Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. КАМЮ Альберт (1913–1960) – француз жазушысы, философ. Экзис- К тенцианализм бағытының өкілі ретінде К. нигилистік көзқарастағы «абсурд, мағынасыздық философиясынан» моралистік гуманизмге дейін көтерілді.
К-дің танымында ең қайғылы қасірет ХХ ғ-дағы «құдайдың өлімі», яғни адамзат баласының парықсыз өмір сүруі, сондықтан өмір сүрудің өзі мән- мағынасын жоғалтты дегенмен астасады. Мұндай мағынасыз ғасырда кездейсоқтық қана үстемдік етеді. К-дің көзқарасы бойынша адам санасы мен дүние-әлемдегі қайшылық қақтығысынан мағынасыздық туады. Адамзат қоғамындағы мағынасыздық – К. тұжырымдамасының негізгі ұстанымы. Бұл идея бойынша бүкіл дүние мағынасыздықтан тұрады. Сондықтан адам баласы да мағынасыз тіршілік етуге, мақсатсыз өмір сүруге мәжбүр деп ұйғарады. К. сол мағынасыздықтан құтылудың екі жолы бар деп тұжырым, қорытынды жасайды. Біреуі – өзін-өзі өлтіру, екіншісі – бүлікшілік. К. бүлікшілікті абстракті адамның санасыздық пен мағынасыздыққа қарсы наразылық білдіруі деп түсінеді. Алайда, бұл бүлікшілік төңкерісшілдік мағынасында емес, керісінше жер бетіндегі мағынасыздық «хаосқа» қара- май, оған қарсы рухыңды берік ұстап, өмір сүру дейді. К-дің филос. және көркем шығарм-ын – Батыс Еуропадағы рухани атмосферадағы тоқыраудың көрінісі деп тануға болады. К-дің «Бөтен» (1942) повесі, «Сизиф туралы миф» (1942) философ. эссесі, «Оба» (1947) роман – мысал әңгімелері,
«Құлдырау» (1956), «Патшалық және қуғындалу» (1957) әңгімелер жинағы, т. б. еңбектері жарық көрген.