Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы



бет121/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 5. Орта ғасырдағы түркі ойшылдары. – Астана: Аударма, 2005.


БАТА, бата беру – қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі әдеп талаптарына сай адамға ізгі тілек білдіру. Қазақы тіршілікте адамның көңіл-күйі, кісілік қасиеттері, құт-берекелі өмірі жоғары бағаланған. «Жақсы ниет – жарым ырыс» деген халық. Ниеттің ақтығы, тұлғалық қасиеттерді сыйлау, оның болашағына үлкен үміт арту күнделікті өмірдің күйкілігінен туындайтын қиындықтар мен сұрықсыздықтан арылуға көмегін берген. Әдетте, адам мен қауымның фәниден бақиға дейінгі өмірінің түйінді сәттерінің бәрінде (дастархан басында, той-думандарда, қиын сапар, алыс жолға аттанғанда, тұсау кескенде, құрбандық шалғанда т. б.) қадірлі адам қол жайып, Б. береді. Оны беретіндерге, әдетте, жасы үлкендер, сыйлы қонақтар, ел ақсақалдары, елеулі тұлғалар т. б. жатады. Б.– дуалы тілек, сондықтан қысылғанда – қуат, қиналғанда – медет беріп, дұрыс жол ашады және бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Б. аруақтарға да бағыштап айтылады. Оның өзіндік қисыны, орны бар. Кез келген тілек Б-ға жатпайды. «Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді» деген халық.
Екі мың жылдық тарихы мен дәстүрі бар Б-ның мақсаты – адам мен ға- лам жаратылысының тылсымы мен тазалығын іздеу, Жаратқан Иеге ниетін түземек адам дұғасын оқыды, пайғамбарға салауат айтып, тілегін тіледі. Б-да күнделікті өмірдің пайдалы жағын салыстыру сипатымен қатар анимистік – магиялық наным-сенімдердің элементі кездеседі. Белгілі бір істі бастарда, жауға, жолға, аңға шығарда ақ тілеу, әзіз ақсақалдан Б. алу салтында осы екеуінің де ізі бар. Ислам дініне енген кезден бергі қазақ дәстүрінде Б. салты өлгенге Құран оқу, аят оқу сияқты діни наным-сенімдермен ұштастырылған, оны өлген адам мен «Құдай алдындағы парыз» деп есептеген. Ағайын- туғандар әдетте өлген адамның жылына дейін, кейде одан кейін марқұмның үйіне дүние, мал, ақша апарып, оның жақындарына көңіл айтады, өлікке бағыштап дұға оқытады. Б. беру – түркі тілдес халықтардың киелі қасиеті. Б-дан халықтың адал жаны, биік рухы, ашық тілегі, киелі сөзі көрініс табады.


123

Осы қасиеттер рәсім-салт арқылы адамның жан-тәніне, мінез-құлқына сіңеді, күш-қуатқа демеу береді, жақсы іс-әрекеттің нышанын құрайды. Біз- дің халқымыз үшін, ақ бата – адам мен қауымның қуанышына орай адал ниет, жақсы тілек білдіру, тіл, көз сұғынан сақта деген тілеу, бастамақ істің тұсаукесері және қасиетті тұмары, Құдай алдында берілген серт, айтылған уағда, сұрап алған үкім. Б-ның құндылығы – танымның тұнықтығы, ойлану шоқтығы, бағалау өрнегі, түсінік тереңдігі, сана-сезім серпілісі, сол ны- саналы уәждің нәтижесі мен өлшемінде. Қазақ Б-ны көкіректе тазалықты баптау деп ұққан. Сондықтан одан асқан тілектестік ниет болмаған. Б. адамның ісіне, іскерлігіне, ізетіне, кісілігіне берген түйінді тілек.


Б. дәстүрін сақтаған халықтың діттегені: ел-жұртының бір-біріне деген мейірімін жеткізу, сүйіспеншілігін айту; ұзақ сапар алдында ақ жол тілейтін жақындықтың рәсім салтын ілтипатпен сақтау; ақсақалдар мен кемеңгерлердің дуалы аузынан шыққан өсиет арқылы береке-бірлікке шақыру; ағайын-туғандықтың айғағы ретінде жақсы іске бас болу, үлкен- кішінің жолын ашу; мұсылмандықтың дәстүрін сақтай отырып бірлесе топтасып, аруақтарға ниетін арнау және бағыштау.
Б-ны кез-келген адам бермеген. Бұл құрметті рәсім топ ішінде көңіл тоқтатқан, көпті көрген, көпті тоқыған, сақа адамның үлесіне тиген, яғни жұрттың ойынан шығатын таңдаулы тұлғаларға, көреген кісілерге, қалаулы рухани ұстаздарға сенім білдіріп, олардың аузынан есітуге ықылас таныт- қан. Оқығаны да, тоқығаны да мол зиялы жандардың ойы көсем, сөзі шешен болған. Олар а) халықтың бітімгер дәстүрін өздерінше жалғастырды, ә) адам болу, ұлтжанды болу, ел-жұртты ұлағаттау, отанын сүю мәселелерін әрдайым тілге тиек етіп, жарастыққа жаңа тыныс ендірді. Елде Төле бидің, Қыбырай бидің, Абыздың, Абайдың, Сүйінбайдың, Жамбылдың, Әсеттің, Бауыржан Момышұлы сияқты ұлағаттылардың Б-сы деп, жатқа және жиі айтылатын тың тілектер молшылық.
Б. беру кейде өлеңмен, кейде тақпақ, көркем қара сөзбен айтылып, ауыз әдебиетінің бір жанры боп қалыптасқан. Осы күнгі Б. от басына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді. Елін ертеңіне еліктіретін, ерін естілікке баулыйтын халқымыздың осы даналығының тәлім-тәрбиелік маңызы қашанда бәсеңсімейтіні хақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет