БЕЛСЕНДІЛІК – өзінің негізгі белгілерінің (мақсаттылығы, мотив- тері, саналығы, әрекет әдіс-тәсілдеріне ие болуы, эмоционалдығы) айшық- талуымен, сонымен бірге, адамның бастамашылдығы және жағдаяттылық сияқты қасиеттермен ерекшеленетін, адам әрекетінің ерекше түрі немесе ерекше әрекет. Б. адамның тіршілік қозғалысының қарқынын білдіретін ұғым. Б. салыстырмалы түрде анықталады. Б.-тің қозғаушы күші – қажет- тілік пен құштарлық. Тіршіліктің негізі – қозғалыс пен әрекет болса, оның қарқынды немесе баяу жүруі қажеттілік пен құштарлық ауқымына бай- ланысты. Б. қарапайым, биологиялық, әлеуметтік, психикалық болып жік- теледі. Б. ұғымы әртүрлі ғылым саласында дербес ұғым, сондай-ақ, әртүрлі тіркестерде қосалқы ұғым ретінде кеңінен қолданылады. Тіпті белсенді- лікпен кейбір қосарлана айтылатын сөз тіркестері өз алдына ұғым ретінде қалыптасуда. Мыс.: белсенді адам, белсенді өмірлік позиция, белсенді оқыту, жүйенің белсенді элементі сияқты сөз тіркестері. Б. ұғымының кең мағынаға ие болғандығы соншалық, көп жағдайда оны қолдану белгілі бір анықтылықты, нақтылауды талап етеді.
БЕЙСАНАЛЫҚ – адам санасында зерделі сипатта анықталмайтын психикалық, тылсым процестердің жиынтығы, мәдениеттануда – сана құбы- лыстарынан сапалы өзгешеліктері бар қоғамдық сананың санаға дейінгі
129
және төменгі саналық құрылымдары. Б. мәселесін мәдениетте қарастыру шығарм. табиғатын зерттеуден басталады. Платон шығарм. процесті эростың көрінісі ретіндегі санаға дейінгі құбылыстармен байланыстырылды. Орта ғасырларда Б. адам мен құдайдың тылсымдық бірлігі арқылы түсіндіріледі. Ары қарай Б. шығарм. қиял және интуицияға қатысты зерттелді. Кант қиялдаудың жасампаз қабілетін саналық пен Б-тың бірлігі деп түсіндірді. Данышпандар, – дейді Кант, – Б-лық қалыпта ерекше бір шабытпен жасам- паздыққа барады. Олардың әрекеті табиғатпен ұқсас, айырмашылығы тек табиғаттың объективтілігінен гөрі адамдық Б-тың субъективті түрде және еркін болуында. Шеллинг шығарм. процесін толық иррационалды тұрғы- дан түсіндіріп, Б-ты логика мен өмір практикасынан тыс интуициялық акт ретінде қарастырды. Иен романтиктері Б-ты табынатын культке дейін көтерді. Шопенгауер оны барлық әлемдік процестердің негізіндегі әлемдік ырық ретінде қарастырды. Б-ты жаңа зерттеу деңгейі З. Фрейд және оның шәкірттерінен басталды. Фрейд Б-ты санадан тәуелсіз адам жанының құрамдас бөлігі, тұлға құрылымының маңызды элементі – «Ол» ретінде қарас- тырады. «Ол-ң» негізін сексуалды-биологиялық қуат құрастырады. Б. ұстаным түрінде әрекет ететін және тұлғаның ішкі дүниесінің бөлігіне айналдырылған мәдениетті Фрейд «Әсіре-мен» деп атады. Интериориза- цияланған мәдениет және сексуалды Б. инстинктердің арасында, Фрейд бойынша, қақтығыстар туып отырады. Егер мәдениет адамға шамасынан тыс талап қойса, онда адамда невроздар пайда болады. Мәдениет тек бір тұлғаның ғана жетістігі болмағандықтан, үлкен тобырлық немесе ұжымдық невроздар тууы мүмкін. Осы сипатта Фрейд көптеген мәдениеттер, тіпті, мәдени дәуірлер невротикалық болмады ма деген сұрақ қойды. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында мәдениеттегі Б-тың табиғатын әлеум. факторлармен түсіндіретін ілімдер қалыптасты. Леви-Брюль ежелгі халықтардың логика- лық ойлауға дейінгі формалары туралы баяндады. К.Г. Юнг Б-ты мәдениет бастаулары – архетиптер арқылы түсіндірді. Ұжымдық, Б.Юнг бойынша, адамзат тарихының терең қойнауларынан бастау алады; миф, эпос, діни нанымдарда сақталып, түс көруде жаңғыртылады. К. Хорни Б-ты адамның болмыстық негізіндегі өз тұрақтылығын сақтауға бағытталған ұмтылыстар- ға әкеп тірейді. Леви-Строс Б-ты адам әлеміне тән рәміздер және таңбалар арқылы түсіндіреді. Б., әсіресе, тілдік құрылымдарда терең қалыптасқан.