Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы



бет122/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энцикло- педия / Құраст. Т. Ғабитов, А. Құлсариева, Ә. Әлімжанова. Алматы: Раритет, 2007.


БАТЫРЛЫҚ – адамнан қоғамның тарихи дамуына, халық мүддесіне орай және көпке ортақ мақсат үшін белгілі бір құрбандықты талап ететін, қоғамдық мәнге ие ерекше іспен және мінез-құлықпен сипатталатын моральдық сапа. Б. әрекет – әр сәтте адамның жоғары моральдық қасиетімен
124

және оның физико-психологиялық қабілетімен тығыз байланысты, оның жеке басындағы ерекше ерлік қуатты, табандылықты, қайсарлық пен қажыр- лықты талап етеді. Мыс., Ж.П. Сартрдің түсінігінде Б – өзін-өзі Б. еткен адам. Б. мәселесінің көптеген – этик., психол., эстет., әлеум. және т. б. қыр- лары бар. Алайда, философия үшін бұл категорияны әлеум. тарихи үдеріс- тердің мәнін зерттеуге негізделетін әлеум.-этик. феномен тұрғысынан қарастырудың маңызы зор. Осыған байланысты Б. мәселесін қарастыруда Б-тың өлшемі, оның тарихи формалары, жеке тұлғаның тарихтағы рөлі туралы мәселелер туындайды.


Б. мәселесіне әлеум.-филос. тұрғыдан талдау жасауға қадам жасаған- дардың бірі итальяндық философ Вико болды, ол «Б.» ұғымын адамзат дамуы тарихының белгілі бір кезеңін атау үшін қолданды, мысалы, «құдай- лар дәуірінен» кейінгі болған және «адамдар дәуірінің» жалғасы бола- тын «батырлар дәуірін» немесе Б-лық дәуірді атап көрсетеді. Вико Б-ты антикалық қоғамдағы азаматтық өмір сүру жағдайымен байланыстырды да бұдан былайғы «парасатты» адамзат тарихында Б. қажет болмайды дейтін тұжырымға келеді. Бұл концепция әрі қарай Гегельдің ілімінде өз жалғасын табады, оның түсінігіндегі Б. адамның жеке мүддесінің немесе жеке іс- әрекеттің жалпы халықтық мүддемен сәйкес келуімен, жалпыға бірдей сипатқа ие болуымен ерекшеленді. Гегельдің пікірінше, антикалық батыр әрекет пен моральды, сезім мен борышты бір-біріне қарама-қарсы қоймаған. Гегель «батырлық дәуірді» мемлекеттердің және жалпы мемлекеттіліктің қалыптасу кезеңіне жатқызды. «Мемлекетте батырларға енді орын жоқ: соңғысы тек өркениетке дейінгі кезеңде ғана кездеседі. Олардың мақсаты
құқықтық, қажеттік және мемлекеттік әрі олар оны өзінің жеке ісі ретінде жүзеге асырады» (Шығ., 7 том. – М.-Л., – 1934, – 112 б.) – деп жазады Гегель. Ағартушылық дәуірінде, әсіресе, XVIII ғасырдың соңы, француздар-
дың буржуазиялық революциясы кезінде мемлекет қызметкерлері, әсіресе, республикалық Рим және сонан соң Рим империясы қызметкерлері батыр- лар болып саналды. Республиканы қорғаушылар, ішкі тәртіпті сақтаушылар аса құрметке ие болып мадақталды, кейде олар абсолюттендірілді.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропалық романтизм өкілдері ағартушылардың Б. туралы іліміндегі патриоттық идеяны әрі қарай дамыта отырып, батырдың – орда бұзар – типін (Байрон, Мицкевич, Мадзини және т. б.) жасауға тырысты. Ағартушыларға қарсы сыншыл романтизм ағымы діни философияға негізделе отырып, Б-тың индивидуалистік концепциясын ұсынды. Ағылшын философы Карлейль өзінің «Батырлар және тарихтағы батырлық» (1841, 1891 жылы орыс тіліне аударылған) деген еңбегінде Б.- ты құдайдан болатын ерік-бостандықтың көрінісі болып табылатын жеке тұлғаның ұлы іс-әрекеті ретінде қарастырады. Тарихтың діни тұрғыдағы белсенді бастамасы туралы қағиданы ескере отырып, Карлейль «батырлар


125

культі» концепциясын жасады. Ол жоғарыдан төмен қарайғы тарихта бірінің орнын екінші басқан батырлар иерархиясын жасады: ежелгі дүние құдайлары, пайғамбарлар, ақындар және буржуазиялық дәуір батырлары –


«жаңа ғасыр ақылмандары» ретінде жасалынды. Бұл идея әрі қарай Ницше философиясында өз жалғасын тапты, ол үшін батыр идеалы – ол «асқақ адам», «ізгілік пен зұлымдықтан жоғары тұратын» және қоғамдық норма- лар мен ұстанымдарға бағынатын адам.
Қазақ қоғамында Б. белгілі бір топтың өкілі ретіндегі адамға тән қаһар- мандық қасиеттердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Б. – адамның әлеуметтік мұратына, қызметіне сай болатын өзіне ғана тән ұстанымымен, өмір салтымен, психологиялық жүйесімен, наным-сенімімен, дәстүрімен ерекшеленетін феномен. Қазақ даласындағы Б. түсінік жеке тұлға мүддесі- нің халық, туған ел, туған жер, отан, әлеумет мүддесімен байланысты көрініс табатын кешенді құбылыс болған. Б. сана, ең алдымен, ар-намыс, борыш, азаматтық, аманат, парыз және т. б. ұстанымдарға құрылатын, іске асырылатын әлеуметтік қызмет формасы. Б. мінез қазақ санасында әр кезде әлеумет мүддесіне негізделетін, қоғамдық сипат алатын мінез түрі. Көшпелілер дүниетанымында батыр адамның өмір салты, тіршілік дәстүрі халықтың өмір жағдайымен, дәуірлік уақыт пен кеңістікке тікелей байла- нысты қарастырылады. Б-тың тағы бір ерекше белгісі өлімге деген көзқа- расының басқалардан өзгеше болуы. Сондықтан қазақта «Ер – өзі үшін туады, елі үшін өледі» деген ерекше түсінік болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет