Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



Pdf көрінісі
бет16/33
Дата16.04.2020
өлшемі1,08 Mb.
#62782
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33
Байланысты:
bilimdi akparattandyru
8 сынып геометрия

162
Өте күрделі жүйедегі бөлінген өңдеу мəліметтері əртүрлі 
ақпараттық қызметтер жəне жалпы жүйеге (жаңалықтар қызметі, 
ұлттық жəне басты ақпараттық-ізденуші жүйеге, мəліметтер қорына 
жəне білім қорына жəне т.б.) қосылу арқылы орындалады. 
Жалпы орта білім беру үшін компьютерлік желідегі жүзеге асы-
рылатын маңызды сервис ақпаратты автоматты іздеу болып 
табылады. Арнайы құралдарды ақпараттық-іздеу жүйесін қолдана 
отырып, қысқа уақыт аралығында əлемдік ақпарат көздерінен 
қызықтыратын мəліметтерді табуға болады. 
Оқытушыларды оқытуда телекомуникациялық каналдар арқылы 
алынатын мұндай ресурстарды қолданудың негізгі дидактикалық 
мақсаттары мəліметтерді хабарлау, білімді қалыптастыру жəне 
бекіту, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру жəне жетілдіру, 
меңгеруді жəне жалпылауды бақылау. 
Бүгінгі күні Интернет желісінде жарияланған  білім беру 
ақпараттық ресурстарын қолдану, келесідей мүмкіндіктер береді:
-  оқушылардың білімді өздігінен меңгеруі мен көрсете білуіндегі  
əртүрлі іс-əрекетінің формаларын ұйымдастыру;
- түрлі оқу əрекетінде орындауда қазіргі ақпараттық жəне 
телекомуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін 
кеңінен қолдану, соның ішінде, ақпаратты тіркеу, жинау, сақтау, 
өңдеу; интербелсендік сұқбат, нысандарды, құбылыстарды, 
үдерістерді зертхананың қызметін модельдеу жəне т.б.;

оқыту үдерісінде мультимедиа технологиясының, 
гипермəтіндік жəне гипермедиа жүйесінің мүмкіндіктерін 
қолдану;
- оқушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін, сонымен 
қатар олардың білім, іскерлік, дағды деңгейін, нақты сабаққа 
дайындық деңгейін диагностикалау;
- оқытуды басқару, оқыту əрекетінің нəтижелерін бақылау 
үдерісін автоматтандыру, жаттықтыру, тестілеу, нақты 
оқушының интеллектуалдық деңгейіне жəне білім, білік, 
дағды, мотивациялық ерекшеліктеріне тəуелді тапсырмаларды 
генерациялау;
-  оқушылардың өзіндік оқу əрекетін орындау, өзіндік оқуын, 
өзіндік дамуын, өзіндік жетілуін, өзіндік білім алуын, өзін 
жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
-  қазіргі телекомуникациялық ортада жұмыс жасау, ақпараттар 
легін басқаруды қамтамасыз ету. 

163
Осылайша, компьютерлік телеқатынастар – бұл ақпаратпен 
жұмыс жасауға үйрететін тек қана қуатты оқыту құралы ғана емес, 
сонымен қатар, компьютерлік телеқатынастар – бұл адамдардың 
бір-бірімен қатынасатын ерекше орта, сондай-ақ ол мекен ету ор-
тасына тəуелсіз əртүрлі ұлттық, жас ерекшелік, кəсіби жəне басқа 
қолданушылар тобының өзара интербелсендік əрекет ету ортасы.
Өкінішке орай, оқушыларды оқыту үдерісінде көптеген 
телекомуникациялық технологияларды тиімді қолдану əдістемесін 
осы күнге дейін оқытушылар толығымен қолдана алмауда. Қазіргі 
мұғалім жаңа компьютерлік технологиялармен жұмыс жасау 
іскерлігінен басқа олардың оқыту үдерісінде қолданылуының 
мүмкін болатын тəсілдерін білуі қажет. Оқытушылардың оқыту 
үдерісінде телекомуникациялық технологияларды қолдану 
əдістемесін теориялық жəне практикалық меңгеру тəжірибесі 
 
оқытудың тиімділігі мен сапасын арттырудың, өзінің кəсіби 
шеберлігін жетілдіруі мен қалыптастыруының негізі болар еді.
6.2 Ауқымды ақпараттық компьютерлік желілер жəне 
олардың білім берудегі мүмкіндіктері 
Ақпараттандыру – білім беруді жетілдірудің негізгі фактор-
ларының бірі. Оқытудың мазмұны мен əдістері өзгеруде, педа-
гогтар білім берудің қарапайым трансляторы рөлінен бірте-
бірте оқушылардың білім, білік, дағдысын меңгеру іс-əрекетін 
ұйымдастырушысына айналуда. Ақпараттандырудың маңызды 
құралы Интернет желісінде жарияланған білім берудегі ақпараттық 
ресурстар болып табылады. Олардың жалпы орта білім беру 
жүйесінде жұмыс жасайтын барлық мамандармен нақты, өз 
уақытымен жəне оңтайлы қолданылуы оқушыларды дайындаудың 
тиімділігіне əсер етеді. 
Компьютерлік желідегі ақпараттық ресурстармен жұмыс жасау-
ды толығымен қарастырайық. 
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары жалпы орта 
білім беру мекемесі жұмысына келесілерді енгізеді:
- 
оқу-əдістемелік материалдарды, рефераттарды жəне 
мəліметтерді  дайындау үшін интернет желісінің (Web-
сайтта) оқу жəне ғылыми сайттарында орналасқан ақпаратты 
қолдану;

164
-   интернет желісінде оқу мекемелерін ұйымдастыру;
-   интернет желісінде мектеп пəндерінің мазмұнына жəне орна-
ласуына байланысты сайтты құру;
-   оқытушылар мен оқушылардың жеке Web-сайттарын орналас-
тыру.
Интернет желісіндегі көптеген ақпараттық ресурстар гипер-
медиа принципі бойынша ұйымдастырылып Web-беттері ретінде 
көрсетілген.
Web-бет – бұл мазмұнына келесілер енетін құжат:
-   форматталған мəтін; 
-   мультимедиалық нысандар (графика, дыбыс, бейнеклиптер);
- 
 басқа Web-беттерге сілтемелер немесе басқа ақпараттық 
ресурстарға;
-  компьютерге енгізілген программа бойынша жұмыс жасауға 
қабілетті белсенді компоненттер.
Web-бет – бұл бүтіндей файлдар тобынан тұратын жеткілікті 
түрдегі күрделі құжат.
Бір беттің көлемінде барлық қажетті мəліметтерді беру қиын, 
сондықтан, ақпаратты бір тақырыпқа жалпы стильде безендірілген 
жəне гипермəтіндік сілтемелермен байланыстырылған бірнеше он 
немесе жүздеген Web-беттен тұратын жиынтық түрінде қарастыруға 
болады. Мұндай жиынтық Web-сайт немесе Web- түйін деп аталады. 
Əрбір Web-сайттың бастапқы немесе үйге арналған деп аталатын 
старттық беті бар.   
Қарапайым Web-түйін сұратылған құжатты клиенттің 
сұранысымен ғана жібереді. Өңделген ақпаратты клиенттің тіркелуі 
мен жазылуы жағдайында өздігінен беруге мүмкіндік беретін Web-
түйіндер бар.
Көптеген Web-сайттар жəне Web-беттер  WWW-серверлер 
жиынтығында сондай-ақ арнайы программалық қамтамасыз ету 
орнатылған компьютерлерде сақталады. 
Желіге қосылған қолданушылар Web-беттерден Web-браузерлер 
деп аталатын бүкілəлемдік тор программа-клиент көмегімен 
ақпаратты алады жəне қарай алады.
Браузер бетін құру үшін компьютерлік желіге қажетті құжат 
сақталған Web-сервермен сұраныс жіберіледі. Сұранысқа жа-
уап ретінде сервер қажетті Web-бетті қарау программасын немесе 
егер ол бірнеше себептерге байланысты кіру мүмкіндігі болма-

165
са бас тартатындығы жөнінде мəлімет жібереді. Клиент-сервердің 
өзара əрекеті арнайы ереже бойынша орындалады, немесе басқаша 
айтқанда, қолданбалы сипатта болады. 
Web-құжатта форматталған мəтін, графика жəне Интернет 
желісінің түрлі ресурстарына гипермəтіндік сілтемелер бар. Осы 
мүмкіндіктерді жүзеге асыру жəне ақпараттық ресурстардың 
дербес компьютердің жүйелік программалық қамтамасыз ету-
ден тəуелсіздігін қамтамасыз ету үшін  арнайы тіл жасалған. Ол 
HyperText Markup Language (HTML) немесе гипермəтінді белгілеу 
тілі атағына ие болды. 
Интернет желісіндегі əрбір файлдың ыңғайлы адресі бар. Ол 
– URL. URL (Universal Resource Locator, ресурстардың əмбебап 
көрсеткіші) – желідегі кез келген файлдың адресі. URL-де файлды 
іздеуге көмектесетін протоколдың аты, онда қандай программа-сер-
вер қойылатын жəне файлға жолды көрсететін компьютердің адресі 
көрсетілген. 
Осы уақытта дейін Интернет желісіндегі ақпараттық ресурстар-
мен жұмыс жасау үшін программа-клиенттер жиынтығын шығаруға 
бəсекелес негізінен екі ірі фирмалар - Netscape Communications 
жəне Microsoft. 
Бірінші фирманың өнімі Netscape Communicator деп аталады, 
ал оның құрамына танымал Netscape Navigator программа-брау-
зер кіреді. Microsoft фирмасының Интернет желісіндегі клиенттік 
программалық қамтамасыз ету пакеті Internet Explorer деп аталады. 
Бұл жиынтықтағы браузер бірыңғай атқа ие болды. 
Интернет желісінің дамуына жəне ондағы ақпараттық 
ресурстардың санының артуына байланысты қажетті ресурстарды 
іздеу мəселесі қарқынды бола түсуде. Жалпы орта білім беру жүйесі 
үшін ол желіде жарияланған практика жүзінде оқушыларды дай-
ындау жүйесінің тиімділігін арттыруға көмектесетін ақпараттық 
ресурстарды іздеумен анықталады. 
Мұндай іздеу бүкілəлемдік Интернет телекомуникациялық 
желісінде жарияланған ақпараттық ресурстармен өзара əрекетке 
негізделген. Адамзаттың ақпараттық қорына жол кітапханада, 
фонотекада, фильмотекада каталогтар каторчкасында жатыр. 
Интернетте қажетті ақпаратты табу үшін ұқсас механизмдер 
бар. Мұнда қолданушы үшін жіберуші орынды атқаратын іздеу 
сервері туралы сөз болып отыр. Мазмұндық жағынан олар ту-

166
ралы интернет желісінің арнайы қызметі туралы айтуға болады. 
Іздеу сервері көп жəне əртүрлі. Іздеу индекстері жəне каталогтар-
ды ажырату қабылданған. Сервер-индестерін жиі көптеген Интер-
нет желісіндегі веб-беттердің мазмұнына есептейді, жəне оларды 
толығымен немесе бөлшектеп мəліметтер қорына орналастыра-
ды. Іздеу серверінің қолданушылары тақырып бойынша кілттік 
сөздерді қолдана отырып, осы мəліметтер қорынан толық мəтіндік 
іздеу жүргізе алады. Іздеу нəтижесін беру қолданушының 
назарын аударатын беттен жəне гиперсілтеме түрінде безенді-
рілген олардың (URL) адресінен тұрады. Өзің нені табу қажеттігін 
дұрыс көрсете білсең, осы типтес іздеу серверімен жұмыс жасау 
ыңғайлы. 
Каталогтар тізімдерден қызықты сілтемелерге, закладкаларға 
(bookmarks) дейін артты. Іс жүзінде олар «жалпыдан жекеге» 
принципі бойынша құрылған көпдеңгейлі мағыналық сілтемелер 
жіктемесін білдіреді. Кейде сілтемелер ақпараттық ресурстың 
қысқа сипаттамасымен басқарылады. Ереже көрсеткеніндей, рубри-
ка атауында жəне кілттік сөздер бойынша ресурстарды сипаттау-
да іздеу жүргізуге болады. Каталогтар қолданушы өзінің не іздеп 
отырғандығын толық білмегенде қолданылады. Жалпы категория-
дан жекеге көше отырып, Интернет желісінде қандай мультиме-
диа-ресурспен танысуға болатындығын анықтауға болады. Іздеу 
каталогтарын тақырыптық кітапханалық каталогтармен, сөздік-
тезаурустармен немесе жануарлар мен өсімдіктердің биологиялық 
жіктемесімен салыстыруға болады. Іздеу каталогтарын енгізу бірте-
бірте автоматтандырылған, бірақ ресурстар жіктемесі осы күнге 
дейін негізінен қолмен жасалады. 
Іздеу каталогтары жалпы жəне арнайы сипатта болып келеді. 
Жалпы сипаттағы іздеу каталогтары көптеген əртүрлі саладағы 
ақпараттық ресурстарына ие. Арнайы каталогтарды бір арнайы 
тақырыпқа арналған  ресурстар біріктіреді. Олар арқылы қажетті 
саладағы мəліметтерге толығымен қол жеткізуге жəне адекватты ру-
брикация құруға болады.
Интернет желісінде жалпы білім беру жүйесіне мақсатқа сай 
тағайындалған ресурстарды жинақтайтын көптеген каталогтар жəне 
порталдар бар. 
Интернет желісінде мұндай каталогтар мен ақпараттық ресурс-
тарды қолдану төмендегідей мүмкіндіктер береді:

167
-   педагогтар, оқушылар жəне ата-аналарды білім беру мақсаты 
мен мазмұнына сəйкес белсенді, өз кезегінде жəне жеткілікті 
ақпаратпен жедел қамтамасыз ету;
- 
 білімді өздігімен меңгерумен байланысты оқушылар іс-
əрекетінің түрлі формасын ұйымдастыру;
- 
 қазіргі ақпараттық жəне телекомуникациялық технология-
ларды (мультимедиа технологиялары, виртуалды нақтылық, 
гипермəтіндік жəне гипермедиа-технологиялар) оқу əрекетінде 
қолдану;
- 
 оқытудың нəтижелілігін объективті өлшеу, бағалау жəне 
бақылау, оқушылардың оқу əрекетінің нəтижелерін мемлекеттік 
білім беру стандартының талаптарымен салыстыру;
-  оқушылардың оқу əрекетін оның білім, білік жəне дағды 
деңгейіне бара-бар түрде, сонымен қатар олардың оқуға деген 
мотивациясының ерекшеліктеріне қарай басқару;
-   оқушыларды дербес өзіндік оқыту үшін жағдай жасау;
- 
 оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған педагогтар, 
оқушылар жəне ата-аналардың тұрақты жəне оперативті 
қарым-қатынасын жақсарту;
-  жалпы білім беру мекемелеріндегі тиімді іс-əрекетті елдегі 
нормативті ережелер мен мазмұндық тұжырымдамаларға 
сəйкес ұйымдастыру; 
Жалпы орта білім беруде интернет желісіндегі ақпараттық ре-
сурстарды қолдану мақсатқа лайықты болуы мүмкін. Мұндай 
ресурстардың ішінде білім берудегі Интернет-порталдарды ерекше-
леуге болады, олар өздері бір жағынан ресурстар каталогы, сервистік 
жəне компьютерлік программалық құралдардың құрылғылары, 
қағаздағы басылымдарды электронды түрде көрсету, электрондық 
оқу құралдары жəне оқытудың нəтижесін өлшеу құралдары, 
жаңалықтар, хабарламалар қамтылған ресурстар жəне білім беру 
үдерісінің қатысушыларының қарым-қатынасына арналған құралдар 
бола алады. 
Ақпараттық ресурстардың көпшілігі оқытушылар мен 
оқушылардың оқыту үдерісі барысында қолдануына бағытталған. 
Мұндай ресурстардың бір бөлігі мемлекеттік білім беру стан-
дартымен жəне əрбір оқу пəні бойынша бағдарламаларға сəйкес 
оқытудың дəстүрлі жүйесінде қолдануға арналған. Басқа білім 
беру ресурстары оқудан тыс жəне оқушылардың оқудан тыс 

168
жұмыстарына, білімі жəне білімді дербес меңгеруін тереңдетуге 
(оқушыларға жəне мектеп бітірушілерге) арналған. Анықтамалық 
жəне энциклопедиялық сипаттағы ресурстар, сонымен қатар 
өлшеу, бақылау жəне оқу əрекетінің нəтижесін бағалау құралдары 
ерекшеленеді. 
Интернет желісінде ақпараттық ресурстарды қолдана отырып
педагогтар оқушылардың танымдық іс-əрекетін арттыруға, оқыту 
жəне тəрбиелеу нəтижесін оперативті бақылауға, оқыту деңгейін 
арттыруға арналған мақсатқа лайықты шешімдер қабылдауға жəне 
оқушылардың білім сапасын көтеруге, педагогикалық шеберлікті 
жетілдіру, оқу, əдістемелік жəне ұйымдастыру сипатындағы 
ақпаратқа адрестік қолжетімділікке тиімді басшылық жасай алады. 
Өзіндік ақпараттық ресурстарды жасаумен айналысатын педагог-
тар авторлық құқықты сақтай жəне қажетті сілтемелер жасай оты-
рып, желіде жарияланған білім беру ресурстарының фрагментін 
қолдануға қосымша мүмкіндік алады.
Оқушылардың Интернет желісіндегі ақпараттық ресурстарға 
кіру мүмкіндігі оқушыларды мектепте оқу үшін қажеттіні табуда, 
оқытушының берген тапсырмасын орындауда, өзіндік оқу жəне 
мəдени-тынығу жұмыстарын ұйымдастыруда негізгі жəне қосымша 
оқу материалымен қамтамасыз етеді. Осындай ресурстарға байла-
нысты оқушыларда жаңалықтармен танысуға, өтетін олимпиадалар, 
сайыстар туралы білуге, қосымша мəліметтер алуға, педагогтармен, 
достарымен жəне басқалармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік 
береді. Мектеп бітірушілер Интернет желісіндегі ақпараттық ре-
сурстардан білім беруді жалғастыруға қажетті – институт, универ-
ситет жəне академия туралы, қабылдау уақыты мен шарты, түсуге 
арналған  қажетті оқу жəне əдістемелік материалдарды таба ала-
ды. Оқушылардың ата-аналары жəне қоғам мүшелері Интернет 
желісіндегі ақпараттық ресурстарды қолдана отырып, білім берудің 
федералдық жəн регионалдық жүйесінің дамуы жəне қызметі ту-
ралы біле алады, оқу жоспарларымен, программалармен жəне 
оқытушылар нұсқауларымен танысады, жалпы білім беру сапасын 
арттыруға əсер етеді. 
Интернет желісіндегі ақпараттық ресурстарды қолдана оты-
рып, білім беру мекемелерінің администрациясы күшіне енген заң 
жəне нормативті құжаттар бойынша тиімді басқару шешімдерін 
қабылдай алады, оқытушылардың іс-əрекетін объективті бағалайды

169
оқу мекемелерінің əрекетін администрациялау жəне жалпы жоспар-
лау деңгейін арттыру негізінде жұмыстастарымен оперативті əрекет 
жүргізеді. 
Ақпараттық ресурстардың негізгі бөлігін барлық орта білім 
берудің пəндерінен бағдарлама негізінде оқушылардың оқу 
тиімділігін арттыру үшін қолдану қажет.
Интернет желісінде ақпараттық ресурстарды қолдану педа-
гогтармен оқытудың əдістемелік жүйесінің – мақсаты, мазмұны, 
əдістері, ұйымдастыру формалары жəне оқыту құралдарымен 
сəйкестікте болу қажеттігін түсіну қажет. Қолданылатын ресурстар 
осы жүйеге оның компоненттеріне нұқсан келтірмейтіндей орналас-
тырылуы тиіс.
Мұнда интернет желісіндегі ақпараттық ресурстарды қол-
данумен оқыту əдістерін таңдау мен сипаттауға назар аудары-
луы тиіс. Мұндай əдістердің құрамына оқытудың мақсатына, 
оқушылардың жоба-зерттеу əрекетіне сай интернет желісіндегі 
ресурстармен əрекетке негізделген, оқушылардың оқу ақпаратын 
іздеуі мен қолдануы, оқушылар мен педагогтардың оқу қарым-
қатынасы үшін телекомуникациялық компоненттерін пайдалануы 
жатады. 
6.3 Интернет желісінің білім беру сегменті. 
Негізгі республикалық білім беру Интернет-ресурстары 
Мектептерді интернет желісіне қосу, жедел түрде шешілуі 
қажет бірнеше мəселені дүниеге əкелді. Олар педагогтарды кəсіби 
іс-əрекетінде телекомуникациялық технологияларды қолдануға да-
йындау мен қайта даярлау, білім беру жүйесін Интернет желісінде 
жарияланған сапалы ақпараттық ресурстармен қамтамасыз 
ету, сонымен қатар педагогтар мен оқушыларды осындай ресурс-
тарға қолжеткізу тəсілдерімен ақпараттандыру мəселелері болып 
табылады. 
Осы бағыттарда біршама жұмыстар жүргізіліп келеді. 
Мұғалімдерді білім беруді ақпараттандыру аясында дайындау 
жүйесі қалыптастырылып, білім беру порталдары құрылған, желіде 
барлық мектеп пəндері бойынша электрондық білім беру ресурста-
ры жасалған жəне жарияланған.

170
Интернет желісінде құрылған білім беру порталдары мектеп 
оқушыларын оқытуда Ақпараттық-қатынастық технологиялар 
құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруға əсер етуде.
Электрондық басылымның алдыңғы бөлімдерінде Интернет 
желісінде ақпараттық ресурстарды орналастыру жүйелік, сонымен 
қатар психологиялық-педагогикалық, технологиялық, эстетикалық
эргономикалық тұрғыдан қарастырылмағандығы жəне білім беру 
ақпараттық ресурстарын телекомуникациялық құралдарды жасау 
мен қолдану жалпы білім беру жүйесінде білім сапасын көтеруге 
мүмкіндік беретіндігі туралы бірқатар мəселелер айтылып кеткен 
болатын.
Бұл мəселелердің шешімі ақпараттық білім беру портал-
дарын (Web-жүйесінде кіріктірілген) кешенді түрде жасау мен 
енгізудің негізінде орындалады. Бұл жағдайда, мұндай пор-
талдар өзінде жоғарғы білім берушілік құндылығы бар 
негізгі ақпараттық ресурстарды біріктіре отырып, қазіргі теле-
коммуникациялық жүйелердің білім берумен байланысты «ену 
нүктесі» бола алады.
Порталдар жүйесін қолдану порталда қажетті ресурстар 
жинақталған жəне жүйеленгендіктен педагогтар жұмысын 
тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оларды қолдана оты-
рып, мұғалімдер, оқушылар жəне ата-аналар сапалы оқулық пен 
əдістемелік материалды алуға, қажетті ақпаратты іздеу уақытын 
шектеуге, Интернет желісіндегі ақпараттық ресурстар жіктемесінің 
ерекшелігін меңгеруге мүмкіндік алады.
Порталда білім беру мекемелері жəне жеке педагог, білім беру 
аясындағы жаңалықтар, олимпиада, жарыстар, мұғалімдер мен 
оқушылар қатысатын конференциялар жəне басқа да мерекелік шара-
лар туралы ақпараты бар ресурстарға сілтемелер жинақталғандығы 
маңызды.
Жалпы орта білім берудің тиімділігін арттыратын көптеген са-
палы ақпараттық ресурстар білім беру Интернет-порталдарын-
да жинақталған. Қазіргі уақытты Қазақстанда өзіндік ерекшелігі 
бар білім беру порталдар жүйесін құрудың ұйымдастырушылық 
схемасы жасалған. Білім беру порталдары жүйесін құрудың 
ұйымдастырушылық схемасына:

(www.edu.kz) «Қазақстандық білім беру» горизонтал 
порталы;

171
- білім саласы бойынша профильдік веритикал порталдар: 
гуманитарлық, экономикалық-əлеуметтік, жаратылыстану-
ғылыми, инженерлік, педагогикалық, медициналық, 
ауылшаруашылық жəне т.б.;
-   арнайы вертикал порталдар: кітап шығару, біріктірілген емти-
хан, білім беру жаңалықтары жəне т.б.;
«Қазақстандық білім беру» горизонтал порталы қамтамасыз 
етеді:
-  барлық вертикал портал бойынша жаңалықтар;
-  Интернет білім беру аясындағы мультимедиа-ақпаратты іздеу;

қызметтік жəне интерфейстің қызметтік бейімдігін 
қолданушының өзіндік категориясын (оқушы, мұғалім, адми-
нистратор, портал жасаушы) таңдау жолымен жəне білім беру 
деңгейін көрсетумен, сонымен қатар жеке интерфейсті құру 
жолымен;

