Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет321/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   571
Байланысты:
treatise187525

ИНТЕРНАЛИЗМ ЖӘНЕ ЭКСТЕРНАЛИЗМ ғылымның генезисіне, қалыптасуы мен дамуының тарихына деген екі қарама-қарсы бағыттағы көзқарастар. Интерналистік бағыт бойынша, ғылым дамуының көзі оның өз ішінде, оның ішкі мүмкіндіктеріне, потенциясында. Яғни ғылым дамуының өз ішкі логикасы бар және ол ойлау тәсілінің өзгеруіне байланысты. Мұндай бағыттағы көзқарасты А. Койре, Дж. Агасси, Р. Холл сияқты авторлардың еңбектерінен кездестіруге болады. Э-стік бағыт ғылыми білімнің дамуын әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы өзгерістермен байланыстырады, яғни сыртқы себептерге жүгінеді (Б.М. Гессен, Дж. Бернал, Р. Мертон және т. б.). Қазіргі философиялық-әдіснамалық әдебиетте бұл екі бағыттағы көз- қарастардың қарама-қарсылығын жеңуге, сөйтіп синтезді бағыт ұстануға деген талпыныстар бар. Мысалы, Т. Кунның парадигмалық тұғырнамасы (концепциясы) осындай бағдар ұстайды, оның түсіндіруінше, қандай да болмасын ғылым дамуының бас кезінде оған қоғам тарапынан әлдебір әлеуметтік мұқтаждық түрткі болады, ал оның толықсыған шағында дамуы көбіне интерналистік тұрғыда, яғни ішкі себептердің әсерімен анықталады.


ИНТЕРПРЕТАЦИЯ (лат. Interpretation – түсіндірме беру, түсіну) – тео- рияның элементтеріне (символдарға, формулаларға, өрнектерге және т. б.) мән-мағына беру, сөйтіп оны тұтас түсіну және түсіндірмелеу. Мысалы, кванттық механикаға немесе А. Эйнштейннің қатынастылық теорияларына И. жасаудың ғалымдар мен философтар арасында талай пікірталас тудыр- ғаны белгілі.
И. философиялық (гносеологиялық, әдіснамалық) негізсіз мүмкін емес. Деңгейі бойынша И. эмпириялық және теориялық болып екіге бөлінеді. И. ақиқат болуы үшін оған белгілі бір талаптар қойылады: ол өз предметіне адекватты, логикалық дәйекті, әрі толық болуы тиіс. Теория төңірегінде әртүрлі И-лар туындап, олардың арасында бәсекелік қарым-қатынастар орнығып, белгілі бір интеллектуалдық ахуал пайда болады. Бұл теорияның нақтылануына, әрі қарай дамуының перспективасын анықтауға мүмкіндік берері және оны практикада дұрыс қолдануға жол ашады. Герменевтикада И. мәтінді түсіндірмелеу, оның мән-мағынасын (мазмұнын) түсіну дегенді білдіреді. Мысалы, көркем әдебиет туындыларына немесе киелі кітаптарға (Інжілге, Құранға және т. б.) И. берудің оңай еместігі, дау-дамай туғызатыны, әртүрлі жолдары бар екендігі белгілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет