Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


-   мультимедиа ресурстардың дизайнын құрастырудың жүйелік  көзқарасын пайдалану ұсынысы; -



Pdf көрінісі
бет26/33
Дата16.04.2020
өлшемі1,08 Mb.
#62782
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
Байланысты:
bilimdi akparattandyru
8 сынып геометрия

-   мультимедиа ресурстардың дизайнын құрастырудың жүйелік 
көзқарасын пайдалану ұсынысы;
-   негізгі оқу элементтерінің құрылымы мен мазмұны бойынша 
ұсыныстар;
-   іздеу, навигация жəне гиперсілтемелер жүйесінің ұйымдас-
тырылуы жайлы ұсыныстар;
-   оқушылар түс пен пішіндерді қабылдаудың физиологиялық 
ерекшеліктері есебі бойынша ұсыныстар;
-   рəсімдеу элементтерін пайдалану бойынша ұсыныстар сияқты 
бірнеше негізгі топтарға бөлуге болады. 
Жүйелік көзқарас жүйелік дизайн кейбір дəрежелерде оның 
əзірленуі мен жасалу үдерісіне, жалпы орта білім беру жүйесінде 

271
кезекті құрылудың талаптарының əсерін тигізетін жасалған 
мультимедиа ресурстардың барлық факторларын қамтитын 
шығармашылық жобалаудың ерекше түрінің негізі болып табы-
лады. Тізбектегі əрбір кезектес қадамның логикалық шарт дизайн 
мəселесі нақты объектісімен шешілуінің нақты ықтималдығына қол 
жеткізеді утилиттік (тиімділік, үнемділік, жабдықтылық) жəне тама-
ша (эстетикалық айқындылық, бейнелік, оң эмоция мен ассоциация 
тудыру қабілеттілігі).
Интерфейс құрастырылуының жүйелік əдісі ақпарат, құжат-
тама, мəтін лингвистикасының жəне т.б. теориясы сияқты осын-
дай ғылыми бағытты оқулықтан алынатын дəстүрлі білімдерді 
алу мүмкіндігін береді. Бұл функционалдық, құрылымдық, 
тарихи, коммуникативті, кешенді, бағалы, əлеуметтік, статистикалық 
жəне т.б. санаттардың толық жиынтығын пайдалануға мүмкіндік 
береді.
Жүйелілік қағидасы семотика деген белгілер жəне белгілер 
жүйесі туралы қазіргі заманғы ғылымның жетістіктерін қолдану 
арқасында сапасын жоғалтпайтын ақпарат құрылуының түрлі түрін 
өткізуді қамтамасыз етеді. Семантикалық əдіске сəйкес мультиме-
диа ресурстың түрін анықтайтын əрбір белгілік жүйе синтаксистік, 
семантикалық жəне прогматикалық ішкі жүйелер арқылы бөліну 
есебінде зерттелуі қажет.
Тəжірибелік зерттеулермен анықталған:
-   түсіну күрделілігі 3 буыннан артық сөздің негізгі құрамының 
өсуімен үлкейеді;
-   қысқа мерзімді жадтың көлемі 7 ± 2 бірлікке тең (байланыспаған 
сандар, байланыспаған буындар немесе сөздер);
-   мағыналық түсінушіліктің өнімділігі механикалық түсіну-
шіліктен 20 есе жоғары;
-   адамның көрермен анализаторының өткізгіштік қабілеті 
естушіліктен 100 есе жоғары;
-   негізгі ақпараттың мəтін мəндік ортасы оның танылуы мен 
қабылдану жылдамдығына тікелей əсер етеді; 
-   кеңістік кескіннің орналасуы кеңістік орналасу, стимул түсі 
мен формасы жайлы ақпараттың визулды қысқа мерзімді жад-
та репрезинтациялауға үлкен мағынаға ие. 
Мультимедиа-ресурстың əзірленуі кезінде мультимедиа 
құралдардың біртұтас жүйесіндегі синтаксистік, семантикалық 
жəне прагматикалық ішкі жүйелердің біртұтас тіркесін оның 

272
типологиялық моделі деңгейінің барлық мүмкін деңгейлерін табу 
қажет.
Дизайн-жобаға білім беруші мультимедиа құралдың жасау-
шысы мақсаттық бағыттың болашақ бірлігін, объект мазмұны мен 
формальды сапасын қосады. Жасалған жоба аз логикалық қисынды, 
аз функционалдық қисынды түрде негізделсе, ой жəне алынған 
өнім арасындағы айырмашылық көп болған сайын, жүйе тиімділігі 
де аз болады. Жүйелік дизайнның бірінші фазасы маңызды рөл 
атқарады. Бұл кезеңде келесі əрекеттің мағыналық орталығын 
анықтайтын қажетті ақпараттың жиналуы мен талдануы жүзеге 
асады.
Дизайн-тұжырымдама  жоба мақсаты мен жетістіктерінің 
тəсілдерін негіздейді. Ол болашақ ғимараттың құрылымдық жəне 
эстетикалық мүмкіндіктерін анықтай отырып іргетасы болып табы-
лады. Мультимедиа-ресурстың дизайн-тұжырымдамасының түрткі 
болатын сəті əрдайым оқушылар болып табылады.
Дизайн-бағдарлама  жобалаудың  бастапқы фазасы сапасында 
болады. Ол дизайн-тұжырымдамасының іске асу операциясының 
негізгі топтарынан тұрады жəне берілген əрекет түрінің жобасы не-
месе моделін ұсынады. 
Дизайн-сценарий кеңістік-уақыт ортасының дизайн-
бағдарламасын нақтылайды жəне оның өмір əрекетінің барлық 
мүмкін көріністерін көрсетуге мүмкіндік беретін болашақ 
мультимедиа-ресурстың кескінін ұсынады. 
Жалпы орты білім беру жүйесінде мультимедиа-ресурстардың 
жасалуында интерфейс құрылымына əсері бар нақты кепілдемелер 
ескерілуі қажет. Мысалы оқушыларға мультимедиа-ресурс 
аумағында ерікті орналасу үшін бір беттен келесі бетке орналасу 
уақыты бір секундтан аз болуы керек. 
Мультимедиа-ресурстың жасалуы кезінде оқушылар беттің ашы-
луы үшін  10 секундтан артық уақыт күтпеу керектігіне қол жеткізу 
керек, ол бұл адамның күту уақытында басқа нəрсеге назар аударып 
кету мүмкіндігінің шегі.
Үн қосу уақытына сəйкес негізгі ақпарат 1968 жылғы 
FallJointComputerConference конференциясындағы Роберта Б.Мил-
лера (Robert В. Miller) баяндамасында көрсетілген: 
-   Секундтың оннан бірі(0,1) – сол уақыт аралығында оқушы 
алған жауап жүйесі лездік қабылдауға арналған, яғни экранға 
нəтиже шығаруға арналған кері байланысты қажет етпейтін 

273
анықталған мағына. Бұл ұғым нақты уақытта оқушылар 
экрандағы элементтерді қозғалту, өлшемін өзгерту жəне басқа 
да əрекеттер жасайтын мультимедиа ресурстағы жауаптың 
үздікті уақыты болу керек.
-   Бір секунд (1,0) – оқушы ойы аялдаманы байқаса да, үзілмейтін 
уақыт аралығынаң үздіксіз ұзындығы. Əдетте кері байланыс 
аялдама мəліметтермен 0,1 секундтан көп жəне 1 секундтан 
кем болмаса қажет емес, бірақ оқушы мəліметтермен үздіксіз 
жұмыс жасайтының сезбейді. Егер жаңа бет 1 секунд ішінде 
пайда болса, онда оқушы шектен тыс аялдамаларға тап бол-
майды. 
-   Он секунд (10,0) – оқушы тек диалогқа фокусталған шек 
аралығы. Егер аялдама көп болса, онда оқушы мульити-
медиа ресурстың жұмысы аяқталуын күткенге дейін басқа 
жұмыстармен айналыса бастайды. Оқушы жаңа беттер 20 
секунд аралығында ашылатын болса, сілтемелерді ашуды 
жалғастыра береді.
Үн қосу уақыты барынша аз болу керек. Компьютер оқушы 
жылдамдығымен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен сезетінін 
ұмытпағанымыз жөн. Мысалы, мультимедиа-ресурстағы айналма-
лы тізім оқушы өзіне керек элемент экранда қалу үшін уақытында 
тоқтата алмайтындай барынша тез қозғалуы мүмкін.
Жылдамдықтан басқа жауап уақытының шағын шашылуы да 
маңызды. Мультимедиа-ресурстарды қолдану уақыт аралығы өте 
ерекшеленеді, сондықтан оқушылар баяушылықтан ыңғайсыздық 
сезінеді. Оқушылардың қанағатшылдығы үн қосу уақытына ғана 
тəуелді емес, сонымен қатар оқушылардың күтуіне де тəуелді. Егер 
бір əрекет кейде тез, кейде жай орындалса, онда оқушылар нені 
күтерін білмейді, сондықтан да өзінің жұмысын оңтайландыру 
үшін əрекет жасай алмайды. Егер оқушылардың бір немесе басқа 
əрекеттері жылдам болса, онда олардың жай орындалу əрекетінен, 
яғни əрекет жай орындалатын, басқа əрекетке сабырлықпен 
қарай алатын мүмкіндіктен айрылады. Міне сондықтан да 
барлық ерекшеліктерді үн қосудың барынша аз уақыты барлық 
ерекшеліктерді əкелу мағынасына ие. Егер дəл сол əрекеттің орын-
далу əрекетіне дəл сондай уақыт қажет болса, онда оқушы қанша 
уақыт күту керек екенін білетін болады. 
Мультимедиа-ресурсты қолдану уақытында көп беттер мен 
файлдарды жүктеу уақытын болжау үшін оқушыға көмек беру керек. 

274
Бұл үшін сілтеме жанындағы жүктелетін файлдың немесе беттің 
көлемін көрсету жеткілікті. Ереже бойынша өлшем жүктелу уақыты 
10 секундтан асатын файлдар үшін көрсетілуі керек. 50 Кбайттан 
асатын өлшемді кез келген файлдың көлемін ескерту қажет. 
8-тарау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Оқу мультимедиа-ресурстар мазмұнының құрылу кезеңдерін 
сипаттаңыз.
2. Түсініктер мен терминдер қалай ерекшеленеді? Білім беру 
облысындағы түсініктерді қалай талдайды?
3. «Тезаурус» терминінің мағынасы қандай?
4. Түсінік аралық байланыс анықтамасына қандай байланыстар 
қолданылады?
5. Білім беру облысындағы тезаурустың құрылу технологиясының 
негізін қандай кезеңдер құрайды?
6. Білім беретін мультимедиа-ресурстар мазмұнының құрылуына қандай 
түсінік құрылымдары көбіне сəйкес келеді? Неге?
7. Білім беретін облыс мазмұнында бөлінген графтар неге білім беретін 
гипермедиа-ресурстардың жасалуының негізгісі емес?
8. Гипермедиа-ресурстар беттерінің мазмұны қалай құрастырылады?
9. Білім беретін мультимедиа-ресурсты жасаудың негізгі кезеңдерін 
атаңыз.
10. Оқу гипермедиа-құралдың барлық беттерін қарап шығу үшін қандай 
алгоритмдер қолданылуы мүмкін? Мысал келтіріңіз.
11. Жасалған мультимедиа-ресурстарды қолданудың негізгі əдістері мен 
құндылықтарын сипаттаңыз.

275
9-ТАРАУ АҚПАРАТТЫҚ БІЛІМ ОРТАСЫ
9.1 Ақпараттық білім ортасы: ұғымы, құрылымы, 
ерекшеліктері
Оқу мекемелеріне арналған əртүрлі ақпараттық-қатынастық 
технологиялар құралдарын құрастыру мен жинақтау педагогикалық 
сипаттағы бірқатар мəселелерді туындатады. Педагогикалық 
мақсаттағы ақпараттық ресурстардың жинақталуы мен прак-
тикалық қолдану жүйесінің жоқтығын ерекше айта кеткен жөн. 
Аталған құралдар өзара байланысты емес жəне бір ақпаратты 
бірнеше рет қайталайды. Бір оқу мекемесі аясында қолданылатын 
ақпараттандыру құралдары əртүрлі əдістемелік жəне технологиялық 
тəсілдерді талап етеді, оқу үдерісінің тиімділігіне кері əсерін 
тигізетін оқушылардың білімі мен біліктілігіне айтарлықтай талап-
тарды қояды.
Оқу мекемесіндегі ақпараттық технологиялар мен ресурс-
тарды дайындау мен пайдаланумен байланысты тағы бір 
мəселе, ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының 
мүмкіндіктерін оқу, оқудан тыс жəне ұйымдастыру-педагогикалық 
іс-əрекетте кешенді пайдалануға қабілетті педагогикалық кадрларды 
жан-жақты дайындауға практикалық мүмкіндіктің болмауы болып 
табылады.
Оқу мекемелеріндегі жалпы орта білім беру жүйесінің 
барлық салаларында қолданылатын ақпараттық ресурстар мен 
технологияларды бір жүйеге біріктіру қажет. Бұл жүйе жалпы 
біртипті əдістемелік талаптар жəне ұсыныстармен толықтырылуы 
тиіс. Ақпараттық білім ортасын қалыптастыру көптеген оқу 
мекемелерінде қолданылады. Ақпараттық білім ортасы жеке 
құралдар мен ақпараттандыру технологияларын өзара байланысты-
ру мақсатындағы техникалық мəселелердің шешілуіне мүмкіндік 
береді. Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын пайда-
лануды сипаттайтын мазмұн мен əдістерді біріктіру мəселелері əлі 
күнге дейін шешімін тапқан жоқ.
Мұндай жүйенің рөлін, бірқатар жарияланымдарда оқыту іс-
əрекетін жүзеге асыруда пайдаланылатын компьютерлік құралдар 
жəне олардың қызметінің тəсілдері жиынтығы ретінде анықталатын 
оқу мекемесіндегі ақпараттық-білім ортасы атқара алады. 

276
Нақтырақ,  ақпараттық-білім ортасын оқушыларды, пе-
дагогтарды, ата-аналарды, оқу мекемесінің əкімшілігін жəне 
қоғамды бірыңғай технологиялық құралдармен өзара байланысқан 
мазмұнмен толықтыруды жүзеге асыратын компьютерлік техниканы 
программалық-телекомуникациялық ортада қолдануға негізделген 
орта ретінде анықтауға болады. Мұндай орта ұйымдастырушылық-
əдістемелік құралдар, педагогикалық маңызды ақпараттарға 
оперативті қолжетімділікті қамтамасыз ететін жəне педагогтар мен 
білім алушылар қарым-қатынасын жүргізуге мүмкіндік беретін, со-
нымен қатар ақпаратты сақтау, өңдеу, тасымалдауды қамтамасыз 
ететін техникалық жəне программалық құралдарының жиынтығын 
қамтуы тиіс.
Ақпараттық-білім ортасы кіріктірілген көпкомпонентті жүйе 
ретінде құрылуы қажет, оның компоненттері оқу, оқудан тыс, 
ғылыми-зерттеушілік іс-əрекет, оқыту нəтижелерін, оқу мекеме-
лерін басқару іс-əрекетін өлшеу, бақылау жəне бағалау. Мұндай 
орта барлық мүмкін болатын пайдаланушылардың дифферен-
циациясын қамтамасыз ететін максималды вариативтілікке ие болуы 
тиіс. 
Оқу мекемесінің ақпараттық-білім ортасын жоспарлау, 
дайындау жəне пайдалану жалпы орта білім беру жүйесін бірте-бірте 
бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігіне біріктіруді қамтамасыз 
етуі қажет. Ортаның маңызды компоненттерінің бірі оқу мекеме-
сінің оқу іс-əрекетін ақпараттандыруға бағытталған програм-
малық-əдістемелік кешен болып табылады. Оқу компоненттерін 
жоспарлау, құрылымдау жəне жүзеге асырулау психологиялық-
педагогикалық əдістемелік жəне технологиялық сипаттағы 
талаптар мен ұсыныстардың кең кешеніне сəйкестікте жүзеге асы-
рылуы тиіс.
Ақпараттық-білім ортасының ажырамас компоненті оқушылар 
мен абитуриенттердің білім, біліктілік жəне дағдысын өлшеу, 
бағалау жəне бақылау құралдары болуы қажет. Ортаның өзіндік 
компонентінде ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын 
ерекшелеуге байланысты білім алушының білім, біліктілік жəне 
дағдысын компьютерлендіруге қатысты бірнеше көзқарастар бар. 
Мұндай көзқарастар қатарына білімді бақылау мен бағалауды 
автоматтандыруға арналған компьютерлік сыныптардың тобын 
жатқызуға болады.

277
Кез келген оқу мекемесінің іс-əрекеті аясында маңызды бір 
сала, білім беру деңгейіне тəуелсіз педагогтар, кейде білім алушы-
лар қатыстырылған ғылыми жəне əдістемелік зерттеулер болып 
табылады. Оқу мекемелерінің іс-əрекетінің ғылыми-əдістемелік 
саласы қызметінің аспектілері ақпараттық-қатынастық техноло-
гиялардың құралдарын енгізудің жеке бағыттарын туындатады. 
Орта аясында педагогтар арқылы жүзеге асырылатын ғылыми-
зерттеу жəне əдістемелік іс-əрекетті ақпараттандыру құралдарын 
кіріктіретін арнайы компоненттерді ерекшелеу қажет. Ортаның 
сəйкесінше компоненті ғылыми іс-əрекет тұрғысынан маңызды 
ақпараттық ресурстарға қолжетімділік құралдарын көрсетіп 
қана емес, сонымен қатар кітапханатану, ақпараттық үзінділерді 
өңдеу, сақтау жəне есептеу құралдарын да көрсетуі тиіс. Мұндай 
құралдары ғылыми-зерттеулер нəтижелері аясында педагогтардың 
қашықтықтық өзара əрекетін ұйымдастыруда пайдалы болуы 
мүмкін.
Сонымен қатар ақпараттық-білім ортасының оқудан тыс 
компонентін ерекшелейді. Оқу мекемесінің оқудан тыс іс-
əрекетінің аясы практикада ақпараттық-қатынастық технология-
лар құралдарының артықшылықтарын жеткілікті түрде аңда-санда 
жəне жүйесіз қолданады. Ақпараттық технологиялар негізгі оқу 
іс-əрекетінің мазмұнымен байланыссыз оқудан тыс шаралардың 
деңгейін жоғарылатуға қабілетті. Компьютерлік телекоммуни-
кацияларды оқудан тыс қарым-қатынаста қолданудың мақсатқа 
лайықтылығы белгілі. Мұндай салада сəйк 
есінше ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарының мазмұндық-əдістемелік 
деңгейі мен сапасынан оқудан тыс іс-əрекеттің оқу-тəрбиелік 
тиімділігі тəуелді.
Ақпараттық-білім ортасының оқудан тыс компонентін құрайтын 
негізгі ақпараттық ресурстар: оқушылар мен педагогтардың 
жоспарланған немесе өткізетін оқудан тыс шараларынан хабар-
дар ететін құралдарды, сынып жетекшілері іс-əрекетін қолдайтын 
ақпараттық құралдарды, жаппай мəдени жəне спорттық шараларды 
өткізуге қажетті ақпараттық құралдарды, оқу мекемесіндегі оқудан 
тыс іс-əрекетті басқару құралдарды, оқушылардың оқудан тыс 
қарым-қатынасын ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын қамтуы 
тиіс.
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын кеңінен 
қолдану саласы оқу мекемелерінің ұйымдастырушылық-басқару 

278
іс-əрекеті болып табылады. Оны автоматтандыруға бірқатар 
программалық жүйелер жəне шаблондар, сондай-ақ білімді жо-
спарлаушы, бухгалтерлік есеп жүйелері, оқу жүктемесін жəне та-
рификацияны есептеу құралдары, мұғалімдер, оқушылар, оқыту 
құралдары жəне т.б. туралы электронды мəліметтер қоры пайдала-
нылады. Модельдеуде, жобалауда жəне ақпараттық білім ортасын 
құрастыруда ақпараттық ресурстарды кіріктіретін оқу мекемесінің 
ұйымдастырушылық-басқару іс-əрекеті аясында ақпаратты өңдеу 
мен тасымалдауды автоматтандырылған арнайы компоненттерді 
ерекшелеу маңызды. 
Ақпараттық-білім ортасын қалыптастыру оқу мекемесінің 
барлық саласын қамтиды, білім беру үрдісінің көрсеткіштерін жан-
жақты талдау үшін қосымша жағдайлар жасайды, жалпы орта білім 
беру жүйесінің жағдайы туралы, ондағы сандық жəне сапалық 
өзгерістер туралы біртұтас түсінікті қалыптастыруға мүмкіндік 
береді.
Ортаны құруда мамандармен ақпараттық ресурстарды 
біріктіру үшін арнайы ерекшелену жүйесі дайындалуда. Мұндай 
ерекшелену ақпараттандыру-білім беру ортасында қамтылатын 
барлық Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын 
практикалық дайындауда есепке алынуы тиіс. Мұндай ерекшеле-
ну ақпараттық ресурс басқа да жалпы қабылданған талаптармен 
бірге меңгеруге тиісті оқу мекемесінің ақпараттық білім ортасы-
на толықтай енуіне арналған талаптар жүйесі болып табылады. 
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының осындай 
талаптарға сəйкес келмеуі оның сапасыздығының куəлігі болып та-
былмайды, оның орта аясындағы толыққанды қолданысқа енгендігін 
қиындатады. 
9.2 Ақпараттық білім ортасының оқытудың 
əдістемелік жүйесіне əсері
Ақпараттық-білім ортасын пайдалану арқылы мектептегі 
оқу үрдісін ақпараттандыру нақты əдістемелік оқыту жүйесінің 
ерекшеліктерімен толықтай сəйкестікте жүзеге асырылады. Оқу 
үрдісінде қолданылатын ақпараттық ресурстар оқу мекемесінің 
басқа да іс-əрекеті аясын ақпараттандыру үрдісінде қолданылатын 

279
ресурстармен мазмұнды, техникалық жəне технологиялық байла-
нысты болуы тиіс. 
Ақпараттық-білім ортасында оқушыларды оқытуда 
бірыңғайланған жəне өзара байланысқан Ақпараттық-қатынастық 
технологиялар құралдарын қамтитын оқу компоненттерінің бо-
луын ескеру қажет. Осыған байланысты оқу компонтін құру 
жəне қолдану психологиялық-педагогикалық əдістемелік жəне 
технологиялық сипаттағы талаптар мен ұсыныстар кешенімен қатаң 
сəйкестікте жүзеге асырылуы тиіс. Орта құрамына енетін жүйелерге 
қойылатын негізгі талаптар оларды оқыту үрдісінде қолданудың 
нақты əдістемесінің болуы, оқулыққа түсетін ақпаратты іріктеуі 
жəне ортаға енетін басқа Ақпараттық-қатынастық технологиялар 
құралдарының телекомуникациялық ресурстарымен міндетті өзара 
байланысы болып табылады.
Ортаның оқу компонентінде жинақталған ақпараттық ресурс-
тар дəстүрлі оқу құралдарына, сондай-ақ оқулықтарға, оқу жəне 
əдістемелік құралдарға қойылатын стандартты дидактикалық 
талаптарға жауап беруі тиіс. Бұдан басқа, мұндай ресурстарға 
орта компоненттерін құру мен қолдануда қазіргі ақпараттық жəне 
телекомуникациялық технологиялардың артықшылықтарын 
пайдалануға негізделген ерекше дидактикалық талаптар қоюға бо-
лады. 
Ортаның оқу компонентінің ақпараттық ресурстарына 
қойылатын дидактикалық талаптармен нақты пəн аясындағы 
өзгешелікті жəне ерекшелікті, оқытудың қазіргі əдістерін жүзеге 
асыру мүмкіндігін есепке алатын əдістемелік талаптар тығыз 
байланысты. Ақпараттық білім ортасының оқу компоненттерінің 
ресурстарына қойылатын эргономикалық талаптар білім 
алушылардың жас ерекшелігін есепке ала отырып құрылады, оқуға 
мотивациның артуын қамтамасыз етеді, ақпараттың бейнеленуіне 
жəне нақты компьютерлік құралдардың жұмыс режиміне талаптар-
ды бекітеді.
Сонымен қатар, ақпараттық білім ортасын қалыптастыру 
ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарымен жүзеге 
асырылатындықтан, оларға қойылатын талаптарды ескеру қажет: 
əрбір ақпараттық ресурстың мүмкіндігі оқу мекемесінің орта 
компоненттерінің мазмұнының сипатынан, барлық ортаның 
ақпараттық кеңістігі иерархиясында мұғалім мен оқушының түсінуін 
қамтамасыз етуі қажет.

280
Ақпараттық-білім ортаның біріктірілген жəне кіріктірілген 
ресурстарын қолдану мұғалімге, сонымен қатар оқушыларға 
қосымша нақты əдістемелік нұсқаулардың қатарын беруге мүмкіндік 
береді. 
Ортаның оқу ресурстарымен оқытушының жұмысы, сəйкесінше 
оқушының тақырыптық блоктарды оқып үйрену бойынша жұмыс 
нəтижелерін талдаудан басталады. Осы мақсатпен оқытушы 
оқушы туралы ақпаратты қамтитын, сонымен қатар оқушылардың 
оқу материалын оқып-үйрену сапасына бақылау жасайтын 
бақылау-өлшеу компонентерінің ресурстарын қамтитын ортаның 
ұйымдастырушылық-басқарушылық компоненттерінің ресурс-
тарына жүгінеді. Келесі кезеңде оқытушы əрбір оқушының 
ұсынылған ортаның оқу компонентінде берілген Ақпараттық-
қатынастық технологиялардың құралдарынан оқу материалының 
мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау қажет. Мұнда оқытушы 
педагогикалық бақылау мен өлшеуді қамтамасыз ететін ортаның 
электрондық ресурстарымен жұмысқа дайындау үшін əрбір 
оқушыға жеке тапсырма дайындайтын жеке тəсіл болуы мүмкін. 
Бұл кезеңде педагог оқушылардың тапсырманы орындауы-
на бөлінген уақытты жəне оның ақпараттық-білім ортасының 
бақылау-өлшеу компонентімен жұмысының басталу уақытын 
анықтайды. 
Əрі қарай, оқушылардың нақты ақпараттық ресурстармен 
жұмысқа дайындық деңгейіне байланысты оқытушы оқу сабағын 
өткізу əдістемесін таңдайды: дəстүрлі сабақ, ойындар, тренинг 
жəне т.б. Бұған қосымша мұғалім оқу практикасында ортаның 
ғылыми-зерттеу жəне оқудан тыс компоненттеріне біріктірілген 
ақпараттық ресурстардың мүмкіндіктерін талдай білуге міндетті 
болуы тиіс. Оқу үрдісінде мұндай ресурстарды қолдану оның 
тиімділігін арттырудың қосымша факторы бола алатындығы 
жоққа шығарылмайды. Мұндай талдау оқу мекемесінің бірыңғай 
ақпараттық-білім ортасында түрлі ресурстарды құрастыру мен құру 
тəсілдерінің бірлігінде нақты бола алады. Орта ресурстарымен 
жұмыс барысында, оқытушы жалпы орта білім беру аясында оқу 
жоспарымен сəйкестікте жоспарланған оқу бағдарламасындағы оқу 
материалын оқушылардың оқып үйрену мақсаты мен нəтижелерін 
салыстыра білуі тиіс. 
Ортаның оқу компоненті ортаның ұйымдастырушылық-басқару 
компонентінде жинақталған ақпараттық-қатынастық технология-

281
лар құралдарымен өзара байланысты, сондай-ақ бұл компонент оқу 
үдерісіне қызмет көрсететін сервистік қызметтер мен ақпараттық 
ресурстардың толық жиынтығын қамтамасыз ететін программалық 
кешенді көрсетеді.
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының негізгі 
дидактикалық қызметін қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру 
əдістерін практикалық енгізу ортаны келесідей мақсаттарда қолдану 
мүмкіндігін біледі:
-   оқушылардың дайындығын жəне сапасын арттыратын, 
оперативті көмек көрсетуді ұйымдастыратын, компьютерлік 
жəне телекомуникациялық техниканың оқу мекемелеріндегі 
оқу іс-əрекеті мəдениетін қалыптастыру мақсатындағы 
программалық-əдістемелік мүмкіндіктерін жүзеге асыратын 
оқыту құралдары

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет