КІШІБЕКОВ Досмұхамед – профессор, философия ғылымдардың докторы, ҚР ҰҒА академигі, 1925 жылы желтоқсанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі станциясында туған. Шиелі қазақ орта мектебінен кейін 1942 ж. желтоқсаннан 1946 ж. қаңтарына дейін Кеңес армиясы қата- рында азаматтық борышын атқарды. 1949 ж. қазан айынан 1953 ж. науры- зына дейін Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының «Философия» мамандығы бойынша КСРО Ғылым академиясына жолдамамен жібе- рілген, аспирант. 1953 ж. наурызында КСРО Ғылым Академиясында канди- даттық диссертация қорғады (Мәскеу қ.). 1965 жылдың қарашасында
«Капиталистікке дейінгі өндірістік қатынастарды социалистік қатынаста- рымен алмастыру заңдылықтары туралы» тақырыбында докторлық диссер- тация қорғады (Мәскеу қ.). 1967 ж. оған профессор ғылыми атағы берілді. 1972 жылы наурызында Қазақ КСР Ғылым Академиясында «Философия» мамандығы бойынша корреспондент-мүшесі болып сайланады. 2003 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясына академик болып сайланады. 1996 жылдан осы күнге дейін Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде қоғамдық ғылымдар кафедрасының профессоры. Ол 680 басылымдар авторы, оның 55-і кітап- тар, кітапшалар, оқулықтар. Оның басшылығымен 18 адам кандидаттық, 5 адам докторлық диссертация қорғады. Д. К. ең алғаш қазақ тілінде жарық көрген «Философия» оқулығының жетекшісі, әрі авторларының бірі (1991 ж.). Оның Ұ. Сыдықовпен бірігіп жазған қазақ тіліндегі «Философия» оқулығы 2008 жылы 9-ші рет өңделіп жарық көрді. Ол «Ұлы Отан соғысында (1941– 1945 жж.) Германияны жеңгені үшін» медалімен (1945 ж.), «Халықтар достығы» орденімен (1985 ж.), Академик С.И. Вавилов атындағы бүкіл- одақтық «Білім» қоғамының медалімен, ҚР Білім министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» (1995 ж.) медалімен марапатталған.
Д.Кішібековтің ғылыми еңбектері: «Өтпелі қоғамдық қатынастар» (1972), «Қазақстан өтпелі кезең. Қиындықтар мен мәселелер» (1976ж.), «Көшпелі қоғам. Генезис, Даму, Құлдырау» (1984), «Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең» (1999), «Тарих философиясы және бүгінгі заман» (2002), «Сөз және жазу: дыбыс таңба жүйесінің трансформациясы» (2004), «Ұлттық идея және идеология» (2006), «Қазақтар менталдығының бастауы» (2006), «Мәдениет және өркениет» (2009), «Тәуелсіздік философиясы» (2011), «Өмір мәні» (2012), «Ғылым тарихы мен философиясы» (Т.Кішібековпен бірлесе).
КІШІПЕЙІЛДІЛІК – адамның моральдық тұрғыдан жетілген, кемел- денген образын көрсететін, оң рухани мәдениет деңгейін бейнелейтін этикалық категория. «К. – кісінің көркі», «К-тен кемімессің» – дейтін қазақ мақал-мәтелдері К. сияқты моральдық сапа адамның адамгершілік мінезін құрайтын басты атрибут ретінде қарастырады. К. қазақтың этноморальдық жүйесіндегі, адам мен адам қарым-қатынасындағы базистік қағида. К. адамзатына тән қарым-қатынас мықтылығын, адам мінезіне қатысты моральдық құндылықтардың тұрақтылығын және ақыл иегерінің ішкі рухани реттеуші күштерінің салмақтылығын көрсететін ұғым. Қазақтың
«Ұлық болсаң кішік бол», «Сол дәулеттің тұсында, аспадым да, саспадым» (Есет би) – дегендер к-тің моральдық сапа болатындығын дәлелдей түседі. Хадис бойынша, К. көрсетілген құрмет болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |