нан, алма, бота, күн, қыз, сүргі, ай, тышқан) қатыстырып тез сөйлем ойлады. 
Қозы, аңшы, бор, нан, т.б. сөздердің дыбыс құрамын, буын санын айтады. Қазақ тілін үйренуде рөлдік ойындардың 
пайдасы зор. Ойын балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл 
тиеді де, бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп, сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем 
беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал мұғалім тек бағалаушы болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет