Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org


Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы



Pdf көрінісі
бет8/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы
Б. Жұмалиев орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті 
пәнінің мұғалімі Сугирбаева Айсулу Туйежаевна
 Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» повесінен үзінді
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды мәтін мазмұнын өздіктерімен жете түсіне білуге жетелеу, логикалық және сыни 
тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілігін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
1. Карта бойынша жұмыс жасау 
2. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беру.
3. ООМ ( орынға отырғызу матрица) бойынша жұмыс: А В С Д Е F
II. Үй тапсырмасы 
III. Жаңа сабақ
2.
Кілтті сөздерді тақтаға жазу, мағынасын түсіндіру.
Тірек сөздер:
 Тарбағатай сілемдері, тағдыр, Күргейтас, қоржын, аманат, кәсіп.
1.Есте сақтау 7 сөз – 30 сек.
2.Тірек сөздер жабылады. ( Оқушылар тақтадағы барлық сөздерді естерінде сақтауы тиіс)
3.Дәптерге есте сақтаулары бойынша жазу , сөздердің ретін сақтамай жазуларына болады ( уақыт есте сақтау уақытына тең 
30 сек), уақыт аяқталғанда қаламды қою.
4.Көршісімен дәптер ауыстыру. (Тексеру, санау, дәптерді қайтып беру)
5.Нормаға сай есте қалған сөздерді айтқан оқушыға
ООМ ұяшығына алғашқы плюс белгісі қойылады.
6. Оқулықпен жұмыс:
Мәтінді түсініп оқу , сұраққа жауап алынатыны ескертіледі.
Мәтінді оқып шығу үшін уақыт беріледі. (8-сынып үшін мәтіннің бір парағына 4 мин)
7. Қарама-қарсы сұрақтар қою:
ООМ ұяшығына екінші плюс белгісі қойылады.

Оқиға қай мезгілде болды? (күз мезгілі)

Басынан бұлт кетпейтін шың? (Етікші шыңы)

Қарт нені талшық қып келе жатты? (бір уыс малта)

Өзенге түсе беріс алаңқайда нені көрді? (адамның қу басын)

Қарт Алладан неше күндік ғұмыр сұрады? (2 күндік)

Сөмкені неден жасады? (ешкінің терісінен)

Малта неден жасалады? (сүттен)

Қарт қайда бет алды? (туған жеріне)

Қарт малтаны неге құйып алды? (торсыққа)

Осы сапарға неше жыл дайындалды? (40 жыл)

Қарт немересін қалай бақты? (арқасына көтеріп жүріп)

Немересі мектепке барғанда не істеді? (той жасады)

Қартты осындай қиын шешімге жетелеген қандай күш? (туған жеріне деген сағыныш)

Түс кезінде қартқа не кездесті? (көкжал қасқыр)

Қарт қандай жерді паналады? (құз жартасты)

Қандай әрекет жасады? (бірнеше үлкен тасты қасына әкеп алды)

Өзеннің ағысы қандай? ( өте қатты)

Өзен қалай ағып жатты? (долдана ағып жатты)

Таулы өлкеде күн қалай батады? (ерте)

Төлеутай кім? (немересі)

Туыстары қалай қайтыс болды? (қалың сүзектен)

Қарт немен айналысты ?( аңшылықпен)

Түздегі қарттың ермегі? (қара мылтық)

Үйдегі ермегі? (қара домбыра, немересі)

Қарттың бойындағы ең асыл қасиет? (шыдамдылық)

Неге қатты өкінуші еді? (немересін сақтай алмағанына)

Қарттың соңғы арманы? (туған жерге жету)

Немересі қалай өсті? (зерек болып)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет