Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



Pdf көрінісі
бет24/33
Дата16.04.2020
өлшемі1,08 Mb.
#62782
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
Байланысты:
bilimdi akparattandyru
8 сынып геометрия

249
Егер бұрында адам компьютерлік техника мен интернет желі-
сінің ресурстарына толық қолжеткізе алмаса, жыл өткен сайын 
ол өзінің кəсіби міндеттерін атқару барысында немесе компьютер 
мен бағдарламалық қамтамасыз етуді үйінде жұмыс істеу үшін 
орнатса, осындай қолжетімділікке ие бола алады. Бұл айғақты 
ақпараттық жəне коммуникацялық технологияларды қолданатын 
оқушылар ата-аналарының санын көбейту ретінде қарастыруға 
болады. Мысалы, оқушылар, ақпараттық ресустар мен интернет 
желісіне қол жеткізе алатын бір немесе екі ата-ана саны геометриялық 
прогрессияда өсетіні анық. 
Сонымен бірге ақпараттық жəне телекомуникациялық техноло-
гиялар оқушыларды оқыту мен тəрбиелеу кезіндегі ата-аналар мен 
мектептегі педагогикалық ұжымның қарым-қатынасын тиімді түрде 
жоғарылатуға қабілетті. 
Бірінші кезекте телекоммуникацияның қолданылуы, оның 
ішінде электрондық поштаны қолдану оқытушылар əрбір оқушының 
білімі мен тəрбиесі жайлы ата-аналармен жеке диалог ұйымдастыру 
арқылы ақпарат бере алады. Ата-аналар да оқытушыларға əрбір 
оқушының білімін қуаттандыру мүмкіндіктерін айтуға мүмкін-
діктері бар. 
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының күрделі 
түрлері ата-аналармен виртуалды жиналыстар өткізуге мүмкіндік 
береді. Осындай мақсатта сілтемелер мен телеконференциялар 
тізімін қолдану мектепке ата-ана келмей-ақ, жиналыстарға қатыспай-
ақ көптеген мерекелік шаралар мен ақпарат алмасуға мүмкіндік 
береді. 
Мектептің интернет желісінде жеке сайтының болуы ата-
аналарға мектеп өмірі, сынып, параллельдер, сабақ кестесі, өткізіл-
ген оқу жəне оқудан тыс шаралар туралы ақпарат бере алады.
Мұндай режим конфиденциал жəне жеке (индивидуал) ақпарат 
алмасуға кедергі келтірмейді. Əрбір жеке тұлғаның мектептің ар-
найы жеке сайтында кіруге құқы болу керек, ал ата-аналардың 
сайтқа ену үшін жеке «кілті» болуы тиіс. 
Сонымен қатар, мектеп сайты немесе басқа да білім беру 
орталары ата-аналар үшін баланың сабағын қадағалауда жəне 
мектептің оқу əдістемелік құралдарымен танысуда немесе 
тəрбиелілік мақсатымен танысудағы негізгі ақпарат көзі болып та-
была алады. Мұндай сайт беттерінен ата-ана баланың денсаулығы 
жайлы, қауіпсіздігі, отбасында немесе қоғамда өзін-өзі қалай ұстау 

250
керектігін, тəрбиелік мақсатта жəне оқуға арнайы кеңестер жайлы 
ақпараттар ала алады. 
Телекомуникациялар ата-аналарға өз балаларының оқу үлге-
рімін қадағалауда, мектепте туындаған қиындықтар жайлы, 
мұғаліммен кеңесе отырып бала оқуына жəне тəрбиесімен жұмыс 
жасауға мүмкіндік ашты. Ақпараттық-қатынастық техноло-
гияларды қолдана отырып, ата-аналар оқытудағы бағытты жəне 
баланың үй тапсырмасын қадағалауына болады. Мобильдік ақпарат 
алмасудың пайда болуы, мобильдік телефондар, қалталы интер-
неттер немесе бүкіл əлемдік желіге қосылған интернет тораптары 
мұғалім мен ата-ана арасында қосымша ақпарат алмасуға кеңінен 
мүмкіндік ашты. 
Қазіргі кезеңде көптеген оқу орындарында ата-аналарға мек-
теп жайлы, оқу əдістемелік құралдар жайлы жəне т.б көптеген 
ақпараттардан хабардар болып отыруын қамтамасыз ететін интер-
нет сервистері ашылып жатыр. Осы мақсатта мобильдік пошта жəне 
СМС-хат алмасу сервистері де пайда болды. Көптеген жағдайда 
оқушының тəрбиесі мен оқу үлгерімінің нəтижелілігіне ата-ана мен 
педагог арасындағы өзара қарым-қатынас əсер етеді. 
Ереже бойынша оқытушы мен ата-ана арасындағы, ата-ана 
мен мектеп арасындағы мұндай виртуалды қарым-қатынас жасау 
оқушының үй мен мектеп арасындағы байланысты күшейтуіне де 
үлкен əсерін тигізеді. 
7-тарау сұрақтары мен тапсырмалары
1.  Ақпараттық жəне телекомуникациялық құралдарды қолдану қолайлы 
болатын оқу əрекетінің негізгі түрлерін атаңыз.
2. Тест деген не?
3. Тесттік тапсырмалардың қандай түрлерін білесіз?
4. 
Оқу мекемесінің ғылыми-зерттеу əрекетінде ақпараттандыру 
құралдарын қолданудың ерекшеліктері қандай?
5. Оқу мекемесінің оқудан тыс əрекетінде ақпараттандыру құралдарын 
қолданудың ерекшеліктері қандай? 
6. Электрондық басылым деген не?
7. Білім беруші электрондық басылым деген не?
8. Оқуды тағайындаудың қандай компьютерлік құралдарын білім 
берудегі электрондық басылымның негізгі құрамдас бөлігі ретінде 
қарастыруға болады.

251
9. Білім беретін электрондық басылымдар түрлерінің негізінде қандай 
белгілер болуы мүмкін?
10. Білім беретін электрондық басылымдардың түрлеріне мысал 
келтіріңіз.
11. Білім беретін электрондық басылымдарына талаптардың қандай 
түрлерін қолдану керек?
12.  Білім беретін электрондық басылымдардың дəстүрлі дидактикалық 
талаптарын атаңыз жəне сипаттаңыз.
13. Қазіргі ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялардың 
құралдарын қолдануға негізделген білім беретін электрондық 
басылымдарға қойылатын ерекше дидактикалық талаптарды атаңыз 
жəне сипаттаңыз.
14. Білім беретін электрондық басылымдарға қойылатын əдістемелік та-
лаптарды атаңыз жəне сипаттаңыз.
15. Білім беретін электрондық басылымдарға қойылатын психология-     
лық талаптарды атаңыз жəне сипаттаңыз.
16. Білім беретін электрондық басылымдарға қойылатын техникалық 
жəне технологиялық талаптарды атаңыз жəне сипаттаңыз.
17. Білім беретін электрондық басылымдарға қойылатын денсаулық 
сақтау жəне эргономикалық мінездегі талаптарды атаңыз жəне 
сипаттаңыз.
18. Білім беретін электрондық басылымдарда жүргізілетін іс-қағаздарға 
қандай талаптар қойылады?
19. Білім беретін электрондық басылымдарға қойылатын талаптар 
жүйесінде оқу үдерісінің деңгейі мен түрі қалай көрінеді?
20. Өмір сүру мүмкіндігі шектелген адамдарды оқытуда қолданылатын 
білім беруші электрондық басылымдар қандай ерекшеліктерге ие 
болу керек?
21. Білім беру жүйесінде қолданылатын электрондық басылымдар 
қандай ерекшеліктерге ие болу керек?
22. Білім беретін электрондық басылымдардың альфа-, бета- жəне гам-
маверсиялар деген не?
23. Білім беретін электрондық басылымдардың «апробация» жəне «са-
раптама» сөздерінің мағынасын түсіндіріңіз. Олардың бір-бірінен 
айырмашылықтары қандай? 
24. Білім беретін электрондық басылымдарды апробацияны тағайындау 
мен технологиясын сипаттаңыз.
25. 
Білім беретін электрондық басылымдарды сараптаудың 
тағайындалуы, кезеңдері мен технологиясын сипаттаңыз.
26. Ашық жəне қашықтан оқыту деген не? Дəстүрлі ішкі оқу түрінен 
ашық жəне қашықтан оқытудың ерекшеліктерін көрсететін негізгі 
белгілерін сипаттаңыз.

252
27. Оқушылардың білім, білік, дағды деңгейін өлшеу үшін қандай 
мақсаттар қою керек?
28. Оқу нəтижесін өлшеуді ақпараттандыруда қолданылатын құралдар 
формасының қандай түрлерін білесіз?
29. Педагогикалық тесттеудің қазіргі компьютерлік жүйесінің 
артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?
30. Өлшеу мен бақылауда ақпараттандыру құралдарын тиімді қолдану 
үшін педагогикалық тест материалдары қандай талаптарды 
қанағаттандыруы қажет?
31. Оқу мекемесінің ұйымдастыру-басқару əрекетін автоматтандыру 
құралдарының жүйесі қандай құрауыштардан тұрады?
32. Ұйымды автоматтандыру мен оқу үдерісін басқаруда білімді 
ақпараттандыру құралдарын қолдану есебінде оқу мекемесі қандай 
артықшылықтарға ие?
33. Ғылыми-педагогикалық ақпараттың мəліметтер қоры қалай 
құралады жəне қолданылады?
34. Телекоммуникация құралдары ұйымда жəне ғылыми-педагогикалық 
ақпараттың мəліметтер қоры қалай қолданылады?
35. Білім беру жүйесін басқаруда ақпараттандырудың қандай құралдары 
жəне қалай қолданылады?
36. Оқу мекемесіндегі кітапхана қызметін автоматтандырудың мүмкін 
жолдарын сипаттаңыз.
37. Ашық білім беру жүйесіндегі виртуальды оқу басқармасы деген не?
38. Білім беру басқармасының виртуалды құрауыштарын атаңыз. Əрбір 
құрауыштың қызметі мен ерекшеліктерін көрсетіңіз.

253
8-ТАРАУ АҚПАРАТТЫҚ ЫҚПАЛДАСТЫРУ БІЛІМ 
БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ ҚҰРАЛДАРЫН ЖАСАУ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫ РЕТІНДЕ
8.1 Электрондық басылымдар мен ресурстарды 
жасау құралдар
Оқытушылар мен оқушылар білім беруде қолданылатын муль-
тимедиа-ресурстарды құрастырушылар емес. Көбінесе оқытушылар 
мен оқушылар мұндай құралдардың қолданушысы сапасында көрініп 
жатады. Бірақ іс-тəжірибе жыл өткен сайын көптеген оқытушылар 
қарапайым болса да, білім берудің электрондық құралдарын 
құрастыруда шетте қалып жатпағандықтарын көрсетеді. Осыған 
байланысты қазіргі заманғы оқытушы сапалы мультимедиа-ресур-
старды құрастыру технологиясын, аппараттық жəне бағдарламалық 
құралдарды, оқытудың компьютерлік құралдарын құрастыруға 
арналған талаптарды ұсыну керек.
Көптеген қарапайым мультимедиа-ресурстарды жасау үшін 
түрлі HTML-редакторлар кеңінен қолданылады. Осыдан HTML тілі 
əжептəуір динамикалық түрде дамуда, сондықтан тілдің жаңа стан-
дартын қанағаттандыратын ресурстар браузерлердің ескі түрлерінде 
дөрекі көрсетілетінін ескерген жөн.
Одан басқа браузерлерді көрсетілім үшін қолдану оқудың 
мультимедиалық ақпараттары сипаттамасын көрсетуге қосымша 
шек қояды.
Жергілікті құрауышты жасауда қолданылатын бағдарламалау 
жүйесі мультимедиаға желілік жəне жергілікті білім ресурстарын 
интегралдай отырып курс жəне интернет жүйесінің ресурстарына 
қарым-қатынас қосуға мүмкіндік беретінін ескере кету керек.
Анық айтатын болсақ, интернет желісіне арналған 
мультимедиалық гипермəтіндік ресурстар жəне мультимедиалық 
беттерді жасауда көбінесе келесі тілдер мен құралдар 
қолданылатынын ескерту қажет:
-   Гипермəтін белгісінің тілі (HTML) – ақпараттық беттерді жа-
сау, қалыптау жəне көрсету үшін Интернетте қолданылатын 
стандартты тіл;
-   Java тілі – C++ тіліне ұқсас мамандандырылған объектке 
бағытталған бағдарламалау тілі. Берілген тіл интербелсенді гра-

254
фиканы жəне интернет ресурсында анимацияларды қолдануға 
арналып арнайы жасалған. Көптеген дайын қосымшаларға 
(Javaapplets) интернет арқылы қол жеткізуге жəне болашақта 
өзінің жеке ақпараттық желілік жəне желілік емес мультиме-
диа-ресурстарын жасауға қолдану үшін компьютерге жүктеп 
алуға болады;
-   VRML тілі (Virtual Reality Modeling Language) жүйеге 
қарапайым анимацияларға қарағанда, шынайы объектінің ал-
дамшы көріністерін күштірек көресетуге мүмкіндік беретін 
кең үш өлшемді объектілерді жасайды жəне орналастырады. 
Айтылған үшөлшемді объектілер олардың «көлеміне» байла-
нысты «виртуалды бөлмелер», «виртуалды галереялар» жəне 
«əлемдер» деп атау қабылданған. 
-   CGI (Common Gateway Interface) – мəніне қарай бағдарламалау 
тілі емес, ақпараттарды жинау мен мəліметтер қорын жасау-
ды сипаттайтын спецификация болып табылады. Құраушылар 
PERL тілін немесе басқа тілді динамикалық іс-қағаздарды 
жүйеге орналастыруға жəне жұмысын қарастырушы CGI – 
бағдарламалар жасау үшін қолданады. Мысалы, қолданушылар 
Интернет беттерде берілген уақыт аралығында тест сұрақта-
рына жəне т.б. жауап бере отырып, анкета жəне сауалнамалар 
бланкаларын толтыра отырып, осындай бағдарламаларға кез 
болады.
Оқытушылар мен оқушылар мультимедиа-ресурстарды жасаудың 
басқа да құралдарын қолдана алады. Бұл үшін оқытушылар муль-
тимедиа құралдары беттерін жасауда қолданылатын редактор-
бағдарламасын таңдауы қажет. Толық функциялы мультиме-
диалық қосымшаларды жасауға мүмкіндік беретін мультиме-
ди жасауға арналған құралдардың көпшілігі бар. Macromedia 
Director немесе Authoware Professional сияқты пакеттер FrontPage, 
mPower 4.0, Hyper Studio 4.0 кезінде құрастырудың жоғары кəсіби 
жəне қымбат құралдары болып табылады жəне WebWorkshopPro 
олардың ең қарапайым жəне арзан аналогтары болып табыла-
ды. PowerPoint жəне мəтіндік редакторлар (мысалы, Word) сияқты 
құралдар қарапайым мультимедиа-ресурстарды жасауда қолданыла 
алады. 
Əзірлеудің аталмыш құралдары оқуға жəне қабылдауға жеңіл 
нақты кұжаттармен жабдықталған. Əрине аталғандармен қатар сəтті 
қолдануға болатын басқа да көптеген əзірлеуші құралдар бар.

255
Интернетте орналасқан мультимедиалық ақпарат үлкен өлшем-
дегі компьютерлік файлдарды көрсете алады. Бұл интербелсенділік 
құралдары, аудио жəне бейне үзінділердің қосылуы, жоғары сапалы 
графикалық суреттердің бар болуымен байланысты болуы мүмкін. 
Каналдардың мүмкіндіктері мен сенімділігінің жетіспеушілігіне 
байланысты бұндай ақпараттық ресурстарды оқу үдерісінде пайда-
лану қиынға соғуы мүмкін. 
Көптеген жағдайларда телекомуникациялық жүйелердің 
жоқтығы немесе нашар сапасына байланысты мəселелерді жою 
үшін мұндай ресурстармен жергілікті режимде жұмыс істеу арқылы 
іске асыруға болады. Мультимедиа-ресурспен жергілікті қатынас 
жасау кезінде оқушылар ақпараттарды телекомуникациялық 
желілерден емес, өз компьютерінің ішкі немесе сыртқы жадысынан 
алады. Осыған байланысты ақпараттық ресурстардың мазмұны мен 
ақпаратты ұсынудың тəсілдері интернетте орналасқандармен толық 
сəйкес келеді. Көбінесе бұндай ресурстар телекомуникациялық 
жұмыс барысында желілік ақпарат көздерінен тез көшіріледі, содан 
кейін оқушыларға желі түрінде ұсынылады.  
Бұндай жағдайда ұсынылған мультимедиалық ақпараттың 
үлкен көлемеі салыстырмалы түрде оны тарату мен сақтау 
үшін дəстүрлі иілгіш магнитті дисктерді қолдануға мүмкіндік 
бермейді. Интернет-сайтты терудің сақталуы барлық компьютерлер-
де бар қатты магнитті дисктерді («винчестерлер»), қолдану арқылы 
іске асады. Бірақ мультимедиалық ақпаратты бұл жолмен ұсыну 
ақпараттың бір компьютерден басқа компьютерге ауысуын тежеп 
тастайды. 
Білім беру ортасында интернеттен алынған ақпараттарды сақтау 
құралының ең сенімді түрі опикалық лазерлі компакт-диск (CD) 
болып табылады. Ақпараттың осы сақтауышта оның физикалық 
өлшеміне қатысты жазудың жоғары технологиялық əдісі мен 
оқылуының арқасында мультимедиалық ақпараттық жоғары сапа-
сын көрсетеді.
CD оқу құралы ретінде қолданылуы мектептің оқу үдерісіне 
келесі негізгі құндылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік жасайды: 
-   телекоммуникация құралдарында дəстүрлі түрде орналасқан 
мультимедиа ақпараттарын оның құрылымы мен 
визуализациясының ерекшелігі есебінде оқушыларға ұсыну;
-   оқушыларға оқу курсы мазмұнын жəне олардың өзара бай-
ланысын, дағды жəне білік тренингтерін, білімді есте сақтау 

256
мен бақылауды терең түсінуге арналған жаңа мүмкіндіктерді 
ұсыну;
-   оқушылардың жеке жұмысына педагогтар бөлген уақыт 
жетіспеушілігінің өтемі, кейбір жағдайларда оқытушы 
кəсібінің жетіспеушілігі;
-  кері байланыспен кешенді мультимедиалық əсердің жүзеге 
асырылуы;
-   шектеулі уақыт ішінді өзін-өзі бақылауды қамтамасыз ету;
-   оқу үдерісінде қолданылатын мультимедиалық ақпараттық 
материалдың жоғары қозғалғыштығы, тасымалдауыштығы 
жəне таратылымдылығы.
Білім беруді ақпараттандыруды құрастыру сұрақтары көп 
аспектілі жəне қарапайым емес. Мұндай құрылымның техникалық 
жəне технологиялық ерекшеліктері арнайы оқулықтарда 
қарастырылады.
8.2 Білімді ақпараттандыру құралдарын дайындау 
үшін мазмұнды  іріктеу
Оқытудың мазмұнын талдау жəне білім берудегі қазіргі 
мултимедиа-құралдары мұғалімдердің, əдіскерлердің, оқырман-
дардың бүгінгі таңдағы негізгі актуалды мəселелерінің бірі 
болып отыр. Оқытуда жəне оқудағы түрлі тіл пəндерімен 
жұмыс жасаудың арнайы оқыту мазмұнын жəне оқыту құры-
лымын қалыптастыратын оқытудың бірнеше түрлері бар. Бұл 
мəселенің шешімі оңай болып отырған жоқ, себебі оқытуда 
оқулықтарды, оқыту əдістемелік құралдарын ғана пайдаланып 
оқыту жеткіліксіз, сондықтан оқыту барысында кешенді компьютер 
техникасын пайдалана отырып, белгілі бір бағыт ашу керек болып 
отыр. 
Алғашқы туындайтын сұрақ, бұл мəселе тек білім берудегі оқыту 
барысында ғана емес, сонымен қатар анықталған көзқарастағы 
шектеусіз түрлі бағыттағы білім беру жүйелерінің мазмұнын да 
қамтуы тиіс. Осы уақытқа дейін педагогика тарихында ғылым 
мен білім беру арасындағы қатынас, ғылыми даму бағыттар тек 
əдістемелік құралдар мен оқулықтарда ғана жүйелі түрде айтылып 
келді. Оқулық оқыту барысындағы тек ғылыми жобалау ғана емес, 
сондай-ақ білім беру жүйесінің дидактикалық қорытындысы жəне 

257
тұлғаның дағдысы, білімі, ақыл санасының жетуі, материалдық-
практикалық тұрғыдан дамуы, əлеуметтік дамуы да болып табыла-
ды. 
Оқыту көлемі – адамның ғылыми дамуының, жетілу 
түсінігінің жиынтығы. Сонымен қатар білім беру облысы деп 
білім беру əрекетіның мазмұны негізінде алынған жəне оқушының 
психологиялық жас ерекшеліктеріне бейімделген пəндік аумақтың 
көптігін айтады.
Білім беру басқармасында жобалауды ұйымдастыру мульти-
медиа-құрылғыларын келесідей негізгі этаптардан тұрады: 
1. Оқу-танымдық бағытындағы жобаның негізін анықтау: оқу-
танымдық тұрғысынан қарастырылатын мəселенің көлемін анықтап 
мəселелер мен оларды шешу жолындағы əдістерді анықтау жəне 
түсінік беру;
2. Оқу пəніндегі заңдылықтарды жобалау; 
3. Оқу пəніндегі заңдылықтарды жəне білім беру жүйесінің 
компоненттері арасындағы байланыстарға баға беру;
4. Оқу пəніндегі білімнің жағдайын жобаға келтіру;
5. Оқу пəнінің білім берудегі мазмұны мен тапсырмалар көлемін 
жобалау; 
6. Кəсіби-педагогикалық көзқарасында берілетін тапсырмаларды 
жобалау. 
Оқу құралдарында кезең бойынша көрсетілген келесідей 
бағыттар анықталады: 
1. Зерттелетін пəндегі қазіргі ғылыми еңбектерге сүйене отырып, 
(монография, ғылыми жұмыстар жəне т.б) ғылымның логикалық 
құрылымын жасау;
2. Мазмұнның таңдау негізін қалыптастыру;
3. Берілген негіздер арқылы мазмұнның жобаланған құрылы-
мынан оқу элементтерінің санын таңдау (білім беру бағытында) жəне 
көздеген мақсатқа жетуге таңдалған оқу элементтерінің санының 
жеткілікті екеніне көз жеткізу. 
Жоғарыда көрсетілген жоба формаларынан басқа білім беру 
мазмұнына оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін жос-
парлау керек, оқушылардан алған білімін, меңгеру деңгейін əр 
уақытта талап етіп жəне соны мультимедиалық-технологиялардың 
көмегімен ұсына алуы тиіс. 
Мультимедиа құрылғыларының ерекшелігі білім беру жолын-
дағы құрылымының жеңілдігі. Көптеген мүмкіндіктерінің бірі 

258
мультимедиа құрылғыларын пайдалана отырып, білім беру 
мақсатындағы көптеген бір мағыналас сөздер мен түсініктерді 
белгілі бір мəліметтер қорына жинақтап құрылымды жасайды. 
Білім беру облысы түсінігі жүйесінің өңделуі таңдау үдерісі 
мен оқу пəні мазмұнының құрылуының, сонымен қатар мульти-
медиа құралдарының өңделуіндегі таңдаулы мазмұнды қолдану-
дың маңызды сəті болып табылады. Ұғымды дұрыс таңдай 
мəселесімен қазіргі оқу үдерісімен байланысты барлық ғылыми 
облыстарда жұмыс жасайтын мамандар соқтығысатынын естен 
шығармалық. 
Түсінік деп қисынды рəсімделген жалпы ой немесе заттар не-
месе құбылыстар сыныбы туралы жалпы ойды айтамыз. Соны-
мен қатар, термин дегеніміз – берілген пəн облысындағы басқа 
түсініктермен сəйкес жəне ғажайып ғылыми анықтамаға ие арнайы 
ұғымды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері. 
Терминдерді таңдау үдерісі кезінде келесі факторларды ескеру 
қажет:
-   термин өзінің лексикалық эквивалентімен дұрыс, көбіне 
біркелкі сəйкестігі болуы қажет;
-   термин өзі қолданылып отырған жалпы контекстен бос бола 
алмайды;
-   терминді дұрыс түсіну үшін оның морфологиялық құрылымын, 
жалпы қолданылатын сөздерден ерекшелейтін семантикалық 
ерекшеліктерін, олардың құрылымдық ерекшеліктері мен 
қолдану ерекшеліктерін білу керек. 
Білім беру облысында мультимедиа ресурсты жасау үшін 
таңдалып алынған  құрастырылған түсініктер жүйесі немесе оның 
жиынтығы оқу мазмұнын анықтауда бірінші кезең болуы қажет. 
Өз кезегінде осындай жүйелердің жасалуы бір-бірінен ажыра-
майтын 2 құрамдас бөліктен тұрады: барлық оқу материалының 
«қаңқасы» болып табылатын түсініктің анықталуы жəне олардың 
құрылымының жасалуы-бөлек түсініктер арасында байланыстардың 
пайда болуы. 
Түсініктің құрылуы (немесе оның меңгерілуі) субъект кейбір 
нақты объект немесе ойларға қатысты субъектің қасиеттерінің пай-
да болу əрекетін ұйымдастыру біліктілігін ұсынатынын ескере кет-
кен жөн. Оқушыдағы түсініктің дұрыс қалыптасуына бағытталу кез 
келген білім беру облысының мазмұнын құрастырудың маңызды 
құрауыштарының бірі болып табылады. 

259
Танымның негізгі рөлін басқа түсініктермен анықтал-
майтын бастапқы түсініктер ретінде қарастырылатын жалпы 
түсініктер (категориялар) атқарады. Жүйе логикасы мен теория-
сында категория болып объект, қасиет, қарым-қатынас, пікір, ой 
тұжырымы, ақиқат, жүйе, орта, пəндік облыс жəне т.б. сияқты 
түсініктер табылады.  
Əрбір түсініктің таңдалуы төмендегідей маңызды көрсет-
кіштердің есебінде іске асуы керек: 
-   танымдық маңыздылық жəне дидактикалық құндылық; 
-   ғылым мазмұны мен оның теориялық жүйесінің орнына 
сəйкестігі;
-   оқушыларға қолжетімділік;
-   түсінік мазмұны мен талдауының материалды формасының 
адекваттылығы;
-   білім беру облысындағы басқа да маңызды түсініктермен өзара 
байланыс;
-   Оқудағы қызметтің оңтайлы мүмкіндігі.
Мультимедиа-ресурстарды жасауда қолдану мүмкін болатын 
түсінік жүйесін құрастырудың кейбір қадамдарын қарастырайық. 
Мұндай жүйелердің құрылуы үшін оқытылатын пəндік облыстың 
табиғи-логикалық моделін қарастыру керек. Бұл тапсырма нақты 
оқу пəндерінің құралдары көмегімен шешіледі. Ол берілген ғылым 
сияқты пəндік бағыт білімінің негізіндегі сараптаушы арқылы 
шешіледі: белгіленген білім беру облысының түсінік жүйесі сол 
түсінік жүйесінің ғылым негізінде таңдала алады жəне оның 
бір бөлігі болады. Табиғи-логикалық модель берілген дамушы 
түсініктің түрі жайлы толық ақпаратқа ие. Бір-ақ бұл ақпараттың 
бөлігі анық емес түрде берілуі мүмкін. Одан өзгеше концептуал-
ды модель анықталған түсініктің мазмұнын толық ашуға, сонымен 
қатар анықталған түсінікке кіру əдісін ашуға мүмкіндік береді. 
Осы кезеңде түсініктің құрылымы жəне олардың арасындағы бай-
ланыстар туралы сұрақ туындайды, «ата-ана»-«ұрпақ» қағидасы бо-
йынша.
Ұғымның дұрыс құралуы білім облысының мазмұнын 
жеңілдетумен қатар оның анықтамасының технологиясын да 
жеңілдетуге мүмкіндік туғызады. Бірақ терминдер енгізілуінің 
үлкен дəрежесіне ие «қиындатылған» ұғым жүйесі мазмұнын қатты 
қиындатып жəне «шиеленістіріп» жіберетін кері рөлді де сомдауы 
мүмкін. Бөлуді анықталмаған аксиомаларға дейін жеткізе отырып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет