Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 1. – Астана: Аударма, 2005.
КУЛЬТ, Ғибадат (лат. cultus – күтім, құрметтеу) – ерекше тылсым күшке сену бағытында жасалатын қимыл, әдет-ғұрып, салт-жоралар жиынтығы. К – орталығы түрлі ғибадат етер заттары бар храм, табынатын үйлер. Көп жағдайда көркем шығарм.-тың классикалық үлгісі де К-тік қызмет атқарады. К-тің негізі түрлері – магия (қоршаған ортаға бір тылсым күштің әсер етуі, арбау); тілек тілеп жалбарыну, шарапат күту (құдайға, рухқа, Аллаға, Аруаққа жалбарыну); қасиеттілер К-ті.