Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


Мультимедианы пайдалануда оқытудың



Pdf көрінісі
бет8/33
Дата16.04.2020
өлшемі1,08 Mb.
#62782
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
Байланысты:
bilimdi akparattandyru
8 сынып геометрия

3.2 Мультимедианы пайдалануда оқытудың 
педагогикалық тиімділігін арттыру
Ғылыми жəне оқу-əдістемелік жарияланымдарда оқу-танымдық 
іс-əрекеттерді басқарудың дəлелді мысалдары неғұрлым жиі 
сипатталады (жаңа материалды мазмұндау кезеңінде назар-
ды белсендіруге бағытталған жедел бақылау; меңгерілген білім, 
білік жəне дағдыларды қайталау жəне бекіту кезеңінде компью-
термен интербелсенді өзара əрекеттестік; аралық кезеңдердегі 
ағымдық бақылау жəне қол жеткізілген нəтижелердің қорытынды 
бақылауы; оқу үдерісінің өзін түзетумен қатар оқу материалын қайта 
құрылымдау жəне мөлшерлеу негізінде оның нəтижелеріне түзету 
енгізу).
Жалпы орта жүйе үшін мультимедиа-ресурстарын құру 
жəне оларды практикалық қолданудың принципиалдық сұрағы 
оқушылардың маңызды қажеттіліктеріне негізделген позитивті мо-
тивтер құруға арналған сəйкес əдістеменің мақсаттылығы болып 
табылады. Тек оқушылардың мультимедиа-ресурстарын қолдануға 
деген мотивациялары жоғары болған жағдайда ғана осындай ресур-
старды мақсатты қолдануға нəтижелі оқыту мүмкін болады. Муль-
тимедиа-ресурстармен жұмыс істеу тəсілдерін оқыту сипаттамасын 
анықтау үшін  оқушылардың мультимедиа-ақпаратпен жұмыс істеу 
барысындағы тəртіп мотивацияларының ерекшелігін қарастыру 
қажет. 

77
Əдетте, мотив ұғымымен іс-əрекетке деген құлшынысын, 
адамның іс-əрекетінің қозғаушы күшін белгілейді. Мотив – қандай 
да бір қажеттілікті қанағаттандыру тілегі. 
Мотивация оқыту үдерісінде маңызды рөл атқарады, со-
нымен қатар табысты оқытудың кілттік факторы болып табы-
лады. Мотивация оқушының өзінің оқу үдерісі, мұғалімнің 
жүріс-тұрысы, академиялық талаптар, оқу материалдарының са-
пасы мен сабақтардың рөлі сияқты сұрақтар бойынша оқушы-
лардың көзқарастырының жиынтығымен анықталады.  Зерттеу-
лер мультимедиа-ресурстарды оқыту үдерісінде қолдану оқушы-
лардың мотивациясын арттыратындығын дəлелдеп отыр. 
Мультимедианың білім беру құралдары оқушылардың оқуға де-
ген құмарлықтары мен қызығушылықтарын тудырулары мүмкін, 
сонымен қатар ойша бейнелер мен модельдерді қалыптастыруға 
көмектеседі. Сонымен, көптеген жағдайда мультимедианы қолдану 
оқушыларды мотивациялауға оң əсер етеді. Алайда, мультимедиа 
құралдары панацея емес, сондықтан да кез келген оқу-əдістемелік 
аппарат сияқты бір уақытта барлық оқушылар үшін тиімді бола 
бермейді. 
Оқушыны оқуға ынталандыратын мотивацияның жеткілікті 
күрделі құрылымы салыстырмалы тұрақты жəне нақты жағдайға 
тəуелді емес мотивпен (ғылымның белгілі бір саласын зерттеу, мек-
теп бітіру) түсіндіріледі. Мұндай мотивтер салыстырмалы тұрақты 
жəне олар белгілі бір сыртқы əсерлерден өзгеріске ұшыраулары да 
мүмкін. Осындай факторлар оқыту үдерісі барысында мультиме-
диа-ресурстарын жүзеге асыру жəне қолдануға тікелей қатысты. 
Себебі, ақпаратпен жұмыс істеу үшін оқушылардың техникалық 
құралдарды меңгеру деңгейі жəне мультимедиа-ресурстарының 
білім берушілік потенциалын қолдану оларға болашақта өздерінің 
білімін жалғастыруға жəне айтулы кəсіп алып шығуға мүмкіндік 
береді. 
Алғашқы кезде оқушылардың мультимедиа-ресурстармен 
атқаратын жұмысы негізінен ақпаратты-коммуникативтік сипат-
та болады. Бастапқы мотив жаңа, соншалықты мазмұнды жəне 
қолжетімді емес ақпаратқа деген қажеттілік болып табылады. Ере-
жеге сай, мұндай мультимедиа-ақпарат қандай да бір сыни өңдеу 
мен ұғынуды талап етпейді. Кейіннен негізгі мотив ретінде ақпарат 
алмасуға мүмкіндік беретін құрбы-құрдастармен жеңіл қарым-
қатынасқа деген қажеттілік туындайды. 

78
Заманауи компьютерлік құралдар көптеген оқушыларды 
өздерінің бояуының, мультимедиалық мүмкіндіктерінің бай болуы-
мен, əр түрлі қалалар мен елдердегі өздерінің сүйікті музыкалық 
топтары, əншілері, футбол командалары, үй жануарлары, басқа 
адамдардың өмірі туралы ақпаратты жедел іздеу мүмкіндіктерінің 
көп болуымен қызықтырады. Іздеу мүмкіндігі өте ауқымды. 
Мұғалім міндетті қолдау көрсеткен жағдайда мультимедиа-ре-
сурстарды қолдану оқушылардың жаңа дүниелермен танысуға деген 
тілектерін дамытады.
Сыртқы ынталандырудан ғана емес, оқу үдерісімен қанағаттану 
сезімімен түсіндірілетін ішкі мотивация оқушының оқу үдерісіне 
дара кірісуін арттырады жəне де оқу нəтижелерінің жақсаруына əсер 
етеді, егер ынталандыратын іс-əрекетке деген алғашқы қызығушылық 
жоғары болса, онда ынталандырулар қызығушылықты төмендетулері 
мүмкін, ал ынталандыру тым оңай болғандықтан, бұл əділітсіз бо-
лып табылады. Ал, егер де алғашқы қызығушылық деңгейі сондай 
жоғары болмаса, онда жеңіл ынталандыру қызығушылықты арт-
тыруы мүмкін жəне тиімділікке оң əсер етуі мүмкін. Оқытудың 
көптеген заманауи мультимедиа-құралдарының қызметі аталған 
фактордың болуына негізделеді. 
Мультимедиа-ресурстармен жұмыс істеудің жеткілікті көп 
табиғи аспектілері бар. Кез келген оқушы Интернет желісінде 
өзінің жеке мультимедиалық сайтының болуын қалайды. Сонымен 
қатар, оқушылар электрондық пошта мен чатты қызыға қолданады. 
Интернеттің мұндай қызметтері оқушыларды коммуникативті 
қарым-қатынастың ерекше тəсілдерімен қамтамасыз етеді, оларға 
жаңа достар табуға, өзін-өзі дамытуға, өзін жария етуге көмектеседі. 
Осындай мақсаттарға жету үшін мультимедиа-технологияның 
элементтері қолданылады. 
Оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенділігін арттыру жəне жаңа 
білім мен технологиялық тəсілдерді тиімдірек меңгеру үдерісіне 
мультимедиа-ресурстарында түрлі проблемалық жағдайларды 
қолдану өз септігін тигізеді. Компьютерлік желілерде жұмыс істейтін 
пайдаланушылар проблемалық жағдайлармен жиі ұшырасып отыра-
ды. Мысалы, оқушылар олардың алдында мультимедиа-ақпараттың 
үлкен көлеміне жол ашылғандығын түсінеді, бірақ ақпаратпен таны-
су барысында бөлінген уақыт аралығында барлық ақпаратпен таны-
сып үлегере алмаулары да мүмкін. Осындай жағдайда оқушылардың 
ақпаратты іздеу жəне өңдеу дағдылары жеткіліксіз болып шығады, 

79
проблемалық жағдай туады, соның салдарынан осындай білік пен 
дағдыны мұғалімнің көмегіне жүгіну арқылы жетілдіріп отыруға де-
ген қажеттілік туындайды. 
Проблемалық жағдайларды шешу қажеттілігі – оқушылардың 
мультимедиа-ресурстармен жұмыс істеу мотивтерінің бірі. 
Жағдайдың мəселелі (проблемалы) болуы оқушылардың неғұрлым 
аз уақыт бөлігінде қажет мультимедиа-ақпаратты алуға деген 
қызығушылықтарының салдары болып табылады. Бұл үшін мұғалім 
оқушыларды жұмыс уақытын жоспарлауды үйретуі, іздеу жүйелері 
мен каталогтардың көмегімен бір тапсырманы бірнеше тəсілмен 
орындауды, алынған мультимедиа-ақпаратты сыни бағалауды үйрету 
керек.
3.3 Мультимедиа жəне дəстүрлі оқыту формалары
Мультимедиа-технологияны қолдану мектептегі оқу іс-əрекетін 
ұйымдастырудың жаңа формаларын тудыруы мүмкін. Соны-
мен қатар, мұндай технологиялар қазақстандық мектептердің ба-
сым көпшілігінде қолданылып жүрген дəстүрлі оқыту формасына 
айналған сынып-сабақ жүйесін оқытудың формасы мен тиімділігін 
де арттыруы мүмкін.
Сынып-сабақ жүйесінде мультимедиа технологияны қолданудың 
жақсы жəне жаман жақтары да бар. Оқытуды сынып-сабақ түрінде 
ұйымдастырудың артықшылықтары төмендегідей:
-  экономикалық тиімділік (жеке оқытумен жəне тəрбиелеумен 
салыстырғанда);
-  оқытудың нақты ұйымдастырылған жүйесі жəне оны басқару 
(нақтылық жəне оқу-тəрбиелеу үдерісіндегі үздіксіздік);
-  оқу материалын берудің жүйелік жəне жоспарлы сипаттамасы;
-  фронтальды, топтық, жеке жұмыс формаларын үйлестіру жəне 
оперативті түрде бір формадан екіншісіне өту мүмкіндігі;
-  мұғалімнің білім алушылардың жеке ерекшеліктерін білу, білім 
алушылардың бірін танып білуі негізінде сынып ұжымының 
əрбір білім алушының оқу іс-əрекетіне стимулды əсер етуі;
- оқушылардың  ұжымдық  жұмыс  сипатындағы  өзара 
бəсекелестігі;
-  мұғалімдерді пəндік оқытуға мамандандыру мүмкіндігі;
-  міндетті оқу іс-əрекеті əр түрлі сыныптан тыс, сабақтан тыс 
жұмыстармен тығыз байланысы.

80
Негізгі кемшіліктеріне төмендегілер жатады:
- үлгерімі орташа оқушыға бағдарлану, мұның нəтижесінде 
үлгерімі нашар оқушыларды оқытуда қиындықтар туындайды 
жəне үлгерімі жоғары оқушыларды дамытуда кідіріс болады;

мұғалімнің тарапынан оқушыларға бірыңғай, 
жекешелендірілмеген сипаттағы идеялық-эмоционалдық əсер 
етудің басым болуы; 
-  ережеге сай, оқыту кезеңінде сабақты стандартты құру;

жаңа оқу материалын мазмұндау кезінде жұмыстың 
фронтальдық формасының басым болуы;
-  сабақты сұрау жəне оқыту материалын тақтада бекіту кезінде 
жекелеген білім алушылардың топтарымен жұмыс істеу, бұл 
жағдайда қалған оқушылар сабаққа нақтырақ айтқанда оқыту 
үдерісіне қатыспайды;

оқыту жұмыстарының ұжымдық формасын қолдануға 
мүмкіндіктерді шектеу;
-  мықты оқушылармен «уақытынан бұрын» өту жəне оларды 
келесі сыныпқа көшіру мүмкіндігінің болмауы.
Оқушыларды сынып-сабақ жүйесінде оқытуда сабақ барлық 
пəндерден арнайы кабинеттерде жүргізіледі. Оқытуды ұйым-
дастырудың негізгі формасы сабақ болып табылады. Сондықтан 
да сынып-сабақ жүйесінің тиімділігін арттыру кабинеттерді дидак-
тикалық жəне техникалық оқыту құралдарымен жабдықтаумен, 
сабақ типтерін жəне оның модульдерін жетілдірумен байланыс-
ты. Бұл дидактикалық ізденістегі екі бағытты шоғырландыруға 
мультимедиалық технология мүмкіндік береді.
Қазіргі мультимедиалық технологиялар компьютерлік 
сыныптағы пəндік сабақ туралы айтуға мүмкіндік береді. Мыса-
лы, интербелсенді тақтамен сабақ жүргізу. Мұндай сабақта мұғалім 
өзінде бар барлық əдістемелік тəсілдерді сақтай отырып, мультиме-
диа технологиялардың мүмкіндіктерімен оны бірнеше рет көбейте 
алады. Ол үшін ең алдымен сабақ құрылымына тез кіріктірілетін 
мультимедиалық ресурстар қажет. 
Өкінішке орай, көптеген білім берудегі бағдарламалық өнімдерді 
жəне мультимедиалық ресурстарды жасаушылардың негізгі күштері 
жеке оқытуға арналған əр түрлі типтегі зияткерлік оқыту жүйесін 
жасауға бағытталған. Мұғалімге қосымша уақытты талап етпейтін, 
сынып-сабақ жүйесі шартында жүргізілетін сабаққа кіріктіре ала-
тын мультимедиа ресурстарын беру керек. 

81
Қазіргі таңда ең бір перспективалық жəне маңыздылардың бірі 
мектеп бағдарламасының тұйықталған бөлімін интербелсенді тақта 
сыныбы шартында оқуда мультимедиа технологиясын кешенді 
қолдану тəсілі болып табылады.
Қазіргі уақытта мектепте мультимедиалық құралдармен 
оқытудың ең қолжетімдірегі мультимедиалық CD дискілер. Бірақ 
бұл мəліметтердің дəстүрлі баспадан көп айырмашылығы жоқ. 
Негізгі теориялық материал бұрынғыдай белгі-символдық форма-
да беріледі жəне дайын сызбалар мен суреттерді қамтиды. Бұл оқу 
материалдарын сабақта қолдануда қиындық туғызуы мұғалімдерді 
қанағаттандырмайды. Мұндай мультимедиалық ресурстар негізінде 
сабақтан тыс, жеке өзіндік жұмысқа арналған. 
Дəстүрлі техникалық оқу құралдарын қолдану аумағында 
жинақталған үлкен əдістемелік қабілетті жан-жақты қолданып, 
ой елегінен өткізу керек. Осы уақытқа дейін мұндай құрал-
дарды аудитивтік (грамжазба, магнитафондық жазбалар), визуаль-
дық («меңіреулер» кино фильмдері жəне диафильмдер, 
диапозитивтердің бөлімдері, транспаранттар-графопроекторға 
арналған суреттер салынған пленкалар, эпипроекцияға арналған 
материалдар жинағы) жəне аудиовизуальдық (дыбыстық кино, бей-
нефильмдер, телебағдарламалар материалдары, дыбысталған диа-
фильмдер). 
Сабақта жеке техникалық құралдарды жəне олардың кешендерін 
қолдануға арналған көптеген əдістемелік əдебиеттер бар. Оларда 
техникалық оқу құралдарының артықшылықтары мен кемшіліктері 
нақты жазылған. Техникалық құралдың əр түріне арналған олар-
ды қолдану ұсыныстары жасалған, ұжымдық жəне жеке орындауға 
тапсырмалар нұсқалары құрылған. Барлық айтылғанға қарамастан 
аталған техникалық оқу құралдары оқу үдерісін толықтырды. 
Компьютер, мультимедиа ресурсы жəне интербелсенді тақта 
аталған техникалық оқу құралдарын интеграциялауға жəне оның 
мүмкіндіктерін толықтыруға, сонымен қатар, барлық сабақты 
жүргізуге мүмкіндік береді. Əр түрлі тасымалдауыштарға 
жазылған материалды арнайы монтаждау оқу кинофильмдерінің 
артықшылықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді: əр түрлі тілдік 
құралдардың оптимальды үйлесуі (текстің, дыбыстың, статистикалық 
жəне динамикалық демонстрациялардың), зерттелетін объектінің 
керекті бөлшектерін жəне жоспарын таңдау, оның ракурсын өзгерту. 
Сол сияқты граф тұрғызушымен жұмыс істеудің əлдеқайда белгілі 

82
əдістерін жүзеге асыру қарапайым: қабаттасу жəне пленкаларға 
түсіру, каширлеу.
Мультимедия-технологиялар оқушыны дайын оқу материалының 
пайымдаушысы ғана етіп қоймай, оны жасауда, түрлендіруде, 
оперативті қолдануда оның қатысушысы етуге мүмкіндік береді. 
Қазіргі уақыттағы қолда бар курстар, білім беру бағдарламалық 
пакеттері сабақты жаңаша құруға мүмкіндік жасайды. 
Оқытудың алғашқы техникалық құралдары. Киноаппараттармен 
эпипроекторды қолдану барысында бөлмені қараңғылу қажеттігі 
мұғалімге оқушынының танымдық белсенділігін басқаруға 
мүмкіндік бермеді жəне оқу материалын жасаушылардың еңбегін 
жоққа шығарды, олардың əдістемелік ойларын құнсыздандырды. 
Қараңғы емес аудиторияларда қолданылатын теледидар, бейне-
магнитафон, графопроектор пайда болуынан танымдық іс-əрекетті 
белсендіруде жəне оны басқаруда ешқандай маңызды өзгерістер 
болған жоқ. Мұғалімнің сабақта оқу фильмдерін немесе басқа 
материалдарды көрсетпес бұрын оқушыларды белгілі нысанға 
келтіруге тырысқанына, көрген ақпараттарды оқушылардың 
меңгеруін тексеру мақсатымен арнайы жұмыс ұйымдастыр-
ғанына қарамастан, көптеген оқушылар ұсынылған материалды 
«пассивті түрде қабылдады». Осындай жағдайларды оқу материа-
лын тақтаның алдында мұғалімнің түсіндіруінде байқауға болады. 
Сонымен қатар материалды бірден жазу керек болса, онда оқушы 
үшін көп жағдайларда оның мағынасыда жоғалып кетеді. Сабақ 
барысында қойылатын тексеру сұрақтары оқушылардың қабыл-
даған ақпаратты өңдеу мен меңгеру сапасын жоғарылатады. 
Өкінішке орай, дəстүрлі сынып-сабақ жүйесінде мұндай 
дидактикалық əдістің тиімділігі жоғары емес. Мұғалім физикалық 
тұрғыдан оқушылардың берген жауаптарын тез өңдеп, бағалай ал-
майды. Ал егер сабақ компьютерлік сыныпта жүргізілсе жəне жа-
уаптары компьютерде өңделсе, онда ол басқа мəселе. Мұндай 
жағдайда мұғалім шұғыл түрде орташа пайыздық үлесін қадағалап, 
керекті коррективаларды сабақ барысына кіргізеді. Сонымен қатар, 
сабақ соңында əр оқушының жұмысын бағалай алады. Осылайша
мультимедиалық – технология түсіндірмелі-иллюстративті əдіс 
шартында да оқушының ішкі белсенділігін ынталандыруға 
мүмкіндік береді.

83
3.4 Мектепте пайдаланылатын мультимедиа-
ресурстары интерфейсін қалыптастырудың 
психологиялық-педагогикалық қырлары
Мультимедиалық құралдарды қолданып қолайлы психологиялық 
климат қалыптастыру педагогпен оқушы арасындағы байланыстыру 
құралын қамтамасыз ететін
Мұндай құралдардың интерфейсін құрастыру негізгі 
психологиялық-педагогикалық аспектілерді ескере отырып жа-
салынуы керек. Қойылатын талаптардың көбі мультимедиалық 
ресурстың дизайнына қатысты. Интерфейсті қалыптастыру түстерді 
қабылдауда физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп жүзеге асыры-
лады. Мəселе, затты тұтастай қабылдау функциональдық жүйеге 
біріктірілген талдаушы адамдар қатарының қызметі негізінде 
жасалады. Əр түрлі сигнал белгілерін ажыратудың тəжірибелік 
түрде нақты нақты бірізділігі қабылданған. Мысалы, ең алдымен, 
объектінің фонға қатысты орналасуы жəне жарқындығы, содан кейін 
ғана формасы ажыратылады. Адамның ақпаратты қабылдауы бары-
сында кеңістіктік жəне модельді өлшеу жағдайы бір-біріне тəуелсіз 
жұмыс жадысының əр түрлі жүйе ішінде қолданылады жəне жаса-
лынады. 
Мультимедиялық құралдың интерфейсін құрастыру барысын-
да адам көру сезімі арқылы 180-ге жуық түстік сарындарды жəне 
олардың көптеген реңктерін – ақ түстің 30 жəне қара түстің 40 реңкін 
ажырата алатындығын есепке алу керек.
Білім беруші мультимедиалық ресурстарды жобалау барысын-
да түстер мен формаларды қабылдаудың келесідей физиологиялық 
ерекшеліктерін ескеру қажет:
1. Ынталандырушы (жылы) түстер əсерленуге себеп болады 
жəне əсер ету қарқындылығының кему ретіне байланысты 
тітіркендіргіш ретінде қызмет етеді: қызыл, қызғылт, сары.
2. 
Ыдыратушы (салқын) түстер тыныштандырады, ұйқы 
келтіреді: күлгін, көк, көгілдір, көкшіл-жасыл, жасыл.
3. Бейтарап түстер: ашық-қызғылт, сұр-көгілдір, сарғыш-жасыл, 
қоңыр.
4. Екі түстің қатынасы (таңбаның түсі мен фонның түсі) көру 
ыңғайына тікелей əсер етеді, кейбір түстердің жұбы көрудi 
əлсiретедi, стресске əкеледі (мысалы, қызыл фондағы жасыл 
əріптер).

84
5. Гипермедиа-құралдың түстік схемасын құрастыру қарапайым 
мəтін, гиперсілтеме жəне қатынасқан сілтемелер үшін 
қолданылатын негізгі үш функционалдық түсті таңдаудан бас-
талады. Түстік схема барлық элементтер, беттер, мультимедиа-
құралдың ішкі жүйелері үшін бірдей болуы керек. Бұл білім 
алушыларға орамдылық, мирасқорлық, стилділік, жайлылық 
жайлы түйсік қалыптастырады.
6.  Қаріпті таңдау барысында келесілерді ескеру қажет: бас əріптер 
кіші əріптерге қарағанда ауыр қабылданады.
7. 
Орыс алфавитіндегі əріптерді зерттеудің нəтижесінде 
қаріптерді оқудың жеңілдігі бойынша келесідей бірізділік 
анықталды:
-  бас əріптер үшін: өркеш (тісті), академиялық, стандартты, 
өнеркəсіптік, сəулетшілік, архитектуралық, романдық;
-  кіші əріптер үшін: академиялық, стандартты, романдық, 
архитектуралық, сəулетшілік.
8. Неғұрлым жақсы қабылданатын қаріп пен фон түстерінің 
тіркесі: қара көкте ақ түс, қарақошқылда сары түс, ақта қара 
түс, көкте сары түс.
9. Ақ кеңістік айқындылықтың күшті құралының бірі ретінде 
мақұлданады, қолданылған қаріптердің аздығы – стилдің 
белгісі.
10. Таңбалардың формасын зерттеу барысында пішіндерінің қатты 
құламалары бар таңбалар ерекше жылдам жəне анық таныла-
ды; мысалы, үшбұрыш пен тікбұрышты тану көпбұрыш пен 
овальды фигураларға қарағанда едəуір оңай; қарапайым фи-
гуралар оларды танудың нақтылығы жағынан келесі тəртіппен 
орналастырылады: үшбұрыш, ромб, тікбұрыш, щеңбер, ква-
драт.
11. 
Кез келген фондық сурет оқушы көзінің шаршағыштығын 
жоғарылатады жəне материалды қабылдаудың тиімділігін 
төмендетеді.
12. 
Адамның сана-сезіміне мультипликация ерекше əсер етеді. 
Оның əсері қарапайым бейнеға қарағанда күштірек. Анық, 
ашық, жылдам ауысатын суреттер сана-сезімдегі белгіні жеңіл 
ысырып тастайды. Əсер ету қысқа болған сайын ол күштірек 
болады.
13. 
 
Кез келген анимацияланған объект материалды қабылдауды 
төмендетеді, көңіл аударарлық күшті əсер етеді, назардың 

85
динамикасын бұзады. Анимацияны қолдану ерекше назарды 
жəне керектікті талап етеді.
14. Оқытуға қатысы жоқ фондық сүйемелдеуге қосылған дыбыс-
тар (əндер, əуендер) білім алушылардың тез жалығуларына, 
көңілдерін бөлуге жəне оқытудың өнімділігін төмендетуге 
алып келеді. Жəне де тиімділіктің көрсеткіші дыбыстың 
қарқындылығына тəуелді емес (егер ол 40 пен 75 дб арасында 
тербеліп тұрса).
15. 
Мультимедиа ресурстардың визуальдық жəне дыбыстық 
сигналдардың қарқындылығы адамның сезімталдық анализа-
торы диапазонының орташа мəніне сəйкес болу керек.
Мультимедиалық құралдың жұмыс істеуінің ғаламдық сценариін 
жобалау барысында оқу жұмысының басында білім алушылардың 
мотивациясын құруды жоспарлау, оқу материалының жалпы 
құрылымымен танысу (алгоритмдеудің психологиялық теориясы 
немесе зерделі əрекеттерді кезең бойынша қалыптастыру), бұрын 
өткен материалды егер қажет болса, еске түсіру ұсынылады. 
Жергілікті сценарийді құру (жеке оқыту элементтерін оқу 
барысында тапсырмаларды орындаудың бірізділігі) кезінде тап-
сырмаларды схемалар, сызықтар жəне басқа да графикалық 
иллюстрациялар түрінде, одан кейін аса абстрактілік орындауды 
алдын ала жоспарлау ұсынылады. Оқытудың бөлшектік, үлестік 
қасиетін еске ала отырып, мультимедиалық құралдың ғаламдық 
сценариінде ағымдық жəне аяқтаушы жалпылама кезеңдерін 
қарастыру қажет.
Психологияның жетістіктері компьютер экранында ақпаратты 
визуалдау тəсілін жасауда есепке алатын жалпы ұсыныстар қатарын 
сипаттауға мүмкіндік береді:
-  экрандағы ақпарат құрылымды болу керек;
-  визуальды ақпарат мерзімімен аудиоақпаратқа ауысып отыру 
керек ;
-  жұмыс екпіні өзгеру керек;
-  мерзімімен түстің ашықтығы жəне/немесе дыбыс қаттылығы 
өзгеру керек; 
-  визуалданған оқыту материалының мазмұны тым оңай немесе 
тым күрделі болмау керек.
Экрандағы кадрдың үлгісін жəне оның құрылуын жасауда көру 
өрісін ұйымдастыруды анықтайтын объектілер арасында мағына 
мен қатынас бар екенін есепке алу ұсынылады.

86
Объектілерді тұтастыруда (құрастыруда) ұсынылады:
-  бір-біріне жақын, көру өрісіндегі объектілер бір-біріне жақын 
болған сайын, жоғары ықтималдықпен олар бірыңғай, біртұтас 
бейнеге ұйымдасады;
-  үдеріс ұқсастығымен, бейнелер ұқсас, біртұтас болған сайын, 
жоғары ықтималдықпен олар ұйымдасады;
- жалғасу қасиетін есепке алу, көру өрісіндегі элементтер 
заңдық бірізділікті сəйкес жалғастырушы орында көп болған 
сайын, жоғары ықтималдықпен бірыңғай, біртұтас бейнеге 
ұйымдасады;
-  осындай ретпен, олар тұйықталған тізбек құрау, көру өрісіндегі 
элементтер көп тұйықталған тізбек құраған сайын, олар үлкен 
дайындықпен жеке бейнелерге ұйымдасады;
-  объектілердің үлгісін, əріптер мен сандардың көлемін, түстің 
қанықтығын, мəтіннің орналасуын жəне т.б. таңдауда зат пен 
фонның бөліну ерекшелігі;
-  визуальды ақпаратты бөлшектермен, ашық жəне қарама-қарсы 
түстермен жүктемеу;
-  еске сақтау үшін арналған оқу материалын түспен, астын сызу, 
қаріптің өлшемімен жəне т.б.
Мультимедиалық ресурстарды жасау барысында əр түрлі фон-
да əр түрлі түстермен бейнеленген объектілерді адам əрқалай 
қабылдайтынын есепке алу керек. Егер объектілердің түстерінің 
ашықтығы мен фонның ашықтығы сай келмесе, онда кескінді беттік 
көру барысында визуальды таңба əсері пайда болуы мүмкін. Бейнені 
ерекше зейінмен қараған кезде бұл объектілерді қабылдау қосымша 
көру күшін талап етеді. 
Көрермендік ақпаратты ұйымдастыруда заттардың фонға деген 
қарама-қарсылығы маңызды рөл атқарады. Қарама-қарсылықтың 
екі түрі бар: тура жəне кері. Тура қарама-қарсылықта заттар мен 
олардың бейнелері қошқыл, ал кері қарама-қарсылықта фоннан 
ашықтау. Əдетте мультимедиалық ресурста қарама-қарсылықтың 
екі түрі де қолданылады, жеке-жеке əр түрлі кадрларда, бірге бір 
суреттің рамкасында.
Тура қарама-қарсылықта жасалған жұмыс артықшылыққа ие. 
Бұндай жағдайларда жарықтың өсуі көрудің жоғарылауына, ал 
керіде төмендеуге əкеледі, бірақ кері қарама-қарсылықта ұсынылған 
сандар, əріптер мен таңбалар кіші көлемде тура қарама-қарсылықта 
болса да анық жəне тез танылады. Бейне бөліктерінің салыстырма-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет