Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



Pdf көрінісі
бет21/33
Дата16.04.2020
өлшемі1,08 Mb.
#62782
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
Байланысты:
bilimdi akparattandyru
8 сынып геометрия

216
үйренеді. Ойында келтірілген көрнекілік зерттеліп жатқан мате-
риалды нақтылауға мүмкіндік береді. Сабаққа қолданылатын ойын 
тəсілдері пайдаланып отырған ақпараттық-қатынастық техноло-
гиялар құралдарымен сабақтың тақырыбы, оның тапсырмалары 
арқылы тығыз байланыста болу керек бірақ, көңіл көтеру сипатында 
болмауы тиіс.  
Ойын серіктестік қарым-қатынас орнатуға, ішкі еркіндік сезімін 
оятуға, достық қолдауды сезінуге жəне қажет болған кезде достық 
көмек жасау мүмкіншілігін талаптандырады. Ал бұлар болса 
қатысушылардың жақын болуын тағайындайды жəне олардың өзара 
қатынасын нығайта түседі.  
Ойын мұғалімнің басымшылық тұрғысын жеңілдетуге мүмкіндік 
береді. Яғни, барлық қатысушылардың теңдігін қалыптастырады. 
Бұл əлеуметтік тəжірибе алуда өте маңызды болып табылады. Соның 
ішінде, ересек адамдармен  өзара қатынас жасаған кезде. Белгілі бір 
ойын шектеулердің бар болуы ойыншының жүйедегі ережеге сай 
өзіндік реттеуші рөлін дамытуға мүмкіндік туғызады. Ойын ойнау 
барысында бала түрлі ережелердің жинағымен кездеседі, ол оны 
түсіне білу керек, танымды түрде қабылдау қажет, ары қарай, ойын 
ойнау кезінде пайда болатын қиындыққа қарамастан сол ережені 
орындау қажет.  
Бастауыш мектептен бастап оқушыда ойын жоқшылығы анық 
көрсетілген – ойын ойнау ықыласы артқан жағдайда бала сабақ 
үстінде бұл ынтаны қанағаттандыратын мүмкіндік ала алмайды. 
Сондықтан, оқушыны рөлдік жəне іскер ойындарға қатыстыру 
арқылы, оқытушы оны белсенді етеді, баланың ынтасын тұлғалық 
маңызы бар жаққа өзгертеді.  
Мектептің жоғары сыныптарында ақпараттық жəне бай-
ланыс технологиялары қолданылатын ойындар білім алушы-
лардың өзіндік күштерін жəне мектепті бітіргеннен соң шы-
найы өмірге дайындылығын тексеруге мүмкіндігі ретінде қарас-
тырылады. Бұл мақсатта іскери ойындарды қолдану көп 
маңызға ие болады. Ойынның мазмұндық жағы қатысушыларды 
өмірмен қатынасуға үйретеді. Ойын қатысушылардың «қателік 
жіберулеріне» жол беріп жəне оларды сараптай отырып, осындай 
əрекеттердің себебі мен салдарын көруге мүмкіндік береді. Ал бұл 
болса, оқушылардың «ересек болу» қажеттіліктеріне толығымен жа-
уап береді. 

217
Жалпы орта білім беру жүйесінде ақпараттық жəне қатынастық 
технологияларды қолдану оқытудың даралануы мен саралануы, 
қосымша себеп тетіктерінің қолданылуының өзгеруі есебіндегі 
оқыту тиімділігінің көтерілуіне əкеліп соғады.
Көптеген жағдайда қазіргі заманғы ақпараттық-қатынастық тех-
нологиялар мен ОЭИ құралдарын қолдану  оқушыларды əр түрлі 
деңгейдегі тапсырмаларды таңдау құралдары мен технологияларын 
қолдану есебінде, үлгерімі жақсы оқушылардың курс тақырыбымен 
өзіндік жетілуін ұйымдастыру мен үлгерімі нашар оқушыларды 
толық оқылмаған материалдарға қайта оралып, оқыту  үдерісінің са-
ралануына мүмкіндік береді.
Оқытуды даралау мен саралаудың жалпы орта білім 
беру жүйесінде дəлелді түрде қолданған ақпараттық-қаты-
настық технологиялар құралдарының мүмкін факторларын еске-
ре отырып, жеке-бағдарланған оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік 
бере алады. 
«Жеке тұлға» ұғымы жеке-бағдарланған оқыту теориясының 
орталық орындарының бірі болып табылады. Анықтамаға сəйкес, 
тұлға дегеніміз рухани даму мен ақыл-ойдың жоғарғы деңгейіне 
жеткен, дамыған ойға ие болған жеке тұлға болып табылады; ол 
өзінің ойлау қабілетін өнер-білім жасауда қолдана алатын, ретке 
жауап бере отырып, өзін жəне сыртқы жағдайларды басқара алатын 
шығармашылық адам. Нақты тұлға тұрақты жəне ұзақ жасайтын 
мінездемелердің жиынтығы ретінде қарастырылады.
Тұлғаға бағдарланған білім оқушыны барлық білім беру 
үдерісінің негізгі бағасы деп қарастырады; оқушылардың жеке 
сапасының қалыптасуына жəне дамуына, ойлау қабілеттерінің да-
муына жағдай жасайды; шығармашыл, белсенді, бастамшыл тұлға 
болуына, оқушылардың танымдық жəне рухани қажеттіліктерін 
қанағаттандыру, олардың ақыл-ойын, əлеуметтік жəне қатынастық 
мүмкіндіктерін, өзін-өзі оқыту, өзін-өзі дамыту əдеттерін жетілдіру; 
қоғамның өз бетінше білім алуға, жаңа əлеуметтік жағдайларда 
қайта мамандану жəне бейімделуге қабілетті мамандарды қажет 
етуіне бағдарланған.
Тұлғаға бағдарланған білімнің негізгі мақсаты –
-  білімге деген себеп пен оқушының тұлғалық дамуына, оның 
зияткерлік жəне рухани бастауы;
-  оқушыға адамгершілік қатынас сияқты шарттарды қанағат-
тандыратын жағдайды жасау.

218
Жалпы білім беру ортасында ақпараттық-қатынастық техноло-
гиялар құралдарын қолдану жағдайындағы тұлғаға бағдарланған 
білімнің дидактикалық қағидалары:
-   жеке тұлғаның өзін-өзі бағалау қағидасы;
-  оқушының белсенді субъект ретінде танылуының анықталу 
қағидасы;
-   оқушының əлеуметтендірілу қағидасы;
-   оқушының жеке тəжірибелік тірек қағидасы;
-   оқушының өзін-өзі дамыту, өзін-өзі оқыту, өзіне өзі білім беру 
бағытының қағидасы;
- 
 оқушының жеке тұлғалық психофизиологиялық ерекше-
ліктерінің есеп қағидасы;
-   тұлғаның қатынастық мүмкіндіктерінің даму қағидасы.
Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалау қағидасы оқушыға адамгершілік 
қарым-қатынас, жеке тəжірибесін алып жүруші ретінде жеке 
тұлғаның өзін-өзі бағалауын мойындау, өзімшілдігінің, жеке 
тұлғалық тəуеліздіктің дамуы мен сақталуына, шығармашылық 
мүмкіндіктерінің ашылуына, қоғамға пайдалы жеке жəне зияткерлік 
мүмкіндіктеріне негізделген
Оқушының белсенді субъект ретінде танылуының анықталу 
қағидасы оқыту үдерісінде педагогикалық əсер мен ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарын нақты таңдау əрбір мектеп 
оқушысының белсенділігімен, өз бетінше мақсат таңдаумен, оқу 
жылдамдығымен анықталатынын білдіреді.
Оқушының əлеуметтендірілу қағидасы тұлғаның əлеуметтік 
мүмкіндіктерінің дамуына бағытталған.
Оқушының жеке тəжірибелік тірек қағидасы нақты жеке 
тұлғаға қажетті педагогикалық əсерлер мен ақпараттық-қатынастық 
технологиялар құралдарын таңдау есебіндегі оқуды барынша 
даралауға жəне саралауға мүмкіндік беретін мектеп оқушысының 
жеке тəжірибе есебін бағамдайды. 
Оқушының өзін-өзі дамыту, өзін-өзі оқыту, өзіне-өзі білім беру 
бағытының қағидасы тұлғаға бағытталған білімнің негізі мектеп 
оқушысының өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру мен 
өзін-өзін оқытуына мүмкіндік туғызатын оқу қызметіне жағдай жа-
сау болып табылатынын білдіреді.
Оқушының жеке тұлғалық психофизиологиялық ерекшелікте-
рінің есеп қағидасы оқушылардың жан-жақты қабілеттері, тілектері, 

219
себептері, қызығушылықтары мен жоғары бағалаушылықтарының 
есебіне бағытталған. 
Жалпы орта білім беруге арналған Ақпараттық-қатынастық тех-
нологиялар құралдарын жүзеге асыру мектеп оқушысының барын-
ша есепте келесі тұлғалық психофизиологиялық мүмкіндіктеріне 
жеке тұлғалық қасиеттеріне негізделуі керек:
-   темперамент жəне еріктік сапалар,
-   ойлау ерекшеліктері,
-   қабылдау, есте сақтар, назар ерекшеліктері,
-   мотивация,
-   өзін-өзі бағалау,
-   талаптану деңгейлері. 
Тұлғаның қатынастық мүмкіндіктерінің даму қағидасы 
қоршаған ортадағы адамдарды бағалау мен құрметтеу, басқа 
адамдарға адамгершілік қарым-қатынас жасау, сөйлесу əдебі, 
серіктестерінің ойларын ескере отырып, өзінің позициясын қорғау 
əдептерін құрастыруды қарастырады.
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын қолдану 
жағдайында іске асырылатын жалпы орта білім беру жүйесіндегі 
қағидалардың практикалық өткізілуі  келесі талаптарға негізделеді: 
-   мектеп оқушысына адамгершілік қарым-қатынас жасау, оның 
өзінің құндылығын мойындау талабы;
-   оқытуды даралау мен саралау талабы;
- 
 
оқушылардың өзіндік белсенділігінің пайда болуын 
қадағалайтын жағдайлар жасау талабы;
-    оқушының өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру жəне 
өзін-өзі оқытуға жағдай жасайтын шарттарды қанағаттандыру 
талабы ;
-   əрбір мектеп оқушысының жеке тəжірибе есебінің талабы;
-   оқушының коммуникативті жəне əлеуметтік қызметтерін 
ұйымдастыру талабы;
-   бақылаудың объектілігін жəне оқу нəтижесінің өлшемін 
қанағаттандыру талабы;
-   мектеп оқуында ақпараттық-қатынастық технологиялар 
құралдарын қолдану мүмкіндіктерінің  орындылық талабы;
-   əр түрлі оқу əрекетінің орындалуы барысында ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарының мүмкіндіктерін 
түрлі сабақтар өткізуде қолдану талабы.

220
7.1.4 Педагогтар мен оқушылардың телекомуникациялық қарым-
қатынасы оқытудың тиімділігін арттыру факторы ретінде 
Оқушылар мен мұғалімдердің арасындағы қарым-қатынас 
қазіргі заманда түрлі ақпарат құралдары мен телекомуникациялық 
технологиядар арқылы жүзеге асады. Мұндай құрылғыларды пай-
далана отырып қарым-қатынас жасау жеке тұлға ретінде əрбір 
оқушы меңгеруі тиіс. Көптеген оқушылар арасындағы ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарын пайдалана отырып, жасала-
тын қарым-қатынас оқу үрдісінде болып жатқан телеконференция-
лар мен телекомуникациялық жобаларға да тікелей байланысты. 
Олардың əрқайсысына тоқталып өтсек.
Оқудағы телеконференция оқу барысындағы ең қолайлы 
жəне нəтижелі форманың бірі болып табылады. Оқу телекон-
ференциясы оқушыларға өз ойын түйіндеп нақты жеткізуге, кез 
келген мəселені шешуде, бір-біріне сұрақтар қойып жауап беруде, 
өз ойларымен бөлісуде, зерттеулерге  жəне жобаларға белсе-
не қатысуға, айналада болып жатқан өзгерістерді бақылауда көп 
көмегін тигізеді. 
Телеконференцияның негізгі элементі белгілі бір жоба-
ны талқылау жəне содан нəтиже шығару болып табылады. 
Мұндай телеконференцияның негізгі ерекшелігі мұнда барлық 
телекоммуникативтік ақпарат құралдарының пайдананылуы. 
Оқу телеконференциясын техникалық жəне технологиялық 
жабдықтармен ұйымдастырылған жағдайда ғана оқу телекон-
ференциясы деп атаймыз. Оқу телеконференциясының қара-
пайым конференциядан айырмашылығы, мұнда мұғалімдер мен 
оқушыларға оқу барысында қарым-қатынасты қолдануға арналған 
кең көлемді біршама кеңестер ұсынылады жəне соларға бағдар 
көрсетеді. 
Телеконференция тек мұғалімдер мен оқушыларға ғана емес, со-
нымен қатар осы ортада жұмыс жасайтын адамдардың да қатысуға 
мүмкіндігі бар жəне ешқашан адам санына шек қойылмайды. 
Алайда кез келген қатысушының қарастырылатын мəселеге 
(тақырыпқа) сай белгілі бір сұрақтары жəне соған орай нақты жа-
уаптары шағын түрде болуы шарт. Соның нəтижесінде адамның 
мəдени сөйлеуі жəне ойлау қабілеті түйінделеді. Телеконференцияға 
қатысушылар бір-бірін белсенді бағалауға жəне бір-біріне 
қарсыласуға, нəтижесінде қиындықты шешу жолындағы көздеген 

221
мақсаттарына жететіндігін айтып бөліседі. Осының нəтижесінде 
оқушыда тəрбиесінде жəне білімінде белгілі бір нақты көрініс 
айқындалады. Мектепте телеконференция жүргізілуі үшін 
злектрондық поштаның түрлері мен арнайы Интернет желілері іске 
қосылуы керек. 
Ұлттық электрондық пошта (бірден бірге) электронды пошта 
арқылы тек екі адам арасындағы қарым-қатынас емес, сонымен 
қатар желідегі барлық ақпаратқа қолжетімділігімен ерекшеленеді. 
Пошталық тізімдер (бірден көпке) – хабарлама тізімге кірген 
мекенжайдағы ақпаратты барлық адамдар ала алады. 
Телеконференциялар  (көптен көпке) – телеконференцияға 
қатысатын желідегі виртуал ұйымдаструшылар арасындағы 
тақырыпқа сай кез келген уақытта желіге қосылып өз ойларын айта 
алатын қарым-қатынас түрі. Ескере кететін тағы бір жайт, қарапайым 
конференцияда бірнеше қатысушылардың ортақ бір мəселені 
талқылай алады. Ал, телеконференция – телекомуникациялық 
технологиялардың көмегімен бұрын өшіріліп кеткен қатысушылар 
арасындағы конференция десек те қателеспейміз. 
Телеқатынастық технологиялардың көмегімен құрылатын бір-
неше телеконференция (дискуссия) түрлері бар. 
-   Интернет желісі арқылы арнайы жасақталған  технологиялық 
телеконференция түрлері;
-   Жіберілу тізімдерін пайдалана отырып, құрылатын 
технологиялық телеконференция. Жіберілу тізімдері қайта 
жіберілуге мүмкіндігі жоқ, бірақ ақпаратты көрсетілген 
мекеніне жеткізуге мүмкіндігі бар тізімдер (жіберілген хабар-
ламаны талқылау).
-   Түрлі «чатарды» пайдалана отырып, өткізілетін телеконферен-
ция түрі;
-   Электро нды тақталарды пайдалана отырып, жүргізілетін теле-
конференция. (BBS – ағылш. BulletinBoardSystem-электронды 
тақталар хабарламасы). 
Оқушыларды оқыту барысындағы телеконференцияның 
дидактикалық  қызметін атап кетсек: Оқу телеконференциясында 
мұғалім болса да оқушы болса да: 
·   қарастырылып жатқан мəселеге қарай өз ойын хабарламамен 
жіберу. Ол сайт беттерінде орнатылғаннан соң, ол барлық 
қатысушыларға көрінеді жəне конференцияға қатысушылар 
оған өз ойларын жаза алады;

222
-   телеконференцияға қатысушыларға мұғалімдерге немесе 
оқушыларға сұрақтар қою. Алайда, мұндай телеконференция 
оқу бағдарламаларына бағытталғандықтан, тақырыпқа сай 
сұрақтар қойылуы тиіс;
-   қатысушылардың ой-пікірлері мен ақпараттарымен бөлісіп, 
модераторлардың сұрақтарына жауап беру; 
-   басқа қатысушылардың хабарламаларын оқу. Телеконферен-
цияға қатысатын əрбір қатысушы белгілі бір тақырыптағы не-
месе бұрын да сайт беттерінде жария болған хабарламаларға 
қол жеткізе алады;
-   дискуссияға қатысу. Осымен қатар қарастырылып отырған 
мəселе жайлы анық əрі толық жауап беруі тиіс;
-   жаңа мүмкіндіктерді меңгере отырып, білім алу. Оқушылардың 
білімін жетілдіре отырып жүргізілетін телеконференцияның 
ақпараттарының көлемін;
-   телеконференция мəселесі бойынша кез келген уақытта 
мұғалім мен оқушыларға хабарлама жіберу;
-   əр тақырыптағы талқылауға бір уақытта жауап беру (қатысу);
-   телеконференцияға қатысушыларға тек өзің жайлы ғана емес 
өзіңнің ортаң жайлы да хабарлай білу. 
Интернет желісінде немесе басқа да осы мамандыққа қатысты 
желілерде орналасқан оқу телеконференциясы тек бұл конферен-
цияға қатысушыларды ғана емес басқа да қызығушыларға арналады. 
Бұл əдісті сипаттайтын ерекшелігі мектеп оқушыларын 
2-3-5 арнайы топтарға бөліп ақпарат құралдарын пайдалана 
отырып, жаңа телекомуникациялық технологиялармен жұмыс 
жасауға үйрету. Осындай ортада жұмыс жасай отырып, 
əрбір оқушының академиялық үлкен топтардан бөлініп, белгілі 
бір əлеумет мүшесі екендігін сезіне отырып, жекелей шағын 
ортада жұмыс жасауға мүмкіндігі а шылады. Шағын топтарға бөліп 
оқыту əр оқушының конференцияға белсенді қатысуына мүмкіншілік 
береді. 
Мұндай өте қызықты жəне мүмкіншілігі зор бағдарламалар 
виртуалды ортада оқушылардың топтарын басқа атпен атап қою 
жəне бір-бірімен қарым-қатынастарын ұлғайту мақсатында да 
көптеп қолданылады. Оқушылар бір-бірімен хабарламалар арқылы 
білімдерімен алмаса отырып дамиды. 
Шағын топпен жұмыс барысында оқушының жеткен 
жетістігі емес топтың бір-біріне көрсеткен көмегі жəне соның 

223
нəтижесінде жеткен жетістігі бағаланады. Осылайша бір 
уақытта топпен жұмыс жасау əр оқушының белсенділігін арттыра 
түседі. 
Қатынастық технологиялар базасын пайдалана отырып  оқу те-
леконференциясын жүргізу барысында арнайы оқу-танымдық орта-
сы кеңейе түседі жəне келесідей сипаттамалар қалыптасады: 
-  интербелсенділік, оқушылардың қарым-қатынасының 
белсенділігін арттыра түсіп, интернет желілері арқылы түрлі 
ресурстарды пайдалану техникасын жəне оқу əдістемелік 
құралдарын жетілдіреді;
-   ақпараттану – ақпараттық-қатынастық технологиялар пайда-
лана отырып ақпарат жетілдіру ортасында деңгейді жоғарылату 
жəне ұйыммен жұмыс жасау барысына арнайы топшалардың 
қалыптасуы;
-   ашылу (араласу) – конференцияға қатысушыларға оқу-
танымдық барысында хабарламалар алмаса отырып, түрлі көз-
қарас, пікірлерге араласу;
-   жеделдік, жоғары жылдамдықта ақпарат алмасу, оқу үдерісін 
қадағалау, мұғалімдер мен оқушылар арасында байланыс жа-
сау, кез келген қолданушыға ыңғайлы уақытта ақпаратпен 
қамтамасыз ету;
-   Инегративтілік, білім беру ортасында интегративтік деңгей-
лерін қадағалау жəне ұйым ретінде бағалау. 
7.2 Оқытудың нəтижелілігін өлшеудегі ақпараттық 
технологиялар
7.2.1 Диагностикалаудағы ақпараттандыру құралдары
Комуникациялық технологияларды жəне ақпараттану құрал-
дарын көбіне мектеп оқушыларына оқу барысындағы бағалау 
үдерістерін жəне нəтиже деңгейін қадағалау үшін қолданылады. 
Мұғалімдер мұндай компьютерлік техника құралдарын педа-
гогикалық бағалау жəне нəтижені қадағалау бағытындағы құрал 
ретінде пайдаланады. 
Мұндай компьютер құралдарын педагогикалық бағытта жа-
сау жəне пайдалану оқыту нəтижесін қадағалау жəне өлшеуде өте 
маңызды рөл атқаратындығын естен шығармау керек. 

224
Қазіргі заманда мұндай оқыту жүйелерін қадағалау жəне 
бағалауда тест жүйелері қолданылады, бұл термин бағалау жүрген 
жерде тақырыпқа байланыссыз кез келген жерде қолданылады. 
Тест жүйесін қолданатын қолданушылардың барлығы бұл жүйе-
нің тиімді жақтарын көрсетті:
-   тест процедурасының барысында формалаудың жəне 
бірегейліктің жоғары деңгейілігі,
-   бірнеше компьютерді пайдалана отырып, бір уақытта бірнеше 
тест жүйесімен жұмыс жасау, 
-   интернет бүкілəлемдік желісі бойынша немесе жеке 
компьютерлік желі арқылы қашықтықтан тесттеу жүйесінің 
бар болу мүмкіншілігі. 
Тесттеу жүйесі білімді бағалау (қадағалау) мақсатында жүзеге 
асады. Мұндай жағдайда мұғалім əрбір тақырыптан кейін неме-
се əр курстың соңында білімді қорытындылау мақсатында тесттеу 
жүйесін ұйымдастыра алады. 
Сонымен қатар, тесттеу жүйесін оқыту үдерісі жүріп жатқанда 
да пайдалануға болады. Бұл кезеңде тесттеу жүйесінің материалда-
рын пайдалана отырып оқушы «жекелей жұмыс» жасайды жəне «өз 
қатесімен жұмыс жасап» үйренеді. 
Сондай-ақ, тесттеу жүйесінде пайдаланылатын құралдар соңғы 
нəтижені қадағалау мақсатында да пайдалануға болады. Мұндай 
жағдайда, оқыту барысында көрініс беретін нəтиженің мазмұны мен 
əдістемелік, құралдарының маңызы зор болып табылады. 
Бұдан басқа тесттерді топтау мен тестті автоматтандыруда ком-
пьютер құралдарын қолдану үшін тесттік материалдардың деңгейлік 
топтары бар.
І деңгейдегі тесттер мектеп оқушыларының анықтамалық 
қызметтерді атқару білігін тексеруге арналады. Бұл тануға арналған 
тесттері (тапсырма шарты «ия» немесе «жоқ» деген жауапты 
қабылдайды); ажыратуға арналған тесттер (берілген жауаптардың 
ішінен дұрысын анықтау); жіктеуге арналған тесттер (екі түрлі 
элементтің сəйкестігіне арналған тапсырма шешімі).
ІІ деңгейдегі тесттер мектеп оқушыларын бұрын түсін-
дірілген қызметтерді алгоритмдік пішінде өз бетінше есте сақтау 
арқылы қайталау жəне қолдану біліктілігін анықтауға арнала-
ды. Оған жататындар: алмастыруға арналған тесттер (тапсыр-
маларда бақыланған жіберілген құрауышты толықтыру қажет); 
конструктивтік тесттер (бұл тесттер тапсырмасы жауапты (əрекетті) 

225
өз бетінше есте сақтау арқылы айтуды талап етеді); тесттер-
типтік тапсырмалар (тапсырмаларды дəлме-дəл, түсіндірілген 
əрекеттердің алгоритмін өзгертілмеген түрде қолдану жолымен ше-
шуге болады)
ІІІ деңгейдегі тесттер мектеп оқушыларының эвристикалық 
типтің өнімді əрекеттеріне дайындығын анықтауға арналады, 
бұл типтік емес тапсырмалар мен жағдайлар (тапсырмада мақсат 
анық, бірақ мақсат жетуі мүмкін  жағдай түсініксіз, типтік 
əрекеттерді игеру ережелерінің алдын-ала өзіндік трасформациясы 
жəне берілген, бейтаныс жағдайларды шешу үшін қолдануда талап 
етіледі).
IV деңгейдегі тесттер мектеп оқушыларының шығармашылық 
біліктілігін, оларың жаңа ақпаратты қабылдаудағы зерттеу 
мүмкіндіктерін анықтауға арналған. Бұл тест-мəселе (шешімі 
белгісіз жəне атақты əдістердің анықталуы жолымен де тікелей 
қабылданбайтын тапсырмалар мен алгоритмдер) 
Бұдан басқа ақпараттандыру үдерісіне тағайындау бойынша 
құрастырылған тесттік материалдар тобы да кіреді. Мұндай топтарға 
жинақталады:
-   ақыл-ой тесттері, танымдық үдерістерді дамыту деңгейін 
жəне мектеп оқушыларының ойлау қабілетінің қызметін тал-
дауда қолданылады;
-   қабілеттілік тесттері, мектеп оқушыларының түрлі қызмет 
салаларын игеру мүмкіндіктерін  бағалауға арналған;
-   жетістіктер тесттері, оқушылардың оқу нəтижесіне байла-
нысты білім, біліктілік, дағдыларының  дамуын бағалайды.
-   тұлғалық тесттер, оқушылардың қызу-еріктік сапаларын 
бағалауда қызмет етеді.
Барлық тест түрлерінің ішінде орта білім беруде кеңінен 
қолданылатын, кең таралған тесттің түрі жетістіктер тесттері болып 
табылады.
Педагогикалық өлшемді автоматтандыруға бағытталған ақпа-
раттық-қатынастық технологиялар құралдарын қолдануда мектеп 
оқушыларының білім нəтижелерін жəне жалпы орта білім беру 
мемлекеттік стандарт талаптарына сай жетістіктерін өлшейтін 
тəсілдердің екеуінің бірін ескеру қажет. Олардың бірі, мөлшер-
ленген тəсіл, мектеп оқушыларының тапсырмаларды орын-
дау шегінде анықталған мазмұнды қабылдау деңгейлерін бір-
бірімен салыстыруды қарастырады. Екіншісі, белгісі бар тəсіл, мек-

226
теп оқушыларының оқу нəтижесінің талаптары түріндегі бағыт 
немесе белгі мазмұнымен қоса білім деңгейлерін салыстыруды 
қарастырады. 
7.2.2 Бақылау-өлшеу материалдарының мазмұнын қалыптастыру
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының мазмұ-
нына кіретін тесттік тапсырмалар ерекше талаптар жүйесіне жа-
уап беру керек. Ол талаптар құрамына бірінші кезекте мазмұнның 
пəндік тазалық, айқындылық, анықтылық, бірмəнділік, оңайлық, 
сенімділік, форма дұрыстығы, жергілікті тəуелсіздік, технологиялық 
жəне тиімділік талаптары кіреді. 
Маңызды жəне функционалдық айқындылықты қарастырайық.
Маңызды айқындылық – бұл тесттің бақыланған оқу материа-
лына сəйкестігі. Функционалдық айқындылық – тесттің бағаланған 
қызмет деңгейіне сəйкестігі.
Тесттің айқындылық (бəріне қолайлылық) талабының орында-
луы əрбір оқушының не орындау керек екенін түсіндіру үшін ғана 
емес, сонымен қатар эталондардан ерекшеленген тура жауаптарды 
табу үшін қажет.
Тесттің оңайлық талабы тест меңгеруде бір деңгейдегі бір тап-
сырмадан тұруы қажет жəне əр түрлі деңгейдегі көп тапсырмадан 
тұрмауы қажет екенін анықтайды. 
Бір мəнділік əр түрлі эксперттермен орындалған тест сапасының 
бірдейлігімен анықталады.
Тесттеудің  сенімділік түсінігі меңгеру деңгейінің дұрыс 
өлшемінің ықтималдылығымен анықталады. Сенімділік талабы 
мектеп оқушысының əр түрлі тест нəтижелерінің орнықтылығын 
қамтамасыз етеді.
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары қорында 
тесттеуді автоматтандыру жүйесін компьютерлік құрастыру келесі 
кезеңдер есебімен өтеді: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет