Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


Мультимедиа құралдарын пайдалану негізінде



Pdf көрінісі
бет11/33
Дата16.04.2020
өлшемі1,08 Mb.
#62782
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33
Байланысты:
bilimdi akparattandyru
8 сынып геометрия

4.2 Мультимедиа құралдарын пайдалану негізінде 
оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту əдістері
Оқушыларға мультимедиа-ресурстарын қолдануды үйрету, бұл 
мектеп пəндерін оқыту жəне де болашақта кəсіби іс-əрекеттерінде 
оқушылардың танымдық əрекеттерінің даму əдістеріне жəне 
белсенді оқытуға бағытталуы қажет.
Мектептің оқыту үдерісінде əртүрлі əдістер қолданылатыны 
барлығына мəлім. Көп жағдайларда оқыту мұғалім берген ақпаратты 
жаңғырту принципіне негізделіп қолданылады. Нəтижесінде 
көпшілік оқушыларда жаңғырту ойлауы басым болады. Бұл жылдам 
жəне өзбетінше жаңа ақпаратты қабылдауға кедергі болады, онда 
ақыл-ойының өсуі потенциалы болмайды. Бұдан басқа мультиме-
диа технологияны оқытуда қолдану спецификасы оқу сағатының 
компьютер алдында көп өткізуімен байланысты, яғни монологті 
сөйлеудің дамуына септігін тигізбейді. 

109
Белсенді оқыту əдістері бар, олар оқушыларды оқыту үдерісінде 
белсенді қатысушы болуға итермелейді, бұл тек қана мұғалімнен 
алған ақпаратты пассивті түрде қабылдау емес. 
Көп жағдайда кең түрде тараған оқыту əдісі бұл көрнекілі-
түсіндірмелі əдіс, мұнда белгілі бір жүйеде, көрнекі жəне қолайлы 
түрде, оңайдан қиынға білімдерді мазмұндауға негізгі көңіл 
бөлінеді. Мұғалім дайын ақпаратты əртүрлі жолдармен айтады, 
ал оқушылар бұл ақпаратты қабылдайды, түсінеді жəне ойларын-
да түйіндейді. Əрбір педагог ең бастысы керекті ақпаратты беруге 
жəне оның дұрыс қабылдауына көз жеткізу үшін, оқушыларда білік 
пен дағдылар пайда болуы үшін, мұғалім тапсырмалар жүйесімен, 
оқушылардың əрекеттерін олардың алған білімдерін жəне көрген 
тəсілдер əрекеттерін бірнеше рет жаңғыртуын ұйымдастырады. 
Мұғалім тапсырма береді, ал оқушылар оларды орындайды, ұқсас 
тапсырамаларды шығырады, яғни бірнеше рет ұқсас əрекеттерді 
жүзеге асырады. Жаңғырту мен қайталау тəсілдердің əрекеттік тап-
сырмалары мұғалімнің басты репродуктивті деп атанған əдістің 
белгісі. Түсіндірмелі – көрнекілі жəне репродуктивті əдістердің 
айырмашылықтары, олар оқушыларды біліммен сусындатады, 
дағдылар мен біліктер, негізгі ойлау операцияларын қалыптастырады, 
бірақ оқушыларда шығармашылық қабілеттері дамуына кепіл 
бермейді, жоспарлы жəне мақсатты түрде қалыптастыруға мүмкіндік 
бермейді. 
Оқушылардың əрекеттері жаңа ақпаратты қабылдау, ойлау, есте 
сақтауда мəні. 
Дəстүрлі түрде оқушыларға оқу материалдарын беру – 
үнемді тəсілдердің бірі оқушыларға білімдерді беру. Бұл əдістің 
тиімділігі көпжылдық тəжірибемен тексерілген  жəне ол барлық 
елдердегі мектептерде барлық оқыту деңгейлерінде берік орын 
алған. Бірақта бұл əдіспен шамадан тыс жəне қажетсіздіктен 
қолдануға болмайды. Басқада оқыту əдістерін қолдану керек. Бұл 
сөздерді, бірінші кезекте мультимедианы қолдану арқылы оқытуды 
айтуға болады. 
Оқу материалын беруді ұйымдастыруда, мұғалім оқушылардың 
танымдық əрекеттерінің белсендіруіне əсер етеді, бірақ бұл тікелей 
емес. Сабақта барлық оқушылардың  белсенді əрекеттері  іске 
қосылады.  Мақсатты түрде бұл əрекетке əсер ету үшін оқытудың 
белсенді əдістері бар. Əдістің аты айтып тұрғандай, жай есте сақтау 
емес, оқушылардың белсенді ақыл-ойларының əрекеті. 

110
Егер де сабақ үстінде тек ғана мұғалім жұмыс жасаса, ал 
оқушылар пассивті болса, яғни əрекетсіз, енжар, сыныптағы 
барлығына немқұрайлы қараса, онда мұндай сабақтың ешқандай 
құндылығы жоқ. 
Мультимедиа – ресурстарын қолдануда танымдық əрекет-
терінің мазмұнын қабылдауын, оқушылар тек қана жаңа білімдер 
мен дағдыларды алып қана қоймай, жəне өздерінің танымдық 
күштерінің жоғары деңгейге жетуін, ұйымдастыруға тыры-
су керек. Оқушыларды танымдық əрекетке қосу керек, мұғалім 
мен оқушыларды біріктіруші, мақсатқа жетуге бағытталған, 
шығармашылық тұлғаны қалыптастыру. Əрбір мұғалімнің міндеті – 
ол жастарды шығармашылықпен ойлауға, өмірге жəне тəжірибелік 
жұмысқа дайындау. Шығармашылық ойлау мəселені шешуде 
көрінеді. 
Белсенділіктің бағыты мен деңгейі көбінесе оқушылардың 
қажеттіліктер жəне мотивтер жүйесін анықтайды. Бұл адам-
ды мəселе қоюға итермелейді, мəселелерді шешуге күштерін 
шоғырландырады. Сол себепті оқушының тұлғасын болашақ 
маман ретінде тəрбиелеуден, бірінші кезекте, мотивтер мен 
қажеттілік-терден тəуелді. Қажеттілік танымдық əрекетті ынта-
ландырады. Əр түрлі мотивтер арақатынасы тəрбиелеу мазмұнын, 
белгілі бір түр мен оқыту əдістерін таңдап алуға себепші болады, 
белсенді шығармашылық тұлғаның барлық қалыптастыру үрдісін 
ұйымдастыру шарты. 
Мотивтерді екі үлкен топқа бөлуге болады: жетістік мотиві 
жəне танымдық мотив. Танымдық мотивациясында білмеген жаңа 
білімдер танымдық əрекеттер мақсатымен сай келеді, яғни адамды 
танып білу үрдісі мен мазмұны қызықтырады. Жетістік мотивация-
сында танымдық əрекет мақсатқа жету жолы ғана, яғни танымдық 
əрекет емес. Адамды іс-əрекеттің нəтижесі қызықтырады, ол белгілі 
бір танымдық жігердің нəтижесінде алынуы мүмкін, мысалы, 
жағымды баға. 
Педагогикада жəне психологияда көрсетілгендей, тұлғаның 
қалыптасуына жəне оның психикалық дамуына тұрақты жəне 
орнықты əсерді білім көрсетеді, ол танымдық қызығушылыққа 
негізделген. Танымдық мотивацияның дамуы оқушылардың 
белсендігін жəне оқыту үдерісінің əсерлігін анағұрлым көтереді. Со-
нымен қатар, танымдық мотивация адамның негізгі даму бейімділігі 
болып келеді. 

111
Танымдық мотивация психикалық үдерістер қабылдау, ес, ой-
лау жəне де басқа да адамның мүмкіндіктерін қайта құруға болыса-
ды, сол əрекеттердің орындалуына болысушы, яғни қызықтырушы. 
Еріксіз белсенділіктен басқа көрсетілген əдіс жоғары дəрежеде 
еліктіргендікпен ие. Бұның барлығы білімге талаптануды, оқытылып 
жатқан пəнге қызығушылықты дамытады. Алғашқы қызығушылық 
əуесқойлықтан басталады, одан кейін білуге құмарлыққа өседі, ең 
жоғарғы даму деңгейі – ақыл-ойдың жүйелі еңбегі əдетке өтеді. 
Танымдық қызығушылық өте үлкен қозғаушы күшке ие: ол адамды 
белсенді түрде білуге итермелейді, белсенді түрде тəсілдерін жəне 
білімге деген туған қызығушылығын қанағаттандыру құралдарын 
іздейді. 
Мультимедиа – ақпараттарын іздеу əдістерін айтап отырып, 
келесіні есте сақтау керек: кез келген адам өзінің табиғатынан 
зерттеуші болып келеді. Оның іздеу əрекеттері ерекшіліктерді 
табу, қасиеттер жəне құбылыс сипаттамалар жəне сыртқы 
ортаның объектілері, белгілі бір олардың мəн жəне мазмұнын, 
рөлдерді бағалау, мағынадан көрінеді. Алынған мəліметтер 
негізінде ол өзіне мақсат қояды жəне өзінің əрекеттерін жос-
парлайды. Белсенді оқыту негізінде белсенді қатысу принципі 
жатыр, онда мұғалімді əрбір оқушыны тəрбие-оқу үдерісінің 
қатысушысы болуға, əрекет етуші, жолдарды іздеуді бастаушы жəне 
оқытылып жатқан курстағы мəселелерді шешу жолдарын іздеуге 
міндеттейді.
Белсенді оқыту əдістері мультимедиа-технологияларын қолдану 
арқылы байланыстыру білім, білік жəне дағдыларды қалыптастыруға 
мүмкіндік береді, оқушыларды белсенді оқу-танымдық əрекетке 
еліктіру арқылы. Оқушылар алдын ала болатын жұмысты жоспар-
лауды, рациональді түрде оның орындалуын ұйымдастыруды, өзін-
өзі бағалауды жəне белгілі бір темпте жұмыс істеуді үйренеді. 
Пассивті түрде ақпаратты қабылау кезінде оқушыларда:
- Оқығаны 10 пайызы;
- Естігенінің 20 пайызы;
- Көргенінің 30 пайызы;
- Көрген мен естігенінің 50 пайызы есептерінде қалады.
Сонымен қоса, белсенді ақпаратты мультимедиа ресурста-
рын қолдану арқылы қабылдау оқушылардың есінде өздерінің 
айтқандары 80% жəне өздері жасаған нəрсенің 90% қалады. Белсенді 
оқыту əдістері тек қана материалды тез əрі жылдам есте сақтауға 

112
ғана көмектесіп қоймай, сонымен қатар оның күнделікті өмірде 
жүзеге асуына да əсер етеді.
Белсенді оқыту əдістерін қолдану ресурстар мен мультимедиа 
технологияларын қолданумен байланыстыруы: 
-  қатынас дағдыларын оқыту үдерісінде қалыптастыру;
-  өзінің ойларын жеткізу жəне құрастыру, өз көзқарасын білдіре 
білуді дамыту;
-  жағдайларды талдау қабілетін дамыту, олардың себептерін 
жəне пайда болуын ерекшелеу, олардың шешу мəселелерін 
жəне құралдарын дамыту;
-  беріктілікті тəрбиелеу, өз көзқарасын, ұстанымын басқалардың 
алдында қорғай алу;
-  зейін, ойлау, ес үдерістерді жетілдіру сияқты мақсаттарға же-
туге көмектеседі.
Бар мультимедиа-ресурстарын қолдану əдістерін мектеп 
үдерісінде қарастырайық. Жобалау əдісі. Əлемдік тəжірибеде 
оқушылардың белсенді-танымдық іс-əрекетке қызығушылықтарын 
арттыратын, іс-əрекеттерін өз бетінше ұйымдастыратын əдіс-тəсілдер 
ойлап табылуда. Осындай əдіс-тəсілдердің бірі ынтымақтастық 
оқыту болып табылады. Қазіргі кезде фронтальды жұмысты жеке-
лей, жұптық жəне топтық жұмыстар алмастыруда. Мультимедия-ре-
сурсты қолдану арқылы ұйымдастырылған жұптық немесе топтық 
жұмыс түсіндірмелі-илллюстративті немесе репродуктивті əдіске 
қарағанда неғұрлым əсерлі болып келеді. 
Оқушылар топта іс-əрекеттің жоспарын бірігіп құрап, 
мəліметтердің көздерін, мақсатқа жетудің амал-тəсілдерін 
іздестіріп, рөлдерді бөліп, идеяларын айтып, оны талқылайды. 
Осылайша барлық оқушылар танымдық іс-əрекетке белсенді 
қатысады. Ынтымақтастық оқытуда олар мəдениет элементтері 
мен басқару элементтерін игере алады. Жобалау идеясы іс-əрекетті 
ұйымдастырудың топтық жəне жекелей үлгісімен жақсы сəйкес 
келеді. Ең алғашқы рет компьютерлік желі арқылы қарым-қатынас 
жасау жобасы ХХ ғасырдың 80 жылдары шықты. Содан кейінгі 
мультимедианы қолдану арқылы ұйымдастырылған жоба зерттеу-
лерде жақсы көрсеткіш көрсетіп, педагогикалық əсері жоғары бол-
ды. Ол жобаның негізін компьютерлік желі арқылы байланысқан 
əр аймақтың оқушылары ұйымдастырған топтары құрайды. 
Телеқатынастық жобаның басты шарты – мəдениеті, тілдері, өмірлік 
ұстанымдары əртүрлі болуы.

113
Оқушының іс-əрекетінің негізі деп оның интеллектуалдық, ерік-
жігерлік, эмоциялық мобильдігін айтады. Оқытушы бағыт-бағдар 
беріп, түзету жасап отыру қажет. Оқу материалының мазмұны, 
түрі, əдіс-тəсілдері мен құралдары оқушының мүмкіндігі мен 
əлеуетіне сай бола отырып, оқытудың мотивациялық факторы 
ретінде орын алуы керек. Педагогикалық тəжірибеде ең негізгісі 
оқытудың ұйымдастырылған танымдық əдістері. Жобалау əдісі 
оқушының шығармашылығын дамытатын əдістердің бірі болып та-
былады.
Жобалау əдісін қолданудың:
- нəтижелердің  тəжірибелік,  теориялық,  танымдық  маңыз-
дылығы;
-  іс-əрекетті өзбетінше орындау;
-  жобаға қажетті базалық білімді анықтау;
-  жоба бөлімінің мазмұндық құрылымдалуы;
-  зерттеу əдістерін қолдану;
-  зерттеудің мəселесін, міндеттерін анықтау;
-  гипотезаны, зерттеу əдістерін талқылау;
-  мəліметтердің талдауын жасау;
- қорытындыны безендіру;
-  нəтижені, шығармашылық есепті шығару;
-  жобалық тапсырмаларды орындау;
-  базалық білімдер мен дағдыларды жүйелеуді қалыптастыру, 
оны болашақта қолданып, дамыту;
- жобаға қажетті мотвация мен білімді тереңінен игеру 
қажеттілігін дамыту;
-  оқушылардың танымдық іс-əрекеттерін белсендіру;
- жобалық міндеттерді орындауға қажетті шығармашылық 
қабілеттерін жетілдіру;
- жаңа білімдерді алуға жігерлілігін тəрбиелеуді жетілдіру 
сияқты негізгі талаптары бар.
Жобалау əдісі оқушылардың өзбетінше əрекеттенуіне 
бағытталған. Іс-əрекет барысында мультимедиа-ресурстарын 
мақсатты түрде қолданылады.
Ақпараттық ресурс əдісі. Оқушылардың дидактикалық 
кітаппен, оқулықпен, анықтамалармен, ғылыми əдебиеттермен 
жұмысы негізгі əдіс болып табылады. Қазіргі кезде бұл ақпараттар 
көзі қатарына мультимедиа-ресурсын жатқызуға болады. Бұл əдістің 

114
ең негізгі жетістігі – оқу ақпаратын бірнеше рет өзіне қажетті 
уақытта өңдеуге мүмкіндігі. 
Оқу əдебиетімен жəне мультимедиа-ресурстармен жұмыс істеу 
əдісі мектепте тиімді қолданылуда. Бірақ ақпараттық төңкеріс 
жағдайында оқу əдебиетінің құндылығын қайта қарау қажет. 
Күннен күнге дамыған ақпараттық технологияның Интернет 
желісінде бұл мəселе өзекті болып отыр. Бұдан басқа, Интернет 
коммерциясы нарыққа төменгі сападағы баспа өнімдерін ысыруға 
көмектесуде. Бұл жағдайда мұғалім оқу материалдарын ақпараттық 
ресурстар арқылы беруде оқушыларға өзбетімен оқып үйренуге 
жəне білімді бекітуде қандай баспа өнімдеріне сүйене көрсететіндігі 
туралы мəселеге кездеседі. 
Тағы бір фактор Интернет желісінде жүзеге асырылған қазіргі 
гипермедиа-технологиялар əртүрлі серверлерде орналасқан өзара 
жіктелген мультимедиа-ақпараттарды біріктіруге, өлшемі шек-
телмеген бүтіндей ақпараттық мультимедиа-ресурс құра отырып, 
құрылымын өзгертуге мүмкіндік береді.
Осылайша, ақпараттық ресурс əдісін қолданатын мұғалім міндеті 
– қажетті ресурстарды таңдау жəне оларды оқушыларға бағдарлау.
 Ақпараттық ресурс əдісінің программаланған оқытудың стан-
дартты əдістерінен жəне əдебиетпен жұмыстан негізгі ерекшелігі 
төменгідей:
- қолданылатын мултимедиа-ресурстар Интернет желісінде 
түрлі серверлерде орналасады;
-  мультимедиа-ресурстарлың саны жəне олардың арасындағы 
байланыс практика тұрғысынан шектелмеген;
- мультимедиа-ресурстағы ақпаратты гипермəтін көмегімен 
білім алушыға жеткізу оқу материалын өтудің өзіндік траек-
ториясын табуға мүмкіндік береді, өз тілегі мен мүмкіндіктері 
бойынша білімін тереңдетуге жəне кеңейтуге жағдай жасайды.
-  Интернет желісінде қолданылытан гипермедиа-технологиялар 
қажеттілігіне қарай оқу материалына иллюстрацияны, анима-
цияны, бейнероликті, ақпаратты сөйлетуге жағдай жасайды.
Ақпараттық ресурс əдісін қолданудың негізгі мақсаты – 
əртүрлі оқушыға қажетті жəне оның танымдық қажеттілігін 
қанағаттандыратын ақпараттардың көмегімен оқушылардың 
бағдарлану жолындағы теориялық білімдерді бекіту мен кеңейту.
Ақпараттық ресурс əдісін пайдалануда оқушының іс-əрекетін 
мұғалім басқарады – бұл нақты білімдердің хабарламасы, білімді 

115
бекіту мен кеңейту мақсатындағы мультимедиа-ресурстарды іріктеу 
мен жүйелеу, сонымен қатар білім алушылардың білімін бақылауды 
жүргізу.  
Аталған əдісті қолдану тек қана оқушылардың теориялық 
білімдерін қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар əрі қарай аталған 
əдісті болашақ мұғалімдердің кəсіби іс-əрекетінде пайдалануының 
алғышарты болып табылады.
Мұғалім тарапынан мультимедиа-ресурстарды жинақтау мен 
құрылымдаумен байланысты, қолданылатын мультимедиа-ре-
сурстарды пайдалану сапасына қойылатын жоғары талаптың, 
ресурстардың біркелкілігіне (ұқсас интерфейс) қарай көп уақыт 
кетіретіндігі, соныман қатар оқушы тарапынан: қарау, оқу жəне т.б. 
ақпараттық ресурс əдісінің кемшілігіне жатады.
4.3 Мультимедиа жəне оқу ойыны
Мультимедиа технологиялар жəне дайындалған мультимедиа-
ресурстар оқытудың түрлі əдістерін жүзеге асыруда қолданылуы 
мүмкін. Мультимедианы қолдану бірқатар педагогикалық тиімді-
лікті беруі мүмкін əдістердің бірі – оқу үрдісінде қолданылатын 
түрлі ойындар.
Оқушыларға арнайы ақпаратты хабарлап қана қоймай со-
нымен қатар арнайы жиі кездесетін жағдайларда əрекет жасауға 
үйрететін, сонымен қатар пəнді тереңірек немесе өз бетімен оқып-
үйренуге қызығушылығын туғызатын мектеп пəндері де жоқ емес. 
Компьютерлік техниканы жəне түрлі ақпараттардың түрін пай-
далана отырып, ойынды қолдану жаңа материалды меңгертеді, 
оны бекітуді, тексеруді, материалды қабылдаудағы кемшіліктерді 
анықтауға мүмкіндік берді. 
Сабақтың жəне дидактикалық ойынның жалпы қажетті сапа-
сы – арнайы нəтижеге жеткізетін нақты қойылған дидактикалық 
мақсаттың болуы. Дидактикалық ойынның маңызды белгісін, 
оның құрылымын мультимедиа-технологияларды қолданумен 
ұйымдастыратын «Жарнама» ойыны мысалында қарастыруға бола-
ды. 
Ойында оқушыларға мұғалім ұсынған нақты тапсырманың 
шешілу алгоритмін дайындау жəне оны оған сəйкесінше алгоритм-

116
мен шешу жүктеледі. Тапсырмалардың төрт-бес немесе одан да көп 
шешілу тəсілі болуы маңызды.
Тапсырманы орындағаннан кейін, нəтижесінде шешімнің 
осы тəсілі неге таңдалғандығын, тəсілдің орындаушыға өте 
оңай орындалатындығын түсіндірумен оқушыларға оны қорғау 
ұсынылады.
Аталған дидактикалық ойынға жарыс элементінің енгізілуінің 
мақсаты қорғау үрдісін «жарнамаланған» деп атау ұсынылады. 
Аталған жағдайда оқушылар «жарнамамен» өзінің интеллек-
туалды еңбегінің нəтижесімен жұмыс жасайды. Оқушылардың 
«жарнамалық іс-əрекетінің» нəтижелері ойынға қатысушылардың, 
соның ішінде мұғалімнің жалпы талқылауы негізінде беріледі.
Аталған ойында қойылған тапсырманы дұрыс жəне «əдемі» 
жеткізе білген, сонымен қатар неліктен бұл шешу тəсілінің тиімді 
екенін дəлелдей алған жəне «жарнама компаниясын» жақсы жүргізе 
алған, бұған қоса мультимедиа-технологияларды ашық жəне нақты 
түсіндіре алған жеңімпаз адам болып табылады.
Бұл ойын түрі бұрыннан өтілген материалды бекітуге ғана емес, 
сонымен қатар оқушыларды нақты жағдайда өмірге дайындауды, 
сондай-ақ əрбір қадамды түсіндіре алуы мен қорғауын қамтамасыз 
етеді.
Оқушылар құрастырған мультимедиа-презентациялардың 
ерекшелігі қандай да бір сатушыға бағдарлану емес, аталған 
ұғымдарды оқып-үйренуде. Бір немесе бірнеше оқушылар үшін 
ұғымды таңдау мүмкіндігі бар, соңында «жарнама» сайысын 
ұйымдастыруға болады. 
Ұғымды таңдау қағаз лақтырумен немесе тілегі бойынша жүзеге 
асырылады. Бұдан басқа, жарнамаланған пəн алдын ала жариялан-
баса, оны жарнама уақытының өтуі бойынша анықтау қажет «жарна-
маны» жүргізу нұсқауы болуы мүмкін. 
«Жарнама» ойыны барысында оқушыларда жаңа білімді 
меңгеру, сонымен қатар оларды бекіту қатар жүреді. Сондықтан 
қарастырылған дидактикалық ойын жаңа материалды оқып-үйрену 
сабағында, сонымен қатар білімді бекіту сабағында өткізуге болады.
Мультимедиа-ресурстарды қолданумен өткізілетін дидактикалық 
ойын тұрақты құрылымға ие, оның:
- ойын 
мақсаты;
- ережесі;
- ойын 
əрекеті;

117

танымдық мазмұны немесе дидактикалық тапсырма;
- құрал-жабдықтар;

ойын нəтижесі сияқты негізгі компоненттері болады.
Ойын мақсаты ойын атауында бейнеленуі шарт. Ол оқу 
үдерісінде шешілуі қажет дидактикалық тапсырмада енгізілуі керек. 
Ойын мақсаты ойын барысын жоспарлайтын сұрақ түрінде болуы 
мүмкін. Ойынға танымдық сипат береді, ойын қатысушыларына 
білім тұрғысынан арнайы талаптарды қояды. 
Ойын ережесі əрекет ретін анықтайды жəне оқушылардың 
ойын барасында мінез-құлқын реттейді, сабақта жұмыс жағдайын 
құруға жағдай жасайды. Дидактикалық ойынның ережесі сабақтың 
мақсатын, қолданылатын мультимедиа-ресурстардың жəне 
оқушылардың жеке  мүмкіндіктерін ескере отырып дайындала-
ды. Бұл жағдай əрбір оқушының қанағаттану жəне табыс сезімінің 
көріну мүмкіндігі үшін, ойлау белсенділігі, өз бетінділігі көрінуі 
үшін жағдай жасалады.
Ойын əрекеті ойын ережесі арқылы реттеледі, оқушылардың 
танымдық белсенділігін арттыруға, оларға өз қабілеттілігін 
көрсетуге, бар білімін, біліктілігін жəне дағдысын қолдануға, соны-
мен қатар ойын мақсатына жету үшін қолданылатын компьютерлік 
құралдарды қолдануға мүмкіндік береді.
Танымдық мазмұн немесе ойын тапсырмасы дидактикалық 
ойынның негізі болып табылады. Танымдық мазмұн ойынға 
қатысушылардың қойылған ойынның, оқу мəселесін шешуде 
қолданылатын білім, біліктерді меңгеруінен анықталады.  
Ойынның құрал-жабдықтары сабақты жабдықтаумен барабар. 
Бұл оқулықта компьютерлерді жиі қолдануды ұсынатын мультиме-
диа-технологиялар ғана қарастырылғанымен, дидактикалық тарата-
тын материалдар туралы да ұмытпаған жөн.
Дидактикалық ойынның шегі болып табылатын, логикалық 
аяқталғандығын білдіретін өзіндік арнайы нəтижесі бар.
Ойын нəтижесін шығару ол аяқталғаннан кейін бірден 
жүргізіледі. Бұл ұпайларды санау; ойын тапсырмасын жақсы 
орындаған оқушыларды ерекшелеу; жеңімпаз команданы жəне т.б. 
анықтау болып табылады. Мультимедиа ресурстары мен технология-
ларын ойынға дайындық барысында жəне оны өткізуде қолданудың 
тиімділігіне қорытынды жүргізуге болады.  
Ойын нəтижесі, оқу тапсырмасының шешімі түрінде көрінеді. 
Мұғалім үшін ойын нəтижесі əрқашан оқушылардың білімді 

118
меңгерудегі немесе оны қолданудағы жетістік деңгейінің көрсеткіші 
болып табылады.
Дидактикалық ойынның барлық құрылымдық элементтері өзара 
байланысты жəне біреуінің болмауы ойынды бұзады. Ойынның 
мақсатынсыз жəне ойын əрекетінсіз, дидактикалық ойын мүмкін 
емес немесе өзінің ерекше формасын жоғалтады, нұсқауды немесе 
жаттығуды орындауға айналады. Сондықтан дидактикалық ойын 
қамтылатын сабаққа дайындалуда ойынның барысы туралы қысқаша 
сипаттама құрастыру қажет жəне оқушылардың білім деңгейін жəне 
жас ерекшеліктері деңгейін ескеру, пəнаралық байланысты жүзеге 
асыру қажет.
Ойынның барлық элементтерінің, мультимедиа-ресурста-
ры үйлесімділігі жəне олардың өзара əрекеті ойынның ұйымдас-
тырылуын, оның тиімділігін жəне күткен нəтижеге жету тиімділігін 
арттырады. 
Шындығында сабақта ойын мультимедиа-материалын қашан 
жəне қанша минут пайдалану қажеттілігінің нақты реті болма-
уы мүмкін. Мұнда бір ғана ойынды қойылған мақсатқа жету 
мақсатында пайдалану. Сабақта ойын саны ойластырылған бо-
луы керек. Олардың сабақтың бір кезеңіне арналуы жəне ойлас-
тырылуы: сабақтың басында ойын мектеп оқушысын қызықтыру, 
ұйымдастыруға көмектесуі; сабақтың ортасында ойын тақырыпты 
меңгеруге бағытталуы; сабақтың соңында ойын ізденуші сипатта 
болуы қажет. Бірақ сабақтың кез келген кезеңінде сабақ қызықты, 
қолжетімді, мультимедиа-ресурстарын қолданумен оқушылардың 
түрлі іс-əрекетін қамтитындай болуы шарт.
Сабақта ойынды ұйымдастыруда ол қандай қарқынды жүргізілуі 
тиістігін ойластыру керек. Ойын динамикалық болуы тиіс, сондықтан 
кеңістікті түсіндіру жəне тəртіптік сипатта ескертулердің болма-
уы қажет.  Ойын жаттығуларын өткізу əдістемесін жақсы меңгеру 
қажет, оның мақсатын нақты белгілеу, оқушыларды өзбетінділікке 
тəрбиелеу арқылы арнайы қарқынды сақтау керек. 
Мультимедиа-ресурстарды қолдану арқылы өткізілетін 
дидактикалық ойындар əртүрлі оқу тапсырмаларын шеше ала-
ды. Кейбір ойындар оқушылардың бақылау жəне өзіндік бақылау 
дағдысын қалыптастыруға жəне дамытуға көмектеседі. Əртүрлі 
қиындық дəрежесіндегі материалмен құрастырылған басқа ойындар 
əртүрлі білім деңгейіндегі оқушыларды оқытуға сараланған тəсілді 
жүзеге асыру мүмкіндігін береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет