Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы: Раритет, 2007



бет323/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы: Раритет, 2007.


ИНТУИЦИЯ (орта ғасыр. лат. іntuіtіo, лат. іntucor қадағалап қарау, үңілу) – алдын ала әр түрлі дәлелдеу арқылы талдауларға сүйенбестен ақиқатқа тікелей жету. И. тікелей интеллектуалдық білім түрі (интел- лектуалдық интуиция) ретінде қабылданды. Декарт өз ілімінде интуитивті түрде табылатын, дәлелдеуді керек қылмайтын айқын, ақиқат танымды И. мағынасында қарастырды. И. мен дедукцияны ақиқатты ашудың басты құралы деп біледі. Спинозаның пікірінше, танымның үш түрі болады: ең төменгісі сезім мүшелерінің көмегімен жүзеге асады; одан кейінгісі ақылға сүйенеді, бірақ әр түрлі дәлелдеуді керек етеді; ең жоғарғысы да ақылға сүйенеді, бірақ дәлелдеуді керек қылмайды, заттың мәнін бірден ашып береді. Бұл – И. болып табылады. Интеллектуалдық И. танымының ең жоғарғы түрі деп танылады. Фейербах И-ны танымның сезім арқылы әсерлену түрі деп таниды. И-ны организмнің ешқандай алдын-ала түсіндірілмей келетін инстинктік қалыбы ретінде (Бергсон), шығарм.-тың санасыз келетін алғашқы шарты (Фрейд) деп те тану ғылымда орын алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет