Негізгі бөлім
|
Тақырып ашу.
- Оқушылар,қазір мен сіздерге бірнеше суреттің нұсқаларын көрсетемін.Сіздер зер салып қарап отырыңыздар. Не байқадыңыздар?
Сонымен суреттен не көрдіңіздер?
Бұл суреттер арқылы не айтуға болады?
Қандай болжам жасайсыздар?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
«Мен елімнің ертеңімін» деп аталады.
Бұл тақырыпты алу отырған себебім, Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау арқылы Елбасының «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» мақаласымен таныстыру.
Ал,енді сіздер рухани жаңғыру дегенді естігендерің бар ма?
-Рухани байлық деген не?
Мұның не екенін тағы да білу үшін білімімізді толықтырып,осы сұрақ төңірегінде ой өрбітеміз.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын кеңінен насихаттау болып табылады. Аталмыш мақала Кіріспе, қорытынды және екі бөлімнен тұрады. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
Қазір сіздердің назарларыңызға осы мақала туралы бейнероликті ұсынамын.
Ә)
Оқушыларға бейнеролик көрсетіледі. https://www.youtube.com/watc
Елбасы неше құндылықты ұсынған екен?
- Басты назарда бірінші нені ұстау керек?
Б)Топтық жұмыс
-Оқушылар биыл астана қаласында өткен халықаралық көрме не деп аталды?
-Осы көрмеге барған оқушылар қызыл шармен белгіленген топқа барып шарға бекітілген қолжетімді тапсырмасын алып орындайды.
- Қалған оқушылар,сіздердің ішіңізден кім өзін арманшылмын деп есептейді бұлар көк шарға ,ал кім өзін қазақтың ұлттық салт-дәстүрін жақсы білемін дейді олар үшінші топтағы қызыл шарға шоғырланып тапсырмасын алып орындайды.
Тапсырмасы:
1-топ: «ЕХРО-дағы ғажайыптар» қабырға газетін шығару.
2-топ:«Болашақ Қазақстан»10 жылдан кейін менің көзіммен. Жоба қорғау.
3-топ:«Ұлттық құндылықтарымызды қастерлейік» жарнамалау.
В) (Есік қағылады)
Ішке Білім патшасы кіреді.
-Оқушылар бізге алыстан қонақ келген екен.
-Төрлетіңіз!
Білім патшасы:
-Сәлеметсіздер ме ,оқушылар!Мен Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі білім ордаларын аралап Рухани жаңғыруға байланысты жарғы таратып келемін.Сол себепті сіздерге сұрақ қойғым келіп тұр.
- Партиот адам кім?Ол өзін қалай көрсетуі керек?
- Өздерің білетін ірі тұлғаларды атаңыздаршы?
-Жақсы.
-Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар!
*Әлемдік өркениетті елде еркін өмір сүру үшін өз ана тіліңді қастерлей отырып,орыс,ағылшын тілдерін жетік меңгеріңдер!
*Өз тарихыңды,ата тегіңді ұмытпа!
*Сен «қазақ» деген ұлы халықтың ұрпағысың!
*Сен ең мықты болуға тиіссің!
-Келесі кездескенше сау болыңыздар!
|
Мұқият зер салып қарап, бүгінгі тақырыптың мағынасын ашады.
Сұрақтарға жауап беріп, толықтырып түсіндіріп өтеді.
Көрсетілген суреттер бойынша өз ойларын ілдіріп, сабақтң мазмұныны жіті түсінеді.
Мұғалім мен оқушылар арасында шағын диалог жүреді.
Оқушылар презентация материадарында берілген ақпараттар мен танысады, өзара ойталқыға салады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасына байланысты бейнеролик
тамашалайды
Топтасу еркін түрде жүзеге асады.
Топпен жұмыстану,
талқылау,
кеңесу,қорғау
Ойларын айтады, жұмыстарын қорғау.
Патриот ұғымының мәнін ашады, өз бойларындағы және қоғамдағы патриот адамдардың образын жасайды.
Білім патшасының қойған сұраақтарына жауап беріп, ол айтқан ақыл-кеңесті мұқият тыңдайды.
Білім патшасы оқушылармен қоштасып,
шығып кетеді.
|
10 минут
15минут
5 минут
|
Қорытынды бөлім
|
-Білім патшасы бізге не деп кетті?
-Осыған байланысты өз ойымызды жинақтайықшы.
Сөйлемді аяқта «Рухани жаңғыру ...»
Кері байланыс:
«Нысана» әдісі
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Алда әлі ұзақ жол , үлкен асулар бар . Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім , талант пен талап керек. Қазақ елінің
абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезін ейік.
“Сен де бір кірпіш дүниеге ,
Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын.
|
Сабаққа қорытынды жасайды.
Кері байланыста өздеріне берілген стикер қағаздарына бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерлері мен түйген түйіндерін жазп, тақтдағы рефлексия қағазына жабыстырады.
Мұғалімнің қорытынды сөзін еқұлақ асады.
|
5 минут
|