БАХТИНМ.М. (1895–1975) – көрнекті әдебиеттанушы, философиялық антропологияның белгілі өкілі, эстетик. Оның есімі философия мен мәдениет тарихы салаларында елеулі жаңалықтарымен танымал. Ол Ф.Достоевский романдарындағы диалогтық құрылымдарды зерделеген, «басқа» сөзінің
126
түрлерін ажыратып берген, «күлкі-әзіл мәдениеті» категориясын жан-жақты талқылаған, ортағасырлық және Қайта Өрлеу мәдениеттеріндегі «ресми» (шіркеулік) және «халықтық» (карнавалдық) типтерді айшықтаған. «Франсуа Рабле шығармашылығы және ортағасырлар мен Ренессанстың халықтық мәдениеті» (1965) атты еңбегінде Б. карнавалды халық мейрамы ретінде көрсетіп, оның жаңғыртушы бастауларына үлкен назар аударады. Бұл
«дұрыстықтардың», «өмір бейнелерінің», «адам тағдырларының» алмаса- тын уақыты – тазалаушы күлкі уақыты. Осы сипатта Б. өндіруші «төмендік- тердің» бейнесі болып табылатын, күлкі тудыратын «көңілді материя» кате- гориясын арнаулы негіздеді. Бұл тым өзін жоғары бағалайтын дандайсыған адамдарды тәубеге келтіруге бағытталған. Халық өмірінің бір бастауы – күлкі адамды жоғары көтереді, оның рухының толық ашылуына мүмкіндік туғызады. Достоевский поэтикасында Б-ді адам тағдырының шұғыл бұрылыстары қызықтырады. Күлкі-әзіл мәдениеті авторды шынайы өмір трагедияларын терең түсінуге мүмкіндік береді («Достоевский поэтика- сының мәселелері»). Б. көркем сөздің жалпы мәселелерімен де айналысты («Сөз өнерінің эстетикасы»). Бұл зерттеу асқақтық еріктен гөрі, үйлесімді әрі салқынқанды стилімен дараланады. Зерттеуші бұл ізденісінде тек сөзді емес, сонымен бірге адамды, авторды, оның өмірлік тағдыры мен бетбұрыстарын көпырғақты мәдени қалыптарда зерделейді. Адамтану мәселелеріне байланысты Б. қылық категориясына арнайы назар аударады және осы арқылы адамның рухани өсу сатыларын айқындайды («Қылық философиясына») Б. еңбектері адамдық мәдениетті зерделеуде өзінің жан- жақтылығымен және тереңдігімен көзге түседі. ХХ ғ. мәдениеттануында Б-ның еңбектері ерекше орын алады.