323
КОНТЕКСТ, кеңмәтін (лат. contextus – қосылу, келісім, байланыс)
– мәдениеттануда адамның шығармашылық қызметінің нәтижесінің маңы- зын айқындайтын, мәдени және әлеум.-тарихи жағдайды жалпы түсіндіру үшін қолданылатын термин, белгілі бір үдерістің аясында мәселені қарастыру.
КОНТРОПОЗИЦИЯ ЗАҢЫ – логикада мақұлданған оң пайымдау- дың оны терістеуші пайымдауға өтуін және керісінше, теріс пайымдаудан оң пайымдауға өту заңдылығын айтады. Осы екі қарама-қарсы тұжырым- дардың өзара астасуы мен өзгерістерге ұшырау заңдылығы ол зерделеу жатқызылады.
КОНФИГУРАЦИЯ (лат. confіguatіo – біріктіру) – басым бағытты мәдени модельге немесе негізгі тақырыпқа әртүрлі мәдени ерекшеліктерді біріктіру. Зерттеу барысында сол мәдениетте тұрақты көрініс тапқан ерек- шеліктерді тану (субмәдениетте, мәдени даралық жағдай нәтижесінде).
КОНФОРМИЗМ (көнелат. conformіs – тәрізді, ұқсас, сәйкес) – ықпалы күшті, үлгілі, стереотипке сынмен қарамай еріп кету, бейімделгіш, пассивті әлеуметтік іс-әрекет түрі. Мәдени К. – Р. Мертонның айқындауынша, тұлға- ның мәдени мақсатты, оған жету жолын сын көзбен сараламай қабылдауы.
Достарыңызбен бөлісу: |