Халық емшілерін айтқанда әлемге әйгілі Әбу Насыр Әл Фараби (870-950), Әбу Әли Ибн Сина (980-1037), Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1388-1483) сияқты ұлы дәрігерлерді айта аламыз. Бұл кісілер өз еңбектерінің арқасында ежелгі медицина ғылымының негізін қалады. Адамдардың аурумен өзіндік күресі халық емшілерінің пайда болуына себеп болған.
Қазақстың халық емшілігінің негізін қалаған- Өтебойдақ Тілеуқабылұлы. Өтебойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» атты еңбегі бар. Ол кітапта 858 дәрілік шөптен, 318 түрлі жануарлар ағзасынан және 60-тан астам металл- металоидтар қоспасынан жасалған 1108 дәрінің тізімі берілген. Сонымен бірге 1050 түрлі дәрінің аты, 4577 шипалық дәррінің рецепті жазылған.
Халық емшілері бүгінгі күні сынық салумен, үшкірушем, дұға оқумен және ұстаумен айналысады. Олар көбінесе ауруларды науқастың сыртқы белгілеріне қарап анықтайды. Халық емшілері жара, ойық жара, сынық, буын,қызылша ауруларын оңай анықтап емдеген. Оларды дәрілік шөптер арқылы емдеген
Айтылым
Айтылым
Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Халық емшілерінің пайда болуына не себеп болған?
Өтебойдақ Тілеуқабылұлының қандай еңбектері бар?
«Шипагерлік баян» атты еңбекте не жазылған?
Халық емшілері қалай емдейді?
Халық емшілері қандай ауруларға ем қолданған?
5-тапсырма.
5-тапсырма.
Сұхбатты оқыңыздар. Өз ойыңызды білдіріп, кеңес беріңіздер.
-Сәлем, Айдана! Мен тобығымды шығарып алдым.
-Сәлем, Жанар! Қалай, енді ауырып тұр ма? Жүр дәрігерге барайық.
-Қатты ауырып тұр. Бірақ, менің ойымша, сынықшыға барған дұрыс сияқты.
-Сен дұрыс айтасың, қалада атақты сынықшы кісі бар. Ол көптеген сынықтарды салып, талай адамдарды емдеген. Сол кісіге салдырып келейік. Жақсы, онда сенің көлігіңмен барайық. –