білім беру деңгейі бойынша вертикал порталдарды 
қалыптастыру;
-  білім беру аясындағы ақпаратты сақтау жəне алу (заңдар, 
бұйрықтар, нормативтік құжаттар, стандарттар, мамандықтар 
тізімі, оқулықтардың кешені, жоғары оқу орындарының жəне 
т.б. мəліметтер қоры);
-  білім беру мəселесі бойынша мəліметтер туралы жарияланды-
ру;
-  білім беру аясындағы жаңалықтар;
-  форумдар жүргізу, топтар құру, жіберу тізімін ұйымдастыру.
Профильдік вертикал порталдар білім берудің барлық 
деңгейі үшін материалдарды қамтуы тиіс: бастауыш мектеп, 
орта мектеп, бастауыш кəсіби білім беру, орта кəсіби білім беру, 
жоғары білім беру, қосымша білім беру, жоғары мектептен кейінгі 
білім беру.
Мамандандырылған вертикал порталдар ақпаратпен қолдауды 
жəне жалпы мемлекеттік деңгейдегі арнайы міндеттерді шешуге 
арналған сервистерді қамтуы тиіс. Барлық вертикал порталдар үшін 
бірыңғай интерфейс, бірыңғай енгізу жəне жүргізу ережесі болуы 
тиіс. Вертикал порталдар жоғары горизонтал порталда орналасқан 
анықтамалық ақпаратты, оның іздеу машинасын, қызметтік 
құралдарын жəне интерфейске бейімдеуді толығымен қолдана 
алады.

172
Бөлінген білім беру порталдар жүйесі көптеген мемлекеттегі 
порталдар жиынында құрылады: горизонтал, вертикал жəне 
корпоративтік.
Порталдар жалпы мемлекеттік, аймақаралық жəне аймақтық бо-
лып үшке бөлінеді. 
Корпоративтік портал/сайттар білім беру мекемелерінің (ассо-
циация, консорциум жəне т.б.) ұжымдық порталдарына жəне оқу 
мекемелерінің (көбіне, сайттар) порталдарына бөлінеді.  
Сонымен, білім беру жүйесінде қалыптасқан порталдарда 
бірнеше негізгі деңгейді ерекшелеуге болады. 
Жоғарғы деңгей ретінде жеке аймақтарда толық қызметтік 
көшірмелер жүйесін  қарастыратын «Қазақстандық білім беру» 
горизонтал порталы  жетекші орында. «Қазақстандық білім беру» 
порталының жалпы құрылымы жəне сервисі жəне оның көшірмесі 
сəйкес келеді, бірақ ақпараттық мазмұны жағынан көшірмеде ар-
найы аймақтық компоненттер жəне мультимедиа-ресурстар болуы 
мүмкін. Бұл порталды толтыру жалпы деңгейдегі вертикал жəне 
горизонтал редакциялық кеңестерге əдістемелік жетекшілік ететін 
біріккен редакциялық кеңестің басшылығымен біріккен редакция 
арқылы жүзеге асырылады. 
Білім берудегі барлық горизонтал порталдар вертикал пор-
талдар жүйесіне сүйенеді: профильдік жəне жалпыға арналған ар-
найы порталдар. Профилдік порталдар білім беру саласына қызмет 
етеді, аралас пəндер қатарынан қалыптасады. Мамандандырылған  
порталдар арнайы қызметті орындауға сүйенеді (мəселен, салалық 
жаңалық порталы немесе тестілеу үшін салалық портал). Вертикал 
порталдар немесе олардың компоненттері төменгі деңгейге көшірілуі 
мүмкін. Профильдік порталдарды (соның ішінде оларды мультиме-
диа-ресурстар құрамына енгізу) толтыру сəйскесінше редакциялық 
кеңестік жетекшілігімен профильдік редакциялар арқылы орында-
лады.
Келесі деңгейде аймақтық білім беру порталдары орналасады, 
олар төменгі деңгейдегі ресурстарды жоғарғы мектептер, мектептер 
жəне басқа мекеменің порталдары мен сайттарын біріктіреді жəне 
горизонтал болып табылады
Жүйеде маңызды элемент  білім берумен жəне ірі жеке 
коммерциялық немесе коммерциялық емес жобалармен байланысты 
– портал-спутниктер болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет