ӘБУ РАЙХАН ӘЛ-БИРУНИ, Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмед әл- Бируни (4.10.973, Қият қ. Маңы (Қарақалпақстан, Бируни қ. – 11.12.1048, кейбір деректер бойынша, 1050 жылдан кейін, Ғазни қ. Ауғанстан) – орта- азиялық энциклопедист-ғалым. Негізгі еңбектері тарих, математика, астро- номия, география, топография, физика, медицина, геология, минералогия т. б. ғы-лым салаларын қамтиды. Ол өз заманына лайық білім алып, Әбу Абдаллаһ әл-Хорезми, Әбу Наср әл-Фараби, Ғаббас әл-Жауһари т. б. дәстүрлерін жалғастырды. Орта Азия мен Иран қалаларында болып, атақты
102
астроном, математик Әбу Наср Мансур ибн Ирактан дәріс алды. Ә. Р. әл- Б. – парсы, араб, грек, үнді (санскрит) тілдерін меңгерген оқымысты. 995–1010 ж-дары Иранда тұрды. Ол 1000 жылы орта ғасыр ғылымының энциклопедиясы аталған, өзінің әйгілі «әл-Асар әл-Бақийа ән әл-Құрұн әл- Халийа» («Бұрын-ғы ұрпақтар ескерткіші») деген еңбегін жазды. 1010 ж. Хорезм әкімі Мамун ибн Мұхаммед ұйымдастырған Үргеніштегі (қазіргі
«көне Үргеніш») ғыл. ортлықта Ә. Р. әл-Б-дің басшылығымен Әбу Әли ибн Сина, Әбу Саһл Массих, Әбу Хасан ибн Хаммар, ибн Мискавейх т. б. көрнекті ғалымдар ғыл.-зерт. жұмыстарын жүргізді. Ә. Р. әл-Б-дің «Асыл тастар» (1048) еңбегі бөлімнен құралған. 1-бөлімде (36-тарау) лағыл, меруерт, ақық, маржан, қараба, алмас, шыны, «Жылан тасы» т. б. баяндаған. 2-бөлімі (12 тарау) алтын, күміс, сынап, мыс, темір, қорғасын, қалайы.
Достарыңызбен бөлісу: |