Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы: Раритет, 2007.
БАЛАСАҒҰН Жүсіп (1017 – ө.ж. белгісіз) – Қарақандар мемлекетін- де өмір сүрген ұлы түркі данасы, ақын, «Құтты білік» атты дидактикалық- этикалық поэманың авторы. Б-ның тарихи-мәдени рөлін мынадай түйін- дермен айқандауға болады: 1) Б. Ислам Ренессансының арнасында әл-Фарабидің даналық өрісін ары қарай дамытып, түркі тілінде алғашқы философиялық, мәдениеттанулық, саясаттанулық туындыны дүниеге әкелді; 2) Б. поэзиясы, бір жағынан, ежелгі түркі жазбаларының (Орхон- Енисей жазулары, «Қорқыт ата кітабі» т. б.) төл дәстүрін жалғастырса, екінші жағынан, тәжік-парсы (Рудаки, Фирдоуси) поэзиясынан нәр алған;
3) Б. шығыс перипатетикасы дәстүрінде ақыл мен білімді жоғары бағалап, оған қоса түркі халықтарының маңызды дүниетанымдық принципі – сопы- лықты көркем бейнелерімен суреттеп берді; 4) «Құтты білікті» өзінің кө- терілген мәселелерінің аумағы, исламдық және исламға дейінгі халықтық
122
салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды бейнелеу деңгейі бойынша ортаға- сырлық түркі мәдениетінің энциклопедиясы деп бағалауға толық негіз бар.
«Құтты білік» төрт әлеуметтік-мәдени бастау: әділдіктің (Күнтуды елік), бақыттың (уәзір Айтолды), ақылдың (Ұғдүлміш) және қанағаттың (диуана Одғұрмыш) сұхбаты түрінде құрылған. Бұл поэмасында Б. кісілікке жетудің жолдарын зерделеп, ренессанстық «мінсіз жетілген адам» идея- сын әсерлі бейнелейді, сол кездегі озық мемлекеттердің бірі – Қарақандар еліндегі саяси, әлеуметтік, тұлғалық өмірге ғұламалық талдау беріп, оның жетістіктері мен кемшіліктеріне сараптау жүргізеді. Б. – түркі халықтары- ның рухани аталарының біріне жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |