Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық



бет37/47
Дата22.05.2018
өлшемі9,62 Mb.
#40597
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47

Дастарханға бата. «Дастарханың мол болсын, абыройың зор болсын» (Ақ бата). Батаның екінші түрі дастарханға ризашылықпен беріледі.

...Сол үйлердің қонақасысы: қысырдың семіз тайынан, құнан қой, ту қойлардан, үйіткен марқадан басталады.Алшынбай Ұлжан отырған үйдің есігін аштырып, тысқа семіз асау құла тайды көлденең ұстап тұрып, қонақтардан бата тілетті. [М.Әуезов «Абай жолы», (Өрде), І кітап, 232 бет, 2002ж].

  1. Алғыс бата. «Бақ берсін, бар берсін. Өміріңе ұзақ жас берсін» («Ақ бата»). Батаны көп жасаған, өмірі білген-көргендерге үлгі-өнеге, ауылдың құрметті ақсақалдары берген.

...Абай жауабын естіген соң, Бөжей ықыласпен қарай түсіп, жақындады да: «Әкең айтпай, өзің білген болсаң, батамды берейін.Көзіңнен жақсы жанар көрдім ғой, шырағым!..-деді. ...Ендігінің жүгі сенде қалар, балам! Жолың болсын! Жалғыз-ақ өзгені берсе де, әкеңнің қаттылығын бермесін!»-деп, бетін сипады. Абай да Бөжейге қадала қарап тұрған қалпында бата қылып, бетін сипап еді... [М.Әуезов «Абай жолы», (Жолда), І кітап, 113 бет, 2002ж].

  1. Жаңа айдың батасы. «Ай көрдім, аман көрді. Ақиреттік заман көрдім. Ескі айда есіркедің, жаңа айда жарылқа». Жаңа туған айды көрген әр адам осылайша бата жасап, бет сипайды. Айдың тууына және жатысына қарай жұлдызшылар ауа-райын, болашақты болжап отырған.

  2. Теріс бата. Бұл «бата» деп аталғаны болмаса қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. ...Талып жатқан күйінен есін жаңа жиып, екі көзін алартып ашып атасына жаңа қараған Әмірге Құнанбай қос қолын созып, алақанын сырт қаратып тұр. Намаздағыдай мінажат қимылын, суық тілек қимылын жасады. Әмір мен Абайға қатар созды. Бұл – теріс батаның, қарғыс батаның белгісі... Жүгініп алып, көлденең жатқан немересінің кеудесінің үстіне теріс батаның алақанын жайып тұр. Абайға да қатал қолдарын жиі нұсқайды:

- Қызарып атқан таңда, мынау зауал таңда... Айттым аталық қарғысымды. Менен туған арам қан, бәдбәхіт нәсілдерім мынау екеуі. Жаратқан ием, я кәрім Алла, менің қолымнан өлтіртпедің. Бендең болған бар тілегім, ақ тілегім со болсын. Ал мынау екеуін! Жібер өзіңнің ақ бұйрықты ажалыңды. Уын, зәрін өзгеге жаймай тұрғанда жой көздерін, жоғалғырлардың! – деп, қолының сыртымен теріс батасын етіп салды. Есін енді жиған немересі мен Абайға:- Шық! Жоғал, жойыл көзімнен! Ұрпағым екенің шын болса, құрбан еттім екеуіңді. Садаға еттім мен екі шіріген жұмыртқаны, бар да өл! Тез өл! Жөнел! - деді [М.Әуезов «Абай жолы», (Оқапта) ІІ кітап, 236-237 бет, 2002ж].

Бұл - теріс батаның, карғыс батаның белгісі. Мұндай бата сенімді ақтамаған өзіне қолы, тілі тиген баласына әкенің қолын терісжайып берген қарғыс батасы. Батаның бұл түрі ел ішінде өте сирек қолданылған және ол атадан балаға ұмытылмайтын таңба болып калған. Атаның теріс батасын алғандарды халық та жек көрген.

Салт-дәстүрге байланысты «бата» сөзінің лексикалық мағынасын ашу үшін М.Әуезовтың "Абай жолы" романынан мысалдар келтіріп, түсіндірме сөздігі пайдаланылды.

Әдебиет:

  1. Жұбанов Е. Ғ.Мүсірепов тілінің тілінің кейбір стилдьдік ерекшеліктері. Қазақстан мектебі, 1973, №2

  2. Шәлекенов У. Әлем халықтарының этнографиясы. Алматы, 1994.

  3. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі 1,2 кітап, 1999.

  4. Қайдаров Ә.Т. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы, 1998.

  5. Жанпейісов Е.М. Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясының тілі. – Алматы: Ғылым, 1976. – 7 б

  6. Әуезов М. "Абай жолы" (І, ІІ том, 4 кітап). Алматы: Жазушы, 2002.

  7. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 1991.

РЕЗЮМЕ

В данной статье рассматривается роман-эпопея М.Ауезова «Путь Абая и описывается образ и характер обычаев и ритуалов, которые повесетвуется в романе.



SUMMARY

In this article M. Auyezov's epic novel «A way of Abay» is considered and the image and nature of customs and rituals, which повесетвуется in the novel is described.



Отбасы – бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы

А.Қ. Қуандық

Педагогика және психология магистрі

А.Елубаева

«Өзін-өзі тану» адамның

үйлесімді дамуы гуманитарлық

колледжінің 1-курс студенті
Тәрбие-жеке тұлғаның дамуына мейлінше ықпал ететін, қазіргі мәдениет аясына кіретін, өз өмірінің субъектісі ретінде өмір сүретін, оның сарыны мен құндылықтарын қалыптастыратын педагогтың кәсіби мақсаттылық қызметі [1,95]. Тәрбие халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибе мен ізгі қасиеттерінің жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған қарай мінез-құлқын қалыптастыру болып табылады. «Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл кеңес берумен шектелмейді»,-дейді А.С.Макаренко. Ол тұрмысты ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы, үлгі-өнеге көрсете білуде. Тәрбие беру мен білім беру - ажырағысыз ұғымдар. Білім бермей тұрып, тәрбиелеуге болмайды, ал берген білімнің тәрбиелік ықпалы зор. Тәрбие мәселесі ұрпақтан-ұрпаққа таралып, жетілдіріліп отырылған өмір мектебі.

«Тәрбие - тал бесіктен басталады»,- деп қазақ халқының даналары айтқандай, тәрбие - отбасынан басталады. Отбасы - өз-өзінен қайнап жатқан әлем, шағын мемлекет. Ол – жақсылықтар мен қателіктердің жемісі. Ұлттық тәрбиенің қайнар көзі. Қазіргі заман жан-жақты үйлесімді жетілген, жаңа адамды тәрбиелеуді талап етіп отыр. Қоғам-талабы, заман-талабы, өйткені «әр адам өз заманының баласы» сол себептен адамды заман билейді, заманына сай заңы туындайды. Сондықтан «Туа жаман жоқ, жүре жаман бар», «Заман түзелсе, қоғам түзеледі»,- деп халық педагогикасы тәрбиенің заманға, қоғамға, рухани байлығына тәуелді екенін айтып өткен. Жас ұрпақты саналы, білімді етіп тәрбиелеу, отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. Өйткені, «Ес түзелмей, ел түзелмейді»,- демекші егеменді еліміздің болашағы отбасынан басталуы керек. Отбасы шағын мемлекет болғандықтан, оның алатын орны да ерекше. Шыр етіп дүние есігін ашқан әрбір жеке тұлға, ең алдымен отбасынан тәрбие алады.

Халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келген, ұлттық дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіру, оларды имандылыққа, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу болып табылады. Отан отбасынан басталатындықтан бала тәрбиесінің маңызы зор. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да, алмастыра алмайды. Тәрбиені тал бесіктен бастаған жөн. Отбасының негізгі міндеті баланы өмірге әкелу ғана емес, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңестерін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Бала бұл өмірге келгеннен бастап, қоғамнан тәрбие ала бастайды. Қоғамға бейімделу үшін ата-ананың ықпалында болып, өмірге бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Халықта ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінен көмектесу керек, ал үлкен ағаш болған кезде көмектесе алмайсың деген сөз бекер айтылмаса керек. Сол үшін әрбір ата-ана баланы кішкентай нәресте шағынан бастап, тек жақсылыққа тәрбиелеуге міндетті.

Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты - баланың жасын, жеке ерекшілігін, психикалық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Аталған нысанға жету үшін, отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді:

-Отбасында баланың өсіп-жетілуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, нығайту, бекіту.Тазалық дағдыларын қалыптастыру.

-Еңбексүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу, баланың күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру, өз-өзіне қызмет дағдылдарын үйрету.

-Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туған-туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету.

-Оқудың, білім алудың, мәдени мінез-құлықтың, әдет-дағдыларын қалыптастыру.

-Отбасында баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау.

-Әдебиетке, өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру

-Баланың ақылына, күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы талапты орындауға, дайын болуға үйрету.

-Тәртіптілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа,сергектікке, естілікке баулу[2,2].

Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұясы болса, «Баланың бас ұстазы-ата-ана». Бұлар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі қыры мен сырын, тылсым дүние жұмбақтарын танытып, әдептілікке баулиды. Себебі, отбасы – таныс бесігі, өркениет ошағы, үлгі өнеге бастауы. Отбасында баланы ежелден-ақ халықтық әдеп-салт дәстүрге, адамгершілікке, кішіпейілділікке, адамдар арасындағы дұрыс қарым-қатынасқа, үлкенге құрмет, кішіге–ізет көрсетуге, дархан қонақжайлылыққа, көл-көсір меймандыққа, жомарттыққа, сөз өнерін құрметтеуге, табиғатты қастерлеуге баулыған. Халқымыз қашан да бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Бала дүниеге келгеннен бастап, оның өсіп, дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне назар аударған. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтанушылар отбасының негізгі қызметі: дүниеге адам әкелу, әлеуметтендіру, яғни, балаларды осы қоғамда өмір сүруге әзірлеу, экономикалық, яғни, балалардың есейгеніне дейін көмек беру; жыныстық қатынасты реттеу деп көрсетеді. Қоғамның даму кезеңдеріне сәйкес отбасының атқаратын қызметі де өзгеріске ұшырап отырады.

Қазіргі отбасының сипатын тануда американдық әлеуметтанушы Т.Парсонстың айтуынша, қазіргі нуклеаралық отбасы, яғни, ата-ана мен балалардан құралған отбасы қазіргі қоғамға сай ыңғайластырылған. Кішігірім отбасында үлкен отбасымен салыстырғанда, қайшылықтар мен жанжалдар аз болады. Екіншіден нуклеаралық отбасы тез көшіп-қонуға, яғни, тұрған жерін жедел ауыстыруға бейім келеді. Шағын отбасы өмірге жеңіл бейімделіп, отбасылық және қоғамдық қажеттіліктерден пайда болған қақтығыстарды шешу жолдарын да жеңіл таба алады деп айтып өткен [3,144]. Сонымен бірге қазақтың ұлттық тәлім-тәрбие жүйесін зерттеуде өздерінің үлестерін қосып жүрген ғалымдарымыз көптеп кездеседі. Солардың бірі Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, Ж.Ж.Ұзақбаева, Ж.Ж.Наурызбай, Қ.Ж.Қожахметова, Қ.Бөлеева сияқты жазушылардың еңбектерін айтуға болады.

Қазақстан Республикасында «Неке және отбасы» заңы 1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданды. Ол 7 бөлімнен 29 тараудан 213 баптан тұрады. Онда: отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы», сондай-ақ «Балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсiп-жетiлуi мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау»,-делінген, осы тармақтарға қарап, үкімет отбасы тәрбиесіне аса мән беріп отырғанын байқаймыз [4].

«Адамның бір қызығы бала деген» деп Абай атамыз айтқандай, бала-адамның да, өмірдің де қызығы. Бала өмірдің жалғасы, халықтың мұрагері. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сол себепті халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп бекер айтпаған. Отбасының қазақ халқының өмірінде алатын орны тіпті ерекше. Бұл реттегі отбасының өзгеше әлеуметтік күші-екі жас бірімен-бірі жұптасып, шаңырақ көтерген кезде, екі рулы елдің жақындасуына себепкер болады. Қазақтың ұлт болып қалыптасуы мен әлемдік үрдіс ішінде, өзінің тарихи орнын иемденуінде, осы фактордың ерекше әсері болғанын атап көрсетуге болады. Қазақ халқының отбасы тәрбиесіне қатысты педагогикалық идеялары мен тәрбиелік тәжірибелері өте бай. Отбасы-халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының сақтаушысы. Отбасында тәрбие бағыттары (Ш.Ахметов):

-тәрбие басы әдептілікке үйрету;

-мейірімді бала тәрбиелеу;

-тіл алғыш, елгезек бала тәрбиелеу;

-адалдық пен шыншылдыққа баулу;

-білгір болу, ұстаз бен ғалымның, көпті көрген данышпан қарияның сөзін тыңдату, «Ақпа құлақ болма, Құйма құлақ бол» дегенді бойларына сіңіре білу [5,315].

Отбасы ішіндегі қатынастардың өзіндік ерекшелігі ретінде біріншіден, балаларға деген мейірімділік , екіншіден белгілі бір дәрежеде өктемдік орын алады. Көрегенді дана халқымыз бала болмысы құрсақтан деп, өзге халықтың бала тәрбиесі-жөргектен» деген пікірінің ғылыми негізі жоқ екендігін тұңғыш рет дәлелдеп берген. Отбасы тәрбиесі ата-аналар ықпалымен жүзеге асып, қоғамдық тәрбиемен ұштасады. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың рөлі ерекше. Әке-отбасының басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Өйткені әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер білімі-ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса, оның атасы жақсы кісі еді, өнегелі жерден шыққанғой деп мадақтайтыны сондықтан. Отбасында ата-аналары балаларына, немерелеріне ертегі, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер айтып беріп, шешендікке, тапқырлыққа тәрбиелеген. Мысалы: А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, М.Әуезов сияқты ұлы ақын-жазушылардың немесе Төле би, қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке сияқты ел билеуші би-шешендердің салт-дәстүрлері мен заңдарын, аңыз-әңгіме мен өлең-жырларын, мақал-мәтелдерін жаттатқызып, естерінде сақтатуға тырысқан. Сол себепті қазіргі уақытта «тепсе темір үзетін» білікті де білімді жас ұрпақ тәрбиеленуде.

Келешекте еліміз өркениетті мемлекеттермен терезесі тең болу үшін, жас ұрпақты ешкімнен кем етпей тәрбиелеудегі басты тұлға- ұстаз бен отбасы. Өйткені, бала біздің болашағымыз. Сондықтан бала тәрбиесі бір сәтте де, естен шықпауы керек. Бала өмір бойы тәрбиеленеді. Бала бойындағы жақсы мүмкіндіктерінің ашылуы, қалыптасуы ата-аналар мен ұстаздарға тікелей байланысты. Баланың дұрыс дүниеге келмеуі, өспеуі әке-шеше қайғысы ғана емес, бүкіл қоғамдық дерт. Оған дәлел қазіргі заманда жастардың сезімге беріліп, некесіз бала көтеруінен, бейкүнә сәбилер өмірге келмей жатыр емес пе? Ал дүниеге келіп жатқан сәбилер түгелге жуық жан-дүниелерінің арналары ашылмаған күйлері өмірге келіп жатыр.Сондықтан да олардың зердесі таяз, жігерлері құм, мінездері дөкір, ұяттан безген, қабілеті әлсіз, түйсігі жоқ, көкірек көздері оянбаған, денсаулықтарының да ақаулары бар, балалар көптеп кездеседі. Өйткені қазіргі кезде ата-аналар бала тәрбиесіне аса көңіл бөлмейді. Осының барлығы да бұған дейін ескерілмей келген, бала тәрбиесіндегі аса ауыр қателіктер болып табылады.

«Баланың жақсысы-қызық, жаманы күйік» деп ұлы ақын Абай тегін айтпаса керек, себеп баланы жас кезінен бастап дұрыс тәрбиелеу міндетті. Тәрбиелі ортада өскен бала қашанда үлкен белестерге жетеді. Сондықтан бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін, ең алдымен дәстүрімізді, әдеп-ғұрыптарымызды, дінімізді, тілімізді санасына сіңіру отбасындағы ата-ананың басты міндеті.



Әдебиеттер:

1.Педагогика: Қазақша және орысша түсіндірме терминологиялық сөздік. –Алматы, Ronda баспасы, 2007ж.

2.Дүйсебаева М. Отбасындағы ұлттық тәрбие- әлеуметтендірудің басты қайнары.// Жанұя мен мектептегі тәрбие. №5,2007ж.

3.Тәжин М, Аяғанов Б. Социология негіздері. Оқу құралы. –Алматы, 1993ж

4.Қазақстан Республикасында «Неке және отбасы» заңы. І тарау, 1 бөлім. 17.12.1998 ж.

5.Б.Мұқанова, Р.Ильясова, С.Қалиев, Ж.Молдабеков, Б.Иманбекова Этнопедагогика.-Астана, «Фолиант» баспасы, 2007 ж.



ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК РӨЛДЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

А.Қ.Қуандық,

педагогика және психология магистрі

Г.Қуанышқанқызы,

«Өзін-өзі тану» Адамның

үйлесімді дамуы гуманитарлық

колледжінің 1-курс студенті
Тәрбие туралы сөз қозғағанда біз алдымен, отбасын ауызға аламыз. «Отан- отбасынан басталады» дегендей, отбасы тәрбиенің алғашқы баспалдағы. Отбасы - тұлға қалыптастырушы бесік. Халқымыз қашан да бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның өсіп, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне көп мән берген. Шыр етіп туған күннен бастап тәрбиенің негізін қалаған қазақ отбасы ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Бүгінгі күн жастарын жетілген азамат етіп тәрбиелеу отбасындағы ата-аналардың жауапкершілігін арттыра түсуде. Себебі, балаға саналылықтың сипаты ол өмірге келген күннен бастап сол отбасында бойына сіңеді.Өміргекелген жас нәресте өзін қоршаған ортамен ең алдымен өз отбасында танысады. Перзент үшін дүниедегі ең жетілген, білімді де мәртебелі адам оның ата-анасы. Сондықтан да жас баланың дамуында ата-ананың орны ерекше. Әрбір отбасы мүшесінің бала тәрбиелеуде өзіндік ерекшеліктері мен орны бар. Қазақ баласының тәрбиесі ата-аналарының күнделікті іс-әрекеттері мен көшпелі тұрмыс қалпына байланысты болды. «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп аға ұрпақты ізгілікке тәрбиелеуге баулыған. Қазақ отбасының ерекшелігі үш-төрт ұрпақтың (қарттар, ұлдың отбасы, немеренің, шөберенің отбасы) экономикалық және қандас туыстар мүддесі негізінде бір шаңырақ астында тіршілік етуі. Баланың анасы мен әкесі, атасы мен әжесіне, аға-інілеріне, апа-қарындастарына, достарына деген сүйіспеншілік сезімі, адамгершілік тәрбиесі маңызды.

Аталар мен әжелер қазақ отбасыларында ерекше рөл атқарған. Қазақтар қарттарды тәрбиеші және ұстаз деп санап, олардың ұрпақ тәрбиесіндегі орнын ерекше қастерледі. Ақылды, тәжірибелі, кең жүректі, сабырлы әжелер отбасы мүшелеріне ақыл-кеңес беріп, қолайсыз жағдайлардан қорғап отырды. Ата-ана балаларын тәрбиелейді, оларды өнегелі, өнерлі, саналы, білімді етіп өсіруге ерекше мән береді [1,2].

Қазақ отбасында тәрбиеге мейлінше ықпалды ата мен әже рөлдері. Әкеге әке болып келетін тұлға, отбасында ерекше ықпалды бейне - Ата. Беделі жағынан әкеден жоғары, өмірлік тәжірибесі бай, эмоциялық-мейірімділік тұрғыда тәрбие беруді меңгерген, отбасының тірегі. Отбасындағы ең үлкен рөл – атанікі. Атада әке мен шешеге қарағанда талап қоюшылықтан гөрі, еркіндік пен мүмкіндік берушілік көп.

Әже – жанұядағы ғана емес, өзінің басқа балаларының отбасындағы қарым- қатынасты реттейтін, балаларды өмірге бейімдеудің қарапайым түрлерін үйретуші, ақылшы, отбасының алтын қазығы. Қазақ отбасында ата мен әже тәрбиесі арқылы тәлім алған, өмірлік дағдылары қалыптасқан баланың жан-жақты әлеуметтенгендігі мен әлеуметтік рөлдерге бейімділігі адамгершілік сипатымен көрінеді. Бұл бір жағы тәжірибелік нәтижесі болса, екінші жағынан, тұрақты да ерінбей-жалықпай мейірім арқылы берілген тәрбиенің жемісі.

Әке-үйге табыс кіргізу, жан басы мен мал басының қамқорлығы, өз балаларын өсіріп-тәрбиелеуге мүмкіндік жасау, ағайын-туыс арасындағы байланыс ер адамның басшылығымен жүзеге асырылуы тиіс. «Отағасы» деп аталуының себебі де осында болса керек [2,83].

Әке-отбасы басшысы, ұрпақ иесі, панасы, асыраушысы, тәрбиелеушісі. Халық тілінде жанұя басы - ер адамды «отағасы» деп сыпайылап айтады. Жеті атадан санағанда екінші ұрпақ. Ол – тек бір отбасы ғана емес, үлкен-кішіге бірдей қамқор азамат [3,322]. Халық даналығында әкенің рөлі, әсіресе, ұлды тәрбиелеудегі қызметін жоғары бағалаймыз. Қазақ отбасында ер баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі үлкен. Сондықтан ол ұлына бар өнерін, естіп білгенін түгел үйретуге тырысқан. Ал әр ұл тарапынан ағаға, әкеге еліктеген.

Ана – отбасының ұйытқысы. Өмірге бала әкелуден бастап, уақытылы емізіп, бағып-қағып, өсіріп-тәрбиелеу – әйел-ананың тікелей міндеті. Үй-ішінің, отбасы мүшелерінің тазалығы, тамақ дайындау, үй-іші тірліктерін ұқсату, туған-туыстарымен әлеуметтік қарым-қатынастар орнату сияқты көптеген мәселелер әйелдің араласуымен атқарылады. Әке мен шеше – отбасында баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар. Өз перзенттерінің заманға лайық білім алып, тәрбиеленуіне жағдай жасайды. Барлық сәтте өздері үлгі болады [2,83].

Енді отбасындағы ер балаға тоқталсақ. Қазақ отбасында ер баланы ерекше қадірледі. Қазақтар ұлдың дүниеге келуіне үлкен мән берген. Ұлдың дүниеге келуі ұрпақтың жалғасуы, отбасына күш қосылуы. Ұл шаңырақ иесі, ел, ру, әке жалғасы деп есептеген. Ұл туғанда «ат ұстар» деп хабарлап, қуаныш айтқан. Ата-бабаларымыз ұлдарын «Ізбасарым», «Мұрагерім», «Қолқанатым», «Азаматым», «Көз қуанышым», «Бақытым», «Қызығым» деп еркелеткен. Ұлына «Тар жолда сүрінбе» деп ақыл беріп отырды. «Алты жыл аш болсаң да ата-баба салтын ұмытпа» деп өсиет етіп отырған. Ұлдың ер намысын оятып, ержүректілікке сендірді.Қазақ халқы жігіттерге қарындастарына ерекше қарауды өсиет етті. Олар өз қарындастарын қорғап, оларды салмақты, ақылды, сыпайы, мейірімді болуға үйретті. Ал қарындастары оларды құрметтеп ағаларының алдында ибалық сақтады [3,324].

«Қазақ отбасында этноәлеуметтік рөлді жақсы игерген және кез-келген ортада өзін жақсы сезінген, өйткені тұлғалы–рөлдік бағыт бұрынғыдан бері қазақтардың қарым-қатынасының ұлттық этикеті болып табылады. Этноәлеуметтік рөл - адамның өзін-өзі көрсетудегі мінез-құлық және қарым-қатынас нормасының кешені»,-деп атақты ғалым К.Ж.Қожахметова айтпақшы, отбасы мүшелерінің өзіндік орны, атқаратын қызметі болады. Солардың негізгісі - «үш жұрт». «Үш жұрт» ұғымы қазақ халқында бұрыннан қалыптасқан заңдылық және халқымыз бұл заңдылықты қатаң сақтап келеді. Жігіттің үш жұрты болады. Кейін отау тігіп отбасын құрғаннан бастап, туысқандық қарым-қатынасты үш жұрты арқылы өрбітеді. Үш жұрттың біріншісі – өз жұрты. Оған әкесінен тараған бірге туған бауырларымен қатар, әкесінен арғы аталарынан қосылатын ағайындарына дейінгі туысқандары жатады. Оларды жеті атаға дейін санай бастағанда бір қауым ел болатын ағайын-жұрт. Өз отбасындағы әке мен шеше, ата мен әже, аға мен іні, апа мен қарындас немесе сіңілі, сондай-ақ, өз бауырларының жарасты жұптары: жеңге мен келін, жезде мен күйеу бала, абысындар бір шаңырақ астында туысқандық қарым-қатынас арқылы өз міндеттерін-әлеуметтік рөлдерін атқарады. Екінші – нағашы жұрты: туған анасының төркін-жұрты. Яғни, жиеннің танымы бойынша шешесінің туған әке-шешесі, ата-әжесі, аға-інісі мен апа сіңлілері және олардың жұптары мен балалары. Осы орайда, нағашы ағаның баласы да нағашы іні болып, туыстық қалпын сақтағанмен, нағашы апаның баласы «бөле» деп аталады. Өйткені, оның сүйегі басқа жұрттыкі. Үшіншісі – қайын жұрты: жігіт үшін алған әйелінің төркіні немесе әйелдің келін боп түскен жері. Келген келін үшін қайын ата мен қайын ене, қайын аға мен абысын, қайын апа мен жезде, қайын сіңлі мен күйеу бала т.б. Ал жігітке қайын ата мен қайын ене, қайын аға мен жеңге, қайын апа мен үлкен бажа, балдыз бен келін, балдыз бен кіші бажа сияқты қайын жұрт деп аталатын туыстар тобы. Мұндай әлеуметтік рөлдер «үш жұрт» аясында өз қызметін жан-жақты өрістетеді. Халқымызда «Ағайын жұрт- күншіл, қайын жұр – міншіл, нағашы жұрт – сыншыл» деген сөз бар. Бұл бір жағынан әлеуметтік-психологиялық сипаттама болғанымен, әлеуметтік-педагогикалық жағынан үш жұрттың адамды тәрбиелеудегі ұсынатын қағидасын көрсетеді. Бұл «үш жұрттың» жігіті немесе қыз баланы тәрбиелеуде өзіндік өмірге бейімдеу, әлеуметтендіруде, тәрбиелеуде өзіндік педагогикасы, өзіндік психологиясы бар екендігіне көз жеткіздік. Демек, «үш жұрт» мүшелерінің де қазақ отбасында өз рөлі, үлесі бар екендігіне де көз жеткіземіз [2,82 ].

Қыз-ата-ананың, елдің сүйікті баласы, сәні, базары, көркі. Ол басқа жұрттың болашақ келіні, анасы. «Қыз-өріс», «Қыз-қонақ» деп туған туысқандары оларды аялап, мәпелеп өсірген. Қыз баланы « Қыздың жолы – жіңішке», « Қыз қылығымен сүйкімді» деп оларды жастайынан абыройын сақтауға шақырған, мейірімділікке, инабаттылыққа, биязылыққа, ізеттілікке, ілтипаттылыққа, ақжарқындылыққа, салмақтылыққа, ұялшақтылыққа баулыған. Қазақта қыз тәрбиесі мен оны құрметтеудің жолдары өте көп. Бір рудың ұзатылған қызы жас, кәрілігіне қарамастан сол елдің қызы деп аталады, ауыл адамдары оны «қызымыз» деп атап дәріптеген[3,326-327].

Қазақта қыз баланы тәрәбиелегенде оның қыз рөлінде болуына баса мән берген. Қазақ қызы! Қазақ қызының тәрбиесіне аса көңіл бөлу, бұл тек қана оның басқа ұлттың қыздарымен салыстырмалы түрде, оның ұлттық ерекшеліктеріне құрмет көрсету емес. Қыз баланың әлеуметтік рөлі ғасырлар бойы сақталған. Бұл «Отаныңды сақтаймын десең ұлыңды тәрбиеле, ұлтыңды сақтаймын десең қызыңды тәрбиеле!» деген нақыл сөзден көрініс береді. Сондықтан болар, қазақ қыздары нәзіктік пен махаббат, мейірім аясында тәрбиеленеді. Ұядан ұшпай тұрып, қазақ қыздары өздерінің ертеңгі «келіндік» рөлін: үлкен келін, кенже келін немесе жалғыз ұлдың әәйелі сияқты міндеттерді игеруге даярланды [2,85].

Қазақтың «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, үлкендердің, ата-аналардың жеке басының үлгі-өнегесі балалар тәрбиесіндегі ұтымды әдісі болып табылады. Ата-ананың асыл адамгершілік қасиеттері, еңбектері, іс-әрекеттері, отбасындағылармен қарым-қатынасы, туыстар, дос-жолдастар, таныстар арасындағы қатынасы, дүние-мүлікке, өнердің түрлеріне көңіл бөлу, той-думан, ойын-сауықтарға қатысуы балаларға өнеге болумен бірге олардың жеке адамдық қасиеттерінің дұрыс қалыптасып, жетілуіне тікелей ықпал етеді.Бала тәрбиесіне байланысты әр ата-ананың өзіндік ережесі қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп жалғасып отыр. Өмірде әке мен ана қызметі туған балалары үшін шексіз, өлшеусіз парыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет