Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



Pdf көрінісі
бет1/33
Дата16.04.2020
өлшемі1,08 Mb.
#62782
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
bilimdi akparattandyru


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Е.Ы. Бидайбеков, В.В. Гриншкун, Г.Б. Камалова,
Д.Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов
БІЛІМДІ 
АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖƏНЕ 
ОҚЫТУ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Оқулық
Алматы, 2014

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің 
«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен
ƏОЖ 
КБЖ 
Б
ƏОЖ 
КБЖ 
Пікір жазғандар:
Е. Медеуов – педагогика ғылымдарының докторы, профессор;
Б. С. Ахметов – педагогика ғылымдарының докторы, профессор;
Б. Д. Сыдыков – педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
ISBN
ISBN
Бидайбеков Е. Ы. 
Білімді ақпараттандыру жəне оқыту мəселелері: /Авторлар 
ұжымы: Е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, 
Б. Ғ. БостановОқулық. – Алматы, 2014. – 352 б.
Оқулықта білімді ақпараттандырудың ерекшеліктері, орта білімді 
ақпараттандырудың жалпы сұрақтары, білімді ақпараттандыру құралдарын 
пайдаланудың мақсатқа лайықтылығы мен тиімділігі, олардың қызметінің 
техникалық қырлары қарастырылған. 
Информатика саласындағы зерттеушілерге, мектепте білім беруді 
ұйымдастырушыларға, педагог-практиктерге арналған.
Б
© Е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова,
    Д. Н. Исабаева, Б. Ғ. Бостанов, 2014
© ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2014.

3
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ...........................................................................................8
1-ТАРАУ
ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ МƏТІНІНДЕГІ 
БІЛІМДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ ............................................11
1.1 Қазақстан Республикасы білім беру 
       жүйесінде ақпараттық технологияларды 
       пайдалану .....................................................................11
1.2 Білімді ақпараттандыру адамның іс-əрекеті 
       ретінде ..........................................................................24
1.3 Білімді ақпараттандырудың жағымды қырлары .......30
1.4 Қоғамды ақпараттандырудың білімді          
       ақпараттандыруға əсері ..............................................33
1-тарау сұрақтары мен тапсырмалары  ....................................36
2-ТАРАУ
ОҚЫТУ МЕН ТƏРБИЕЛЕУДЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН 
АҚПАРАТТЫҚ ЖƏНЕ ТЕЛЕҚАТЫНАСТЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ҚҰРАЛДАРЫ ..................................37
2.1 Білім беруде пайдаланылатын техникалық 
       құрал түрлері ...............................................................37
2.2 Компьютерлік техникаға негізделген 
       ақпараттық технологиялар .........................................40
2.3 Əртүрлі ақпараттар негізінде оқыту 
      көрнекілігін арттыру ....................................................46
2.4 Компьютер жəне компьютерлік желілер    
      телекомуникациялық құрал ретінде  ..........................60
2-тарау сұрақтары мен тапсырмалары .....................................68
3-ТАРАУ
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДЕ МУЛЬТИМЕ-
ДИА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ............................70
3.1 Мұғалімдер мен оқушылардың мультимедиа    
       құралдарымен жұмысының психологиялық 
       қырлары ........................................................................70
3.2 Мультимедианы пайдалануда оқытудың   
       педагогикалық тиімділігін арттыру ...........................76
3.3 Мультимедиа жəне дəстүрлі оқыту формалары ........79
3.4 Мектепте пайдаланылатын мультимедиа-
       ресурстары интерфейсін қалыптастырудың   
       психологиялық-педагогикалық қырлары ..................83
3-тарау сұрақтары мен тапсырмалар ........................................93

4
4-ТАРАУ
ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИАНЫ 
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ƏДІСТЕРІ .............................................94
4.1 Оқушылардың мультимедиа ерекшеліктерін 
       оқып-үйренуі ...............................................................94
4.2 Мультимедиа құралдарын пайдалану негізінде   
       оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту 
       əдістері .......................................................................108
4.3 Мультимедиа жəне оқу ойыны..................................115
4.4 Оқушылардың өз бетiндiк жұмысындағы 
       мультимедиа ..............................................................123
4-тараудың сұрақтары мен тапсырмалары ............................125
5-ТАРАУ
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР .................................127
5.1 Ақпараттық технологиялар ұғымы, ерекшеліктері 
мен түрлері ........................................................................127
5.2 Ақпаратты гипермəтіндік түрге келтіру. 
Гипермедиа .......................................................................131
5.3 Білім берудегі математикалық жəне 
ақпараттық модельдеу .....................................................140
5.4 Интербелсенді технологиялар ..................................144
5.5 Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамадарды 
оқытудағы ақпараттық технологиялар ...........................148
5 - тарау сұрақтары мен тапсырмалары .................................153
6-ТАРАУ
ТЕЛЕҚАТЫНАСТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ....................155
6.1  Компьютерлік желілер көмегімен ақпарат 
        алмастыру .................................................................155
6.2 Ауқымды ақпараттық компьютерлік желілер 
       жəне олардың білім берудегі мүмкіндіктері ..........163
6.3 Интернет желісінің білім беру сегменті. 
       Негізгі республикалық білім беру 
       Интернет-ресурстары  ..............................................169
6.4 Оқушылардың сыни ойлауы Интернет 
       желісінен алынған теріс ақпаратқа сай 
        қарым-қатынас факторы ретінде ............................177
6-тарау сұрақтары мен тапсырмалары ...................................181

5
7-ТАРАУ
БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ 
ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПЕДАГОГТЫҢ КƏСІБИ 
ІС-ƏРЕКЕТІ ............................................................................182
7.1    Оқыту үрдісіндегі ақпараттандыру 
     құралдары ............................................................182
7.1.1 Оқытуды ақпараттандыру құралдарын 
     жіктеу ...................................................................182
7.1.2 Білім беру электрондық ресурстары жəне   
     олардың сапасы  ..................................................202
7.1.3 Ақпараттандыру жағдайындағы оқыту  
     əдістеріндегі өзгеріс  ...........................................207
7.1.4 Педагогтар мен оқушылардың 
     телекомуникациялық қарым-қатынасы 
     оқытудың тиімділігін арттыру факторы  
     ретінде  .................................................................220
7.2    Оқытудың нəтижелілігін өлшеудегі ақпараттық 
     технологиялар ......................................................223
7.2.1 Диагностикалаудағы ақпараттандыру   
     құралдары ............................................................223
7.2.2 Бақылау-өлшеу материалдарының 
     мазмұнын қалыптастыру ....................................226
7.2.3 Оқытудың нəтижелілігін өлшеу 
     əдістемесі  ............................................................227
7.3    Тəрбиелеу мен оқудан тыс жұмыстағы 
     ақпараттық технологиялар .................................230
7.4    Ғылыми-əдістемелік іс-əрекеттерді 
    ақпараттандыру ....................................................236
7.5    Оқу орнының жұмысын жоспарлау мен 
     үйлестіру ..............................................................240
7.5.1 Ұйымдастыру-басқару іс-əрекетіндегі   
         ақпараттандыру құралдары.................................240
7.5.2 Ақпараттандыру құралдарын пайдалануға 
    байланысты педагогтың жұмысы .......................246
7-тарау сұрақтары мен тапсырмалары ...................................250

6
8-ТАРАУ
АҚПАРАТТЫҚ ЫҚПАЛДАСТЫРУ БІЛІМ 
БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ ҚҰРАЛДАРЫН 
ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ РЕТІНДЕ .............................253
8.1  Электрондық басылымдар мен ресурстарды 
       жасау құралдар ..........................................................253
8.2  Білімді ақпараттандыру құралдарын дайындау 
       үшін мазмұнды  іріктеу.............................................256
8.3  Оқу ақпаратын гипермəтін түрінде 
       келтіру ........................................................................265
8-тарау сұрақтары мен тапсырмалары ...................................274
9-ТАРАУ
АҚПАРАТТЫҚ БІЛІМ ОРТАСЫ .......................................275
9.1  Ақпараттық білім ортасы: ұғымы, құрылымы,   
       ерекшеліктері .............................................................275
9.2  Ақпараттық білім ортасының оқытудың 
       əдістемелік жүйесіне əсері .......................................278
9.3  Денсаулық сақтау технологиялары ақпараттық 
       білім ортасының компоненті ретінде ......................282
9.4  Ақпараттық білім кеңістігі оқу орындарының   
       ақпараттық білім орталарын бірлестігі 
       ретінде ........................................................................287
9-тарау сұрақтары мен тапсырмалары ...................................290
10-ТАРАУ
БІЛІМДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДА 
ПЕДАГОГТАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ .................................................................291
10.1  Ақпараттандыру əдістері мен құралдарын   
         пайдалануға педагогтардың дайындығын  
         қалыптастыратын факторлар .................................291
10.2  Білім беруді ақпараттандыру саласындағы  
         оқытушыларды дайындау жүйесі ..........................298
10-тарау сұрақтары мен тапсырмалары .................................302

7
11-ТАРАУ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ ЖƏНЕ ОҚЫТУ 
ПРОБЛЕМАЛАРЫ ................................................................303
11.1  «Электрондық оқыту» ұғымының мəні мен   
         мазмұны ...................................................................303
11.2  Қазақстандағы Электрондық оқыту  .....................310
11.3  Электрондық оқыту технологиялары  ...................318
11.4  Электронды оқытуды  ұйымдастыру 
         жүйелері ...................................................................328
11.5  LMS Moodle мүмкіндіктерінің 
          сипаттамасы ............................................................346
11-тарау сұрақтары мен тапсырмалары .................................349
ҰСЫНЫЛАТЫН ƏДЕБИЕТТЕР ............................................350

8
КІРІСПЕ
Қазіргі қоғамды ақпараттандыру жəне онымен тығыз байланыс-
ты білім беруді ақпараттандыру жетілгендігімен, ақпараттық жəне 
телекомуникациялық технологиялардың (АТТ) кеңінен таратылуы-
мен сипатталады. Олар ақпаратты тарату үшін жəне мұғалімдер 
мен білім алушылардың өзара əрекетін қамтамасыз ету үшін білім 
берудің қазіргі жүйесінде кеңінен қолданыс табуда. Арнайы жағдайда 
көптеген технологиялар оқушыларды оқыту жəне тəрбиелеу сапа-
сын арттыруға айтарлықтай əсер ететіндігін түсіну қажет. 
Қазіргі мектеп мұғалімдерінің кəсіби дамуының маңызды 
мəселелерінің бірі олардың ақпараттық жəне телекомуникациялық 
технологияларды пайдалану саласындағы жеткіліксіз кəсіби деңгейі 
болып табылады. Алдыңғы кезекте, мұндай мұғалімдердің кəсіби 
деңгейінің жеткілікті деңгейде қалыптаспауы оқушыларды оқыту 
тиімділігінің айтарлықтай төмендеуіне əсер етеді.
Осыған орай мұғалім ақпараттық жəне телекомуникациялық 
технологиялар саласындағы білімді игеріп қана қоймай, соны-
мен қатар оларды өз кəсіби іс-əрекетінде қолданатын маман болуы 
қажет. Мұндай мақсатқа білімді ақпараттандыру жəне оқытудағы 
мəселелерді ақпараттық технологияларды қолдану арқылы қол 
жеткізуге болады.
Болашақ жəне бұрыннан жұмыс жасап келе жатқан педагогтарға 
білімді ақпараттандыру екі стратегиялық мақсатқа жетуді қамтамасыз 
ету қажеттігін білу маңызды. Біріншісі - ақпараттық жəне қатынастық 
технологияларды пайдалану негізінде білім беру іс-əрекетінің 
барлық түрлерінің тиімділігін арттырумен анықталады. Екіншісі – 
ақпараттық қоғамның сəйкесінше талаптарын қанағаттандыратын 
жаңа типті ойлайтын мамандарды даярлаудың сапасын артты-
ру. Ақпараттандыру əдістері мен құралдарының көмегі арқылы 
болашақ маман қандай ақпараттық ресурстар барлығы, олардың 
қайда орналасқандығы, оған қалай қолжеткізуге болатындығы жəне 
оларды өз кəсіби іс-əрекетінің тиімділігін арттыру мақсатында қалай 
пайдалану қажеттігі туралы сұрақтарға жауап алуы қажет.
Аталған оқулық білім алушыларды оқытуда Ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарын негіздей жəне тиімді 
қолдануға даярлауға бағдарланған. Оқулықта орта білім беруді 
ақпараттандырудың жалпы мəселелері, ақпараттандыру құралдарын 
қолданудың мақсатқа лайықтылығы мен тиімділігі, олардың 

9
қызметінің техникалық қырлары қарастырылған. Оқулықты қолдану 
педагогтарды білімді ақпараттандыру құралдарының жіктемесімен, 
гипермəтін, мультимедиа жəне гипермедиа, қолдану ерекшелігімен, 
білім беру электрондық басылымдары мен ресурстарының сапа-
сын саралау мен бағалау,  білім алушыларды оқытуда ақпараттық 
жəне телекомуникациялық технологияларды қолдану əдістерімен 
таныстыруға мүмкіндік береді.
Аталған оқулықтың мақсаты:
1. Мұғалімдерді ақпараттық жəне телекомуникациялық тех-
нологияларды жалпы орта білім беруде қолданудың жағымды 
қырларымен таныстыру;
2. Ақпараттық қоғамда білімді ақпараттандырудың рөлі мен 
орны туралы түсінікті қалыптастыру;
3. Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын тиімді 
қолдану саласы мен құрамы туралы түсінік қалыптастыру; 
4. Жалпы орта білім беру саласында ақпаратты құру, өңдеу, 
көрсету, сақтау жəне тасымалдау технологияларын тиімді қолдану 
саласы мен құрамы туралы түсінік қалыптастыру;
5. Ақпараттандырудың жалпы əдістерімен, оқыту үрдісінің бара-
бар қажеттіліктерімен, оқыту нəтижелерін бақылау жəне өлшеумен, 
жалпы орта білім беру жүйесінің оқу мекемелеріндегі оқудан 
тыс, ғылыми-зерттеушілік жəне ұйымдастырушылық-басқару іс-
əрекетімен таныстыру;
6. Ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдарына 
қойылатын талаптар, олардың сапасын бағалаудың негізгі 
приницптері туралы білімді қалыптастыру;
7. Педагогтарды ақпараттық білім беру ортасын қалыптастыру 
мен енгізуге қатыстыруға тұрақты мотивация қалыптастыру;
8. Қалыптасып келе жатқан білімді ақпараттандыру тіліне оқыту;
9. Мұғалімге қазіргі əлемдегі ақпараттық технологиялардың рөлі 
мен орнын оқушыларға түсіндіруге қосымша мүмкіндіктер беру;
10. Түрлі педагогтардың Ақпараттық-қатынастық технология-
лар құралдарын өзінің кəсіби іс-əрекетінде қолдану саласының 
мүмкіндіктерін теңестіру;
 Осы оқулықтың мазмұны жалпы орта білім беруде  қолданылатын 
ақпараттық қатынастық технологиялар құралдары ретінде 
қарастырылатын білім беретін электрондық басылымдары мен ре-
сурстарын сараптау мен қолдану, құрудың негіздерін қамтиды. 
Бұл салада əлі де болса шешілмеген мəселелер көп. Оған мұндай 

10
құралдардың оқыту үдерісіне бара-барлығы, ақпараттандыру 
құралдарының мазмұнының ғылыми деңгейін, мағыналық жəне 
стилистикалық мəдениетін арттыру, мектеп іс-əрекетінің түрлі са-
лаларында енгізілген жеке білім беру басылымдары мен ресурс-
тар арасындағы интерфейстік, технологиялық жəне ақпараттық 
байланыстың қажеттілігі жатады.
Оқулықтың мазмұнын жүйелейтін негізгі бағыттар ретінде, 
білімді ақпараттандырудың маңыздылығы, мақсаттары жəне 
ерекшеліктері, техникалық құралдары жəне білімді ақпараттандыру 
технологиялары, білім беру іс-əрекетін ақпараттандыру əдістері 
іріктелген, ақпараттық білім беру ортасын жəне жалпы орта білім 
берудің ақпараттық білім беру кеңістігін қалыптастыру негіздері, 
 
білімді ақпараттандыру саласында педагогтарды оқытудың 
ерекшеліктері келтірілген.

11
1-ТАРАУ ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ МƏТІНІНДЕГІ 
БІЛІМДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ
1.1 Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде 
ақпараттық технологияларды пайдалану
Ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар күн сайын 
білім берудің барлық саласына тереңірек еніп отыр. Бұған күнделікті 
ақпараттық қоғаммен жəне сəйкесінше мамандарды дайындаудың 
қажеттілігімен байланысты сыртқы факторлар, сонымен қатар оқу 
мекемелерінде қазіргі компьютерлік техника мен программалық 
қамтамасыз етудің кең таралуымен, мемлекеттік жəне мемлекетаралық 
білім беруді ақпараттандыру бағдарламаларының қабылдануымен, 
ақпараттандыру тəжірибесін қажет ететін педагогтар санының ар-
туымен байланысты ішкі факторлар əсер етуде. Бірқатар жағдайда 
ақпараттандыру құралдарын қолдану мектеп мұғалімдерінің еңбек ын-
тасын арттыруға жағымды əсер етумен қатар, мектеп оқушыларының 
оқу тиімділігіне арттыруға да ықпалын тигізеді.
«Технология» сөзі грек түбірінен шыққан жəне аудармада өнімді, 
материалдарды, жартылай фабрикаттарды, бұйымдарды өңдеу мен 
қайта өңдеу жəне оларды қолданыстағы заттарға түрлендіру əдістері 
мен тəсілдері жиынтығын зерттейтін ғылым дегенді білдіреді. 
Қазіргі таңда бұл сөздің түсіндірмесінде практикалық тапсырма-
ларды шешуге арналған ғылыми жəне инженерлік білімдерді қолдану 
қамтылады. Олай болса ақпараттық жəне телекомуникациялық тех-
нологияларды ақпаратты өңдеу мен түрлендіруге бағытталған тех-
нологиялар ретінде есептеуге болады.
Ақпараттық жəне қатынастық технологиялар (АҚТ) – бұл 
ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, беру жəне тасымалдау алгоритмін 
жəне əртүрлі əдістерді, тəсілдерді сипаттайтын жалпылама ұғым.
Бұл анықтамаға «қолдану» сөзі əдейі енгізілмеген. Ақпарат-
тық жəне телекомуникациялық технологияларды қолдану ақпарат-
тандыру технологиясының бөлшегі болып табылатын тағы бір 
технология туралы айтуға мүмкіндік береді, яғни ақпараттық жəне 
телекомуникациялық технологияларды білім беруде, медицинада, 
əскери жəне адамның басқа да іс-əрекеті саласында қолдану техно-
логиясы. Бұл салалардың əрқайсысы ақпараттандыру технологиясы-
на өз шектеулері мен ерекшеліктерін жинақтайды. Мысал ретінде 

12
ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар ретінде 
қарастырылатын Интернет технологиясын келтіруге болады. Алай-
да мектеп оқушыларын оқытуда Интернетті қолдану технологиясын 
ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар ретінде емес, 
жалпы білім беретін орта білім беруді ақпараттандыру технологиясы 
ретінде есептеуге болады. Білім беруді ақпараттандыру технологиясы 
ұғымы білім беру жүйесінде ақпараттық жəне телекомуникациялық 
технологияларды қолдану технологиясына қарағанда, мейлінше 
кең ауқымды екендігін түсіну маңызды. Бұл ұғым білім беруді 
ақпараттандыру мақсатына жетуді қамтамасыз ететін тəсілдердің, 
əдістердің барлық жиынтығын қамтиды. 
Мəселен, білім беруді ақпараттандыру технологияларына білім 
беру қызметіне арналған ақпараттық ресурстарды дайындау əдістері 
мен сапасын бағалау, педагогтарды өзінің кəсіби іс-əрекетінде 
ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды тиімді 
қолдануға оқыту тəсілдері жатуы мүмкін.
Жалпы білім беретін орта білім беру саласында қолданылатын 
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының негізінде 
перифериялық құрылғылармен жабдықталған дербес компьютер 
жатыр.
Компьютердің мүмкіндіктері оған енгізілген программалық 
қамтамасыз етумен анықталады. Программалық құралдардың 
негізгі категориялары жүйелік программалар, қолданбалы програм-
малар жəне аспаптық құралдар. 
Жүйелік программаларға компьютердің жабдықтарымен жəне 
пайдаланушымен өзара əрекетін қамтамасыз ететін операциялық 
жүйелер, сонымен қатар түрлі қызметтік немесе сервистік про-
граммалар жатады. Қолданбалы программаларға ақпараттық 
техологиялардың құрал-саймандары болатын программалық 
қамтамасыз етулер – мəтінмен, графикамен, кестелік мəліметтермен 
жəне т.б. жұмыс технологиялары жатады. 
Құрал-саймандық программаларға программалық қамтамасыз 
етуді дайындауға арналған программалар жатады. 
Жалпы білім беретін орта білім беру жүйесінде əмбебап офис-
тік қолданбалы программалар мен ақпараттық жəне телекому-
никациялық технологиялар құралдары мəтіндік процессорлар, 
электрондық кестелер, презентация дайындау программалары, 
мəліметтер қорын басқару жүйелері, органайзерлер, графикалық па-
кеттер жəне т.б. кеңінен таралған.

13
Компьютерлік желілердің пайда болуымен мектеп оқушылары 
жəне мұғалімдер жер шарының кез келген нүктесінен ақпаратты 
тез алу жаңа мүмкіндігіне ие болды. Басты телекомуникациялық 
желі Интернет арқылы əлемдік ақпараттық ресурстарға (электрон-
ды кітапхана, мəліметтер қоры, файлдарды сақтау орны, жəне т.б.) 
қолжетімділік деңгейі мүмкін болды. Интернет танымал ресурсында 
– WWW бүкілəлемдік өрнекте бірнеше миллиард мультимедиалық 
құжаттар жарияланған.
Телеқатынастық желі Интернет қолжетімді жəне бұдан басқа 
адамға қажетті ақпаратпен алмасуға жəне қарым-қатынас жасауға 
мүмкіндік беретін кең таралған сервистер, əсіресе электронды пошта
ICQ, жіберу тізімі, жаңалықтар топтары, чат. Нақты уақыт режимінде 
қарым-қатынас жасауға арналған арнайы программалар дайындалған, 
сондай-ақ олар байланыс орнатылғаннан кейін мəтіндерді, дыбыстар-
ды жəне бейнелерді тасымалдауға мүмкіндік береді. Бұл программа-
лар пайдаланушылардың жеке компьютерде орнатылған программа-
мен жеке жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 
Мəліметтерді сығымдаудың жаңа алгоритмдерінің пайда болуы-
мен компьютерлік желі бойынша тасымалдауға арналған дыбыс са-
пасы айтарлықтай артты жəне телефон желісіндегі дыбыс сапасына 
жақындай түсті. Бұның салдарынан жаңа технология – Интернет те-
лефония белсенді дами бастады. Арнайы құрылғылардың жəне Ин-
тернет желісі арқылы программалық қамтамасыз етудің көмегімен 
аудио жəне бейнеконференция жүргізуге болады. 
Компьютерлік желілерде ақпаратты тиімді іздеуді қамтамасыз 
ету үшін ақпаратты іздеу технологиясы қолданылады, оның мақсаты 
– басты компьютерлік желідегі ақпараттық ресурстар туралы 
мəліметтерді жинау жəне пайдаланушыларға ақпаратты жылдам 
іздеу мүмкіндігін беру. Іздеу жүйелерінің көмегімен əлемдік өрмектің 
құжаттарын, мультимедиалық файлдарды жəне программалық 
қамтамасыз етуді, мекемелер мен адамдардың мекенжай ақпаратын 
іздеуге болады. 
Нақты уақыт жағдайында Ақпараттық-қатынастық технология-
лар желі құралдарының көмегімен оқу-əдістемелік жəне ғылыми 
ақпаратқа, жедел көмек, ғылыми-зерттеу іс-əрекетін модельдеу, вир-
туалды оқу сабақтарын (дəріс, семинар) жүргізуге  қолжетімділік 
деңгейі артты. 
Маңызды ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар 
санына бейнежазба жəне теледидар жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